Домой Саясат Есімов қазынадан қалай қаражат ұрлады? (видео)

Есімов қазынадан қалай қаражат ұрлады? (видео)

0
96
фото behance.net сайтынан алынды

Қазіргі уақытта Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев ұсталғандықтан, Елбасының туыстарын қудалау процесі басталды.Қазақстанның күштік ведомстволарының орталық аппараттары Самұрық-Қазына қоры басшылығының қылмыстарын тергеуге жібергені белгілі. Билік  алғаш рет ашық мойындады: ҰӘҚ ақша ұрлады. Тоқаев сыбайлас жемқорлар Ахметжан Есімов пен оның экс-күйеу баласы Ғалымжан Есеновтан миллиардтаған ұрланған доллар, еуро, теңге мен рубльді тартып алуды талап етті. 

«Самұрық-Қазына» қоры Нұрсұлтан Назарбаевтың Сингапурға сапарының нәтижесінде пайда болды. Онда ол монополияларды бір құрылымға біріктіру идеясын қарастырды. Осы схеманың арқасында монополиялардың барлық үлкен кірістері оның қол астында шоғырланды. Сондықтан Самұрық-Қазынаны алдымен Назарбаевтың күйеу баласы, содан кейін жиені басқарды.

Біраз жылдан бері бизнесмендер қор, ұлттық компаниялар тендерлерінің көлеңке тұсы көп екеніне назар аудартып келді. Шағымдар нақты, ал дәйектемелер жалпылама. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын сатып алулар қағаз форматта өткен. Салдарынан, қатысушылар үшін де, қоғам үшін де конкурстық комиссия қабылдаған шешімдерінің қаншалықты орынды екені жұмбақ болды. Жасыратыны жоқ, ұлттық компаниялар конверт ашып, жеңімпазды анықтау рәсіміне жеңілуге тиіс компанияның өкілін әдейі жібермей қоятын.  Сатып алу қорытындысы жарияланатын күні көрсетілген мекен-жайға – ұлттық компанияның елордадағы зәулім ғимаратына келген қатысушының өкіліне кіреберісте күзет рұқсаты болмаса, ішке кіргізбейтінін хабарлайды. Содан ол «рұқсат беру бюросында» кірпінің үстіне отырғандай қылпылдап, тиісті рұқсатты тағатсыздана күтеді. Бірақ ол берілгенде рәсім де аяқталады. 5 минутқа кешіккен өкілге компаниясының жеңілгені ғана хабарланады. Осындай тәсілдермен Самұрық-Қазына арқылы елді тонау бойынша ең күрделі операциялар жүргізілді.

Ғалымжан Есенов  басқарған АТФ Банкінің қылмыстық әлемге қатысы бар деп есептеледі. Оның нақты әрі негізгі иесі — Ахметжан Есімов. Негізі күйеу баласы Ғалымжан Есеновтың оны «сатып алуға» қаражат таппағаны белгілі. АТФ Банк қарақшылар торының нағыз орталығы саналады, Ахметжан Есімов оны итальяндық UniCredit-тен сатып алды.

АТФ  — Елбасы Қазақстаннан тыс жерлерде ақшаны кедергісіз алу, өзіне-өзі қызмет көрсету кредиттерін құру, қайтарымсыз шығындар және т.б. қызметтер үшін арнайы құрған банк. Оны құру кезінде  Назарбаевқа ең жақын серіктесі — Болат Өтемұратов көмектескен. АТФ Банк арқылы шетелге шикізат сату үшін алынған қаражат із-түссіз жоғалып отырды. Бұл туралы қашқын Рахат Мұхтарұлы Әлиев өзінің өлер алдындағы қалдырған қағазында жазған.

Біздің білуімізше, АТФ Банк, бір кездері жемқорлар үшін ғана емес, қарапайым бөлшек клиенттер үшін де маңызды банкке айналды. Ахметжан Есімов Самұрық-Қазынадағы қызметінен босатылды. Алайда ол күйеу баласы Ғалымжан Есенов билік құрған соңғы жарты жылда қалталарын қарқынды толтыра бастады. Самұрық Қазынадаға ақшаны оңды-солды шашу,спорт командаларымен бітпейтін жанжал сияқты оқиғалардың барлығы бұл жерде бір шикіліктің бар екенінен қылаң бере бастады.

Ахметжан Есімовтың басқаруымен Самұрық-Қазына түрлі деңгейдегі офшорлық компанияларға 300 миллион доллар төледі. Дәл осы ақшаға Британдық юрисдикциясы бар Қазфосфат сатып алынды.

АТФ Банк Самұрық-Қазынаның көлеңкесінде жүрді. Заң бойынша, Самұрық-Қазынаның  ақша сақтауға құқығы болмады. Сондықтан іс жүзінде қордан ұрланған ақшаны банк жасырып отырды.

Тек 2021 жылы Есімов кездейсоқ жұмыстан босатылды: отставкаға кету туралы мәліметтер  бір ай ішінде таратылды. Жылдам жұмыстан босатылған олигархты алдымен «уақытша еңбекке жарамсыз» деп таныды. Осы уақыт аралығында Ахметжан Есімов пен Ғалымжан Есеновтың қылмыстары ешқашан құжаттық түрде дәлелденбеуі үшін АТФ банкті біржола жою процесі жүріп жатты.

Қос сыбайлас олигарх жүздеген офшорлық заңшаларды дайындап қойған.  Тіпті ликвидация барысында Ахметжан Есімов пен Ғалымжан Есенов АТФ банктен үш жүз миллиард теңге ұрлап үлгерген.

Бірақ қалай? Бұл оқиғаның жалғасын  YouTubehttps://youtu.be/Z8mw_aW2Q8k арнасынан көре аласыздар.

(деректер inbusiness.kz сайтынан алынды)