Тоқаев ЕАЭО-дағы қауіпті қалдықтарды тасымалдау туралы заңға қол қойды

0

Тоқаев ЕАЭО-дағы қауіпті қалдықтарды тасымалдау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Сенат сайтының хабарлауынша, келісім өзара сауда барысында ЕАЭО кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған.

«Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы қауіпті қалдықтарды тасымалдаудың бірыңғай тәртібін анықтайды. Сондай-ақ ол осындай тасымалдау кезінде шығарылған қорытындылар мен анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат алмасудың құқықтық негізін құрайды. Болашақта бұл заң күшіне енеді деп сенеміз. қалдықтарды экологиялық таза кәдеге жарату мен өңдеуді, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына жол бермеуді қамтамасыз етеді», — деді 10 наурызда палата спикері Мәулен Әшімбаев.