Қазақша реферат: Корпорациялық табыс салығының субъектілері және объектілері туралы қазақша реферат

0

Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәір орын алады (27,7%). Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент-заңи тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңи тұлғалар төлейді . Корпорациялық табыс салығының объектілері: 1) Салық салынатын табыс; 2) төлем көзінде салық салынатын табыс; 3) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы болып табылады.
  Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңи тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Негізгі шектерде бұл механизм заңнамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңи тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.
Жаңадан енгізілген 119- бап бойынша корпорациялық табыс салынған төлеушілер қатарына мұнай- химия өнеркәсібіндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай- ақ бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттік тіркеуден өткен;
2) өндірістік мақсаттағы (толық технологиялық цикл бар) обьектілерін мемлекеттік қабылдау комиссиялары 1- тармақшада көрсетілген кезеңде пайдалануға қабылдаған;
3) жылдық жиынтық табысының кемінде 90 проценттік Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндірілетін мұнай және (немесе) газ өнімдерін өндеуге негізделген жеке өндірісінің тауарларын өткізуден алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;
4) өндірістік мақсаттағыобъектілеріне инвестициялардың ең төменгі көлемі тиісті қаржы жылына арналған республткалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бес миллион айлық есептік көрсеткішті құрайтын жеклеген ұйымдар жатады.
119-1-баптың күшін қолданылмайтын заңды тұлғаларға жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін тауарлар өндіретін ұйымдар және арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар жатады.

2.2 Жылдық жиынтық табыс
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексіне сәйкес жасалған түзетулерді ескере отырып, заңнамалы түрде белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық заңнамасына сәйкес түзетулерге тиіс.
Резидент-заңи тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс(алынған) табыстардан тұрады. тҚазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңи тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.
Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері кіріктіріледі:
1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;
2) үймереттерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімімен түсетін табыс;
3) міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыстар;
4) күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
5) мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;
7) борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар:
8) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар
9) шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;
10) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар ;
11) ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
12) бұрын негізсіз ұсталып, бөджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері, егер сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса;
13) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
14) өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
15) дивидендтер
16) сыйақылар;
17) оңбағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айрма сомасынан асып кетуі;
18) ұтыстар;
19) роялти;
20) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы.