Путиннің оққағары суға кетті

0

2006-2015 жылдары Ресей Президенті Владимир Путиннің күзет қызметінде жұмыс істеп, кейіннен Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған   Евгений Зиничев қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды.

Ресми мәліметте Путиннің бұрынғы оққағарының Арктикалық аймақты төтенше жағдайлардан қорғау үшін өткізіліп жатқан ведомствоаралық оқу-жаттығулар кезінде адам құтқарамын деп опат болғандығы айтылады.

Зиничев оператормен бірге жолдың шетінде тұрған. Сол сәтте оператор тайып, суға құлап кетті. Ал министр көп ойланбастан құлаған адамның артынан суға секірген. Олардың екеуі де аурухана жетпей тікұшақтың ішінде көз жұмған.

9 жыл бойы Путинді күзетіп, кейіннен елдің бас құтқарушысы атанған

Евгений Зиничев 1987-2015 жылдары КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында, Президенттің күзет қызметінде жұмыс істеген. 2006-2015 жылы Президенттің жеке күзет қызметінде еңбек еткен екен. Одан кейін  Федеральдық қауіпсіздік қызметінің Калининград облысы  басқармасында,

Терроризммен күрес қызметі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылғы 18 мамырда Ресей Президентінің жарлығы бойынша,   Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрі болып тағайындалған.  Ал 2020 жылдың 21 желтоқсанында оған армия генералы атағына ие болған еді.