Қазақша реферат: Лобелин қазақша мәлімет |

0






Лобелин — Lobelimun. Лобелия өсімдігінен алынатын алкалоид. Синтетикалық жолмен де алады. Құрамы жөнінен пиперидин туындыларына жатады. Уытты мөлшерінде никотин және кониин тәрізді әсер етеді. Емдік мақсаттар үшін гидрохлорлы лобелин L. hydrochloridum қолданылады. Ащы дәмі бар, ақ түсті кристалды үнтақ. Судың 100, спирттің 15 бөлігінде ериді. Сулы ерітінділерінің реакциясы қышқылды келеді. Лобелинді құрғақ және 1 %-ды ерітінді күйінде ампулаларда шығарады. «Бң тізімі бойынша сақталады. Негізінен тыныс алу орталығына қоздырып әсер етеді. Қан қысымын баяу жоғарылатады. Сау малға қарағанда, тыныс алуы өлсіреген малдың қозуы күшті болады. Лобелин сонымен бірге кезеген жүйенің орталықтарын да қоздырады. Осындай жан-жақты әсердің арқасында тыныс алу тереңдеп, жиілей түседі және оттегімен қамтамасыз етілуі күшейеді. Тыныс алудың қалыпты көлемінде оны ең алғашқыда 2-5 минутқа бөсеңцетеді. Мұндай әсер жылқыларда күшті білінеді. Препаратты сау малдың тері астына еккенде тыныс алу күрт төмендейді. Оның себебі, лобелин тыныс алу орталығынан басқа, кезеген жүйкенің орталыктарын да қоздырады. Препаратты тері астына баяулатып еккенде, жылқыларға кезеген жүйкенің әсері әлсіз болады, ал кейде тіптен болмайды да. Лобелиннің жүрек-қантамырлары жүйесіне әсері онша емес. Жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесіне әлсірете әсер етеді, ал жүрек аурулары кезінде тіптен қолайсыз әсер етуі де мүмкін. Оның мұндай әсерін қан айналу жылдамдығын анықтауға және жүрек ауруларына балау қою үшін қолданады. Емдік мөлшерінде лобелин уытты емес, өйткені ол организмде тез ыдырап бүлінеді. Уытты мөлшерінде лобелин орталық жүйке жүйесін қоздырады. Лобелинді тыныс алу нашарлағанда, мысалы, жұкпалы ауруларда, жаңа туылған төлдердің асфиксиясывда, сонымен бірге морфинмен және есірткі заттармен уланғанда қолданады. Орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін фенамин, меридил, сиднокарб, сиднофен, индопан, ацефен, тауремизин, этимизол, бемегрид, көмір қышқылы қолданылады. Орталық жүйке жүйесінің сезімділігін қалпына келтіру үшін ипразид, имизил, амитриптилин, фторацизин, азафен, пиразидол, ниаламид және басқада препараттар пайдаланылады.