Жаңа жылға арналған құттықтаулар — Қазақша құттықтау

0

Жаңа жылға арналған құттықтаулар

Жаңа 2019 жылыңызбен!

Жұмысыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болуын тілеймін. Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болсын!

…….

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2019 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2019 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!

…….

Сізді Жаңа 2019 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2019 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2019 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

…….

Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2019 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2019 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2019 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

……

Жаңа 2019 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2019 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2019 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Барша қазақстандықтарды жаңа 2019 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2019 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

……

Жаңа 2019 жылың жаңа нұр ала келсін

Қуанышқа құшағың тола берсін.

Ескі жылың есіркеп көкейіңде

Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Келді тағы жаңа 2019 жыл,

Қуантуға біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді!

……

Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

…….

Жаңа 2019 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2019 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2019 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

…….

Ескі Жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

 

…….

Барша қазақстандықтарды жаңа 2019 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2019 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

……

Жаңа 2019 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2019 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2019 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

…….

Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа Жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа Жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, Алла тағала Жылдан Жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа Жыл құтты болсын!

…….

Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін. Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға, Құт-береке әкелсін баршаңызға. Аңсаған арманыңыз орындалып, Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

…….

Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

…….

Жаңа Жыл құтты болсын! Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

…….

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ-дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын.

Қағып тұр Жаңа Жыл кеп есігіңді,

Болмайды той-думанның кеші мұңды.

Жаратқан түгел қылып берсін сенің

Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,

Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.

Жаңа Жыл берекелі Жыл боп кірсін,

Табысқа бастап сені асқаралы!

…….

Сізді келе жатқан Жаңа 2007 Жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

……

Келді тағы жаңа 2019 жыл Қуантуға біздерді Құтты болсын қуаныш Құттықтаймыз сіздерді

……

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2019 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2019 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!

……

Барша қазақстандықтарды жаңа 2019 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2019 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

……

Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!