Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы)

0

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы) на казахском языке

Алматымыз астанасы қазақтың,
Тұрамын мен сол қаланың өзінде.
Рим да емес ол, Париж да емес мақтаулы,
Ұқсасы жоқ бүкіл дүние жүзінде.
Қала емес ол — сіздер көрген, достарым
Суреті оның басқалардан өзгерек.
Жырлау үшін оның жерін, аспаның
Ескірмеген, естілмеген сөз керек.
Қай қалада осынша алып емендер
Қөшелерге жайып қанат шығады.
Қай қалада алтын бұйрат теректер
Жапырағымен көкті сүртіп тұрады
Әрбір гүлге бір бүлбүлдан сайраса,
Әр сұлуға жыр шертеді бір ақын.

Әрбір көңіл жоғарыға қомданса,
Бұлттан да әрі тауымыз бар шығатын,
Желпіп өтсе жібек самал лебімен,
Ақ жаңбыр кеп астанамды шаяды.
Тартып шеңбер бояулары көгімнен
Қемпірқосақ кең құшағын жаяды.
Сүюшілер күн мен гүлді жанындай
Алматыма — астанама келіңдер.
Достарыма казақ дастарқанындай
Ақ пейілдер жайылғанын көріңдер!