Қазақша реферат: Дәрілік заттардың әсер ету механизімі

0






Мал шаруашылығында дәрілік заттардан нәтиже алу үшін, фармакодинамикасын ғана емес, өзгерістің себептерін білген жөн. Дәрілік заттардың әсер ету механизімі дегеніміз — белгілі бір бағдарлы өзгерістерге жеткізетін тірі организмдегі биохимиялық және физиологиялық заттармен құбылыстардың қосылуы, күшеюі мен әлсіреуі. Ал оңдай заттар организмде өте көп: иондар, рецепторлар, реактивті құрылымдар және т.б. Бұлардың бөрін 3 топка біріктіруге болады:
1) дәрілік заттардың алғашқы реакциясы;
2) алғашқы реакцияның өсерінен болған биохимиялық өзгерістер;
3) биохимиялық өзгерістердің әсерінен болған физиологиялық
өзгерістер.

Организмдегі езгерістерді зертеу көрсеткеңцей дәрілік заттар әсерінің ең негізгі себебі — олардың мембранасыңдағы кейбір биохимиялық құрылымдармен немесе торша цитоплазмасымен алғашқы физико — химиялық әсерлесу болып табьглады. Осы алғашқы реакциялар дөрілік заттардың өсер ету механизімін көрсетеді.

Дәрілік заттардың алғашқы реакциясы өр алуан: ол рН — тың және резервті сілтіліктің, осмостық қысымның езгерісінен бастап белоктармен, ферменттермен, медиаторлармен жөне басқа да күрделі биохимиялық қосылыстармен реакциялауға дейін жұреді. Алғашқы реакциялар (жай реакциялардың өзі) екінші, үшінші және т.б. күрделі биохимиялық өзгерістер жүйесін туғызады. Мысал ретінде тотығу құбылысын қарастырайық. Жалпы түсінік бойынша — бұл қандай да бір заттың оттегімен байланысы. Дәлірек айтқанда тотығу химиялық реакция, мұңда тотығатын заттың атомдары, йондары немесе радикалдары электрондарынан айрылады да, оны тотықсызданатын заттың атомдарына, иондарына және радикаддарына береді. төжірбие барысында тотығу және тотықсыздану құбылыстарын ажырата білу керек, өйткені олардың екеуі де бір мезгілде жүреді және тотығатын заттардағы жоғалатын электрондар санымен сәйкес келеді.












.





.

Жануарлар организмінде бұл құбылыстар барлық ұлпалар мен торшаларда химиялық оксиредуктаза ферменттер тобының катысуымен үздіксіз жүруін-биологиялық тотығу деп атайды. Жүріп жатқан бұл құбылыстардың құңдылығы сол, әр түрлі физиологиялық қүбылыстарға ыңғайлы әртүрлі ұлпа, торша, торша органеллалары және тағы да басқаларын ескере отырып организмді энергиямен камтамасыз етеді. Биологиялық тотығудың бүзылуы жергілікті жөне жалпы патологияның бірден — бір себебі болып табылады. Сонымен бірге, барлық патологияларда әртүрлі деңгейде тотығу қүбылыстары да бүзылады. Осы өзгерістердің алдын алып, бұзылған кезде қалпына келтіретін заттардың бірі — биологиялық тотығудың белгілі бір бөлігіне әсер ететін дөрілік заттар.

Биологиялық тотығуға байланысты торшадағы зат алмасуға барлық құбылыстар (тыныс алудан басталып, судың, көмір қышқыл газының және аммиактың пайда болуы) жануарлар организміңцегі энергияның үштен бірін береді. Ал үшкарбонды қышқылдар циклы бойынша жүретін тотығу процессі арқылы энергияның үштен екісін алуға болады. Бұл келтірілген мысалдар организмдегі зат алмасу мен физиологиялық жүйенің функцияларымен байланысқан күрделі процеске айналады. Сол себепті фармакология саласындағы мамандар оны өзінің физиологиялық деңгейінде үстап түруға көп көңіл бөледі. Олар барлық химиялық реакцияларды ескере отырып, оларды белгілі бір бағытта өзгертуге тырысады. Кейбір дәрілік заттардың өсер ету механизімі кезіндегі химиялық реакциялары жақсы зерттелген, ал кейбіреулерін организмдегі өзгерістерге қарап жорамалдайды. Кейбір дәрілік заттардың есер ету механизімі экспериментальды түрде тексерілген деп есептелінеді де, басқалары теория жүзінде қаралады немесе түжырымдалады. Сондықтан, дәрілік заттардың әсер етуін тек химиялық әдістерге сүйеніп анықтай салу жеткіліксіз. Қазіргі кезде коптеген дәрілік заттардың әсер етуі жөнінен дәл мағлұмат алу үшін осы заманғы химия мен физиканың (квант механикасының) теориялық негіздері қолданылады.

Әсер ету механизімен фармакодинамика өзара шарттық байланыстағы зандылықтар. Олар фармакологияның негізгі бөлігін құрап, дәрілік заттардың қолданылуы жөнінде дәл нұсқау беруге мүмкіншілік туғызады. Бұл құбылыстар жөнінде көп білген сайын, олар кеңінен пайдаланылады да, дәрілік заттарды қолданудың нотижелігі жоғары болады. Жануарлар организіміндегі өте күрделі бұл құбылыстарды білу И.П. Павловтың физиологиялық зерттеулеріндегі мына төмендегідей басты қағидаларды толық меңгергеңде ғана жүзеге асады: а) бұл күрделі жүйедегі негізгі қызметті орталық жүйке жүйесі атқарады; б) организмнің жағдайы сыртқы ортаның жағдайына тығыз байланысты келеді. Жануарлар өміріндегі зандьглықтарды білу әдістері дамыған сайын фармакодинамика туралы түсінік кеңейіп, дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін айқындауға жаңа мүмкіншіліктер туып отыр.