Директорлардың кішірейтілген жаңа кабинеттері бірінші қабатта орналастырылатын болады.

0
168

Мектеп, аурухана, емхана, колледж, балабақшалар және басқа да ұйымдардың басшылары өздерінің жұмыс стилін өзгертуі тиіс.

Мектеп әкімшіліктерімен орын алған алаңдарды оптимизациялау бойынша мектептерде жүргізілген мониторинг нәтижесі туралы жөнінде бүгін МҚІСЖҚА өткен брифингте «Астана-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева әңгімеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бюджет шығындарын оңтайландыру қажеттігін атап өтті. «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Әрине бұл мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, сондай-ақ бағынысты ұйымдардың басшыларына да қатысты.

Мектеп, аурухана, емхана, колледж, балабақшалар және басқа да ұйымдардың басшылары өздерінің жұмыс стилін өзгертуі тиіс.
Бүгінде көптеген басшылардың жұмыс кабинеттері өте үлкен кеңістікті алып жатыр.

Елордадағы мектептерге жүргізілген мониторинг барысында мектептердегі сыныптар санының жетіспеушілігі мен үш ауысымдық оқу проблемалары бола тұра көптеген мектеп директорларының жұмыс кабинеттері 40 және 50 шаршы метр аумақты алып жатқаны анықталды.

Бұдан бөлек, 90 шаршы метрді құрайтын қабылдау, тынығу және қонақтармен кездесу бөлмелерімен қатар әкімшілік қызметкерлерге (есеп, кадр қызметі) бөлінген кең көлемді кабинеттер кездесті.

Әрине, бұл құрылыс саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге байланысты. Әкімшілік қызметкерлерге бөлінетін ауданның көлемі үлгілік қағидамен реттелген. (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер СП РК 3.02-111-2012) (Директордың кабинеті 32 шаршы метр + іс қағаздарын жүргізу қабылдау бөлімі 12 шаршы метр )

Алайда, Мемлекет басшысының шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы аясында «Астана – адалдық алаңы» жобасымен әкімшілік қызметкерлерге бөлінген алаңдарды оңтайландыру жөнінде нормативтік актілерге өзгерістер енгізу ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, елордада мемлекеттік мекемелердің басшыларына арналған «Жаңа формат» акциясы басталды.

Тәжірибеде кеңістіктің жалпы аумағын барынша кішірейту – бюджет қаражатын үнемдеудің ең тиімді жолы.

«Астана – адалдық алаңы» жобасымен мектеп әкімшілігінің кабинеттеріне оңтайландыру жұмыстарын жүргізу бастамасы қолға алынды.
Барлық мектеп директорлары аталмыш бастамаға қолдау білдіріп, кабинеттер қосымша білім беру сыныптарына өткізілді. Директорлардың кішірейтілген жаңа кабинеттері бірінші қабатта орналастырылатын болады.

Директорлар кабинетінің 1-қабатқа орналасуы балалар мен ата-аналардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, №54 мектеп-лицейінің директоры 90 шаршы метрді қамтитын жұмыс, демалыс, қабылдау бөлмелерін босатты. Қазір мұнда мұғалімдерге арналған жұмыс бөлмесі мен coffee room орналасқан. Ал, директордың жаңа кабинеті 13 шаршы метрді құрайды.

№17 мектеп-гимназия директорының жұмыс және қабылдау бөлмесінің жалпы аумағы 40 шаршы метр болса, қазір 1-ші қабатқа ауыстырылып, барлығы 12 шаршы метрді қамтитын кеңістікте қызмет етіп отыр.

Қазір директорлардың ескі кабинеттерінде оқушылар робототехника және шығармашылықты шыңдау бойынша білім алуда.
№80 мектеп-гимназия директорының бұрынғы жұмыс кабинетінің жалпы аумағы 52,8 шаршы метрді құрайтын. Қазір – қосымша сабақ өтетін кабинетке айналды.

№71 мектеп-лицейінің директоры 50 шаршы метрді қамтитын жұмыс бөлмесі мен қабылдау бөлмесін босатып, психологтарға өткізді.
Мектеп басшыларының бірінші қабатқа орналастырылуы – азаматтардың қолжетімділігін арттырумен қатар, мектеп ішінде болып жатқан барлық жағдайды бақылауға зор мүмкіндік береді.

Акция басқа да мемлекеттік мекемелерде жалғасатын болады.

Жоба кеңсесімен елорда әкімі Бақыт Сұлтановқа тиісті ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ, Агенттіктің Астана қаласы бойынша Департаменті ағымдағы жылдың қаңтар айында «өзгерістерді өзіңнен баста» қағидасы бойынша әкімшілік шығындарды оңтайландырып, «Open space» технологиясын қолдану арқылы жұмыстың форматын өзгерткенін атап өткім келеді.

Басшының кабинеті үш есеге қысқарылып, қабылдау бөлімі жойылды.

Бір айдың ішінде Астана қаласы әкімдігінің барлық бағынысты ұйымдарының аумағын оңтайландыру жоспарланып отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz