4 жыл бұрын айырылысқан атышулы «Қалаулымдық» жұп отбасын құрды (Видео)

0

Атышулы «Қалаулым» шоуының алғашқы маусымында табысып, кейіннен айырылысып кеткен жұп – Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова отбасын құрды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Шынар әзірге «Бір болайық» эфирінде ұзатылып шықты. Ал нағыз ұзату той жақын күндері Семей қаласында болмақ.

«Аллаға шүкір, осы күн де келді. Бүгін «Бисмиллях» деп отбасылы өмірге алғашқы қадамымызды басып жатырмыз.

Төрт жылдан бері жазамын деп жүрген тілектеріңізді қазір жазсаңыздар болады», – деп қуанышымен бөлісті Шынар Instagram-да.

Айта кетейік, жақында қайта табысқан жұп шілде айында пәтер алып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Үйленгеннен кейін, екі жас жаңа пәтерде тұрмақ.

https://www.youtube.com/watch?v=9YCjoIi8pYA