Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру

0
5

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………3

І  МӘЛІМЕТТЕР  БАЗАСЫН  БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ  ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕУ……………………………………………………………………………………………….5

  • Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік……………………………………………..5
  • Мәліметтер базасын басқару жүйесінің архитектурасы…………………………7
  • Мәліметтер базасын  жобалау  технологиясы ………………………………………8

1.4   Кітапхана бөлімінің  концептуалдық сызбасы……………………………………..11

ІІ МӘЛІМЕТТЕР  БАЗАСЫН  ҚҰРУ  АЛГОРИТМІ…………………………………..13

2.1 Есептің  қойылымы………………………………………………………………………………13

  • Мәліметтер базасын құру  алгоритмі…………………………………………………..14
  • Кестелерді байланыстыру…………………………………………………………………..19
  • Пішіндерді дайындау………………………………………………………………………….22

2.5  Сұрауларды  ұйымдастыру…………………………………………………………………..24

2.6 Есеп  беру (Отчет)………………………………………………………………………………..26

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..27

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ……………………………………………..28

ҚОСЫМША ……………………………………………………………………………………………29

КІРІСПЕ

Ғылыми прогресс – білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы – автоматтандыру, яғни мәліметтер базасын құру.  Қазіргі  кезде біздің елімізде, шет елдерде де  ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп.

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.

         Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады. Мәліметтер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы ақпараттарды сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.

Курстық жұмысымның тақырыбы –  “Кітапхана бөлімінің мәліметтер базасын құру “.

Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі бір жоғары оқу орнының  кітапханасындағы оқулықтар туралы толық, нақты мәліметтер жинастыру. Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, MS Ассess  ортасында жұмыс жасай білу.

Жалпы, МББЖ-жаңа құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені,оны құрамын толықтыру,құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік.

База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнелейтін мәліметтерді іріктеу,оларды реттеу,сосын шығаратын құрылғыға  беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операцияны орындауға мүмкіндік береді:

1.Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;

2.Кестеден  бір немесе бірнеше жазбаны жою;

3.Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;

4.Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ-ның тағы бір функциясы-мәліметтерді басқару.Мәліметтерді басқару ретінде,әдетте,мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау,мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

І  МӘЛІМЕТТЕР  БАЗАСЫН  БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ  ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕУ

1.1 МӘЛІМЕТТЕР  БАЗАСЫ  ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК.

ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің

бірі- ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу,сонымен бірге мәтіндік

және графикалық құжаттар (суреттер,сызулар,фотосуреттер,географиялық карталар) ғана емес,жаһандық жүйе,дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады.Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.

Мәліметтер базасы(МБ) дегеніміз – ол арнайы орталықтандырылған программалық басқарудағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты бір–біріне байланысқан және белгілі–бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.

Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын,поездар қозғалысы кестесін,кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді,студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. айтуға болады.

Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті-ақпараттық тез іздестіру мен сұрыптау,сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі.Мысалы:сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының  аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын  басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда  ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады.Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты.Олардың бірқатарын келтірейік:

Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйесінің элементтері аталады.

Атрибут-объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу.Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.

Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт- объектінің(жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастарын атрибут(немесе атрибуттар тобы).

Екінші ретті кілт-бірнеше жазбалар  үшін мәні қайталанатын атрибут

(немесе атрибуттар тобы).Ең алдымен,екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.

Мәліметтер базасының ерекшелігі –ол базада мәліметтердің өзінің сипаттамаларымен бірге орналасуында. Тағы бір айта кететін ерекшелік – мәліметтер базасынан ақпаратты іріктеу Мәліметтер базасы қолданған кезде мәліметтер сипаттамалары өз бетінше орналастырған мысал ретінде және қолданушылар программаны тәуелсіз түрде қолданады. Сипаттамалар метамәліметтер деп аталады.

Метамәліметтердің орталықтандырылған жиыны мәліметтер сөздігі. Метамәліметтер құрамына мәліметтер сипатымен қоса көбінесе қолдану саласы мәліметтер базасын қолданушылар, жобалық шешімдер мәліметтерге сұрау жасау статистикасы туралы ақпарат кіреді. Жалпы мұндай ақпарат жүйені жобалауда үлкен көмегін тигізеді.  Мәліметтер сөздігі терминінен басқа да сөздік «анықтама беруші», «энциклопедия», «репозиторий» терминдері қолданылады. Сөздіктердің атқаратын қызметтері ақпарат жүйелерін автоматты түрде жобалау жабдықтарын қолдану өте зор. Олар көбі үшін репозиторий жүйесінің ядросы болып саналады.

Мәліметтер базасынан бір мезгілде параллельді түрде бірнеше қолданушылар жаңартып қолдана алады. Қолданушылардың мәліметтер базасына кіру мүмкіндігін мәліметтер базасының арнайы программалық жабдығы Мәліметтер Базасының Басқару Жүйесін береді. Қазіргі кезде адам өмірінде әртүрлі ақпараттарды өңдеу көп, сондықтан оларды басқару және ұйымдастыру үшін кең көлемде мәліметтер базасы мен қорын құруға тура келеді. Қазіргі кездегі кез-келген есептер ақпараттарды және мәліметтерді түрлендірумен байланысты сол себепті соңғы жылдары көптеген әр түрлі компьютерлік жүйелер, яғни мәліметтерді басқару жүйесі пайда болады. Мәліметтер базасы және Мәліметтер базасын басқару жүйесі компьютерге қатысты қолданылады. Мәліметтер базасы ұғымын белгілі қасиеттеріне байланысты өзара байланысқан және ұйымдасқан ерекше түрде, яғни кесте түрінде сақталатын ақпараттарға қолданылады. Мәліметтер базасы мағынасына байланысты электронды картотека түрінде мәліметтердің электронды қоймасы түрінде компьютерлерде бір немесе бірнеше файл түрінде сақталады, сондықтан мәліметтер базасының жұмыс атқару барысында бірнеше амалдарды орындауға тура келеді.

  • Құрылған немесе бар мәліметтер базасының файлына жаңа ақпараттарды қосу;
  • Мәліметтер базасына жаңа бос файлды қосу;
  • Мәліметтер базасы файлындығы ақпаратты өзгерту (модификациялау);
  • Мәліметтер базасынан ақпаратты іздестіру;
  • Мәліметтер базасыдағы файлдан ақпаратты жою;
  • Мәліметтер базасында файлдарды өшіру.

 

  • МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ

МБ  теориясындағы  ең  негізгі  түсінік  оның  архитектурасы,  құрылысы мен  құрылымы. Ғылыми  зерттеулер  барысында МББЖ-ң архитектурасы  қандай түрде  көрсетілу керектігі  талқылануда. Бұл мәселе  бойынша стандарттар  жөнінде америкалық  ANSI  комитетінің  ұсынуымен  МБ-ның  ұйымдастыруда  үш деңгей  қарастырылады:

  • Сыртқы модельдер деңгейі- ең жоғарғы  деңгей. Мұнда әр модель мәліметтері өздерінше  бейнелейді. Әр  қосымша өзіне қажетті  мәліметтерді ғана  өңдейді.
  • Концептуалдық деңгей – бұл орталық  басқарушы буын. Мұнда  МБ  жалпыланған түрде  көрсетілген, яғни берілген  МБ-ң  жүйесі жұмвс істейтін және  барлық  қосымшалар  мен пайдаланатын мәліметтерді  біріккен  түрде көрсету. Концептуалды  деңгей- қолдану саласының жалпыланған   моделін анықтайды. Кезкелген  моделге  ұқсас  концептуалдық  модель өңдеудегі  ең маңызды деген нысандар ерекшеліктерін көрсетеді.
  • Физикалық деңгей- файлдарда орналасқан немесе сыртқы ақпарат тасымалдаушыларында орналасқан мәліметтерінің көзі. Мұндай архитектура І және ІІ деңгейлер арасында  логикалық,  сонымен қатар ІІ және ІІІ деңгейлер арасында  физикалық  тәуелсәздікті  қамтамасыз  етеді.  Физикалық  тәуелсіздік  – бұл берілген МБ- мен жұмыс істейтін барлық қосымшалардың  жұмыс қабілеттілігін сақтай отырып, сақтаушы ақпаратты І тасымалдаушыдан  ІІ тасымалдаушыға ауыстыру  мүмкіндігі.

 

  • МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Мәліметтер базасын жобалау заттық образды талдаудан басталады және соңғы қолданушының талаптары көрінеді. Жобалау мәліметтер базасын басқарушыға (адамға) тапсырылады. Қандай мәліметтер сақталынатынын анықтайды, жоба деген не? Жоба – ол болашақта нақты түрлі не болатын белгілі бір нысанның эскизі.

Мәліметтер базасын жобалау барысында келесі мақсаттар орындалуы қажет: барлық бастапқы мәліметтерді жинап алып, оларды пайдалану мақсатына байланысты үлестіру. Олардың көлемін және түрін, яғни сандық мәндерді 1жолға, символдық мәндерді ІІ жолға орналастыруды анықтау керек және қолданушыға оның сұранысы бойынша ұсынып отыру керек.

Мәліметтер базасын жобалау барысында кедергілерге жолықпау үшін келесі мәселелерді ескеру керек:

  • Мәліметтер базасының мазмұны
  • Базаны ұйымдастырудың тиімді жолы
  • Құрылатын жүйені басқарудың құралдарын анықтау керек.

Жобалаушының негізгі мақсаты МБ-ң құрылымын кез келген МББЖ түсінетін және қабылдайтын тілмен құру және сипаттау. Сонымен қатар база қамтитын ақпараттық қолдану саласы жағдайына сәйкес келуі және осы ақпарат базада дұрыс орналасуы керек. МБ-ң жобасы мұқият тексеруден өтуі қажет. Себебі МБ-ң  жобасы көптеген қолданушылар ұзақ уақыт пайдаланатын болашақ программалық кешеннің негізі.

Мәліметтер базасын жобалау процесі – бұл қолдану саласының ақпараттық құрылымын формальды емес сипаттаудан таңдап алынған модель терминдерімен қолдану саласы нысандарын формальді түрде сипаттауға көшу тізбегі.

Мәліметтер базасын жобалау

 

Қосымшаларды жобалау

 

Мәліметтер базасын жүзеге асыру

 

Мәліметтер базасын басқарудың

арнайы әдістерін қалыптастыру

 

Мәліметтер базасын қолдану

 

Бұл схемада  МБ-ң өмірлік циклының кезеңдері көрсетілген.

 

Қолдану саласын талдауды аяқтағанан кейін МБ-н жобалаудың негізгі кезеңі инфологиялық моделді құру болып табылады. Инфологиялық жобалау не үшін қажет?

Айта кететін жайт, жобалау процесі өте күрделі процесс. Оның барысында тапсырыс берушілермен және қолдану саласы мамандармен әр уақыт сайын ақылдасын тұру қажеттілігі жиі пайда болады. Сонымен қатар күделі корпаративтік ақпараттар жүйесін құруда МБ-ң  жобасы осы жүйенің ең негізгі іргетасы болып келеді.

Модельді құрғанда болашақ Мәліметтер базаларын нақты бір МББЖ нде  орналастыру өте үлкен назарды талап етпейді. өйткені оны таңдау, бұл  бөлек мәселе. Бұл мәселені шешу үшін МБ-ң жобасы дайын болу керек, яғни таңдау осы жоба негізінде іске асырылады. Ең алдымен инфологиялық модель Мәліметтер базалары моделінде қолдану саласының семантикасын айқын түрде көрсетумен тығыз байланысты. Семантиканы неғұрлым айқын түрде көрсету мәселесі әрқашанда жобалаушыларды қызықтырады.

ХХ ғасырдың  жетпісінші жылдарында семантикалық модель ретінде бірнеше түрлер ұсынылды. Олардың ішінде  Hummer және McLeon-ның 1981 жылы ұсынған моделі. Сонымен қатар осы жылғы Шипманың функционалдық моделі және 1976 жылғы Ченнің мән байланыс моделі (ER) инфологиялық модельдегі стандарт болып табылады.

Қазіргі кезде көптеген  case құралдарда ER моделі жиі қолданылады. Сонымен қатар Мәліметтер базаларының жобасының ER моделі реляциялық модельге ауысқанда қолданылады.

Инфологиялық модель қолдану саласының құрылымын және динамикасын, жүйені қолданушылардың ақпараттық сұраныстарын қолданушыға түсінікті және нақты Мәліметтер базаларын басқару жүйелері ортасында жүзеге асыру ерекшеліктеріне тәуелсіз терминдер арқылы сипаттау. Мұндай модельге қойылатын негізгі талап, ол оның шынайылығы, яғни қолдану саласын сипаттау мағыналы және мазмұнды болу керек. Сонымен қатар модель мағынасы қарама –қайшы болмау керек. Және де бір айта кететін ерекшелік – инфологиялық модель декомпозиция қасиетін қанағаттандыру керек. Жалпы жобалауды келесі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады.

  • Жүйелік талдау және қолдану саласының ақпараттық нысандарын қарапайым түсініктермен сипаттау. Бұл кезеңде жүйенің канондық моделі қолданылады.
  • Қолдану саласының инфологиялық моделін жобалау, яғни берілген бір семантикалық модель . терминдер мен қолдану саласының нысандарын формальді түрде сипаттау.
  • Мәліметтер базаларының даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни Мәліметтер базаларын қолданатын даталогиялық модель терминдерін сипаттау.
  • Мәліметтер базаларын физикалық жобалау, яғни қосымшалардың тиімді қызмет жасауын қамтамасыз ету мақсатымен Мәліметтер базаларын сыртқы тасымалдаушылардан тиімді орналастыру тәсілін таңдау.

 

1.4   КІТАПХАНА   БӨЛІМІНІҢ  КОНЦЕПТУАЛДЫҚ  СЫЗБАСЫ

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді, және негізгі  құралдарды анықтайды.

Мәліметтер  базасы  –  бұл күрделі жүйе болып келеді. Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге  біртіндеп  жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте  жүйені анықталған белгілеріне қарай жасайды және құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлікке  бөледі.

Ол функционалды және жабдықтаушы бөлік. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлігіне  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз – жүйенің анықталған  белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Функционалдық бөлігі – жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеше – нақты функциялармен шектелген ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз ету бөлігі – бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызмет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады: техникалық  қамтамасыз ету және  ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).

 

 

 

 

 

 

ІІ МӘЛІМЕТТЕР  БАЗАСЫН  ҚҰРУ  АЛГОРИТМІ

2.1 ЕСЕПТІҢ  ҚОЙЫЛЫМЫ

Mіcrosoft Access-те деректер базасын құру және жұмыс жасаудың басты принциптерін оқып-үйрену, сол сияқты “Кітапхана бөлімінің мәліметтер базасын құру “. Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, MS Ассess  ортасында мәліметтер базасын құру.

Жалпы мағлұматтар

 

Мәліметтер  базасы дегеніміз-деректерді сақтау үшін арнайы жасалған жүйе.

Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесі(МББЖ) – бұл жаңадан деректер базасының кұрылымын дайындауға, оны түзетуге арналған программалық құралдар кешені.

MS Access-тің объектілері:

Кесте- бұл кез келген деректер базасының негізгі объектісі. Бұл жерде деректер базасының барлық мәліметтері сақталады. Кесте деректер базасының құрылымын да сақтайды(өріс және оның типі мен қасиеттері).

Сұраныс – бұл қолданушыға кестенің кез келген жерінен керекті мәліметті керекті түрде шығару.

Пішін – бұл арнайы құралдарды пайдаланып деректерді енгізуге және шығаруға арналған объект.

Отчет – берілген мәліметті басып шығаруға арналған объект.

Беттер – деректер базасының арнайы жасалған объектісі. Ол Web-беттерінде орналастыру үшін HTML кодында жасалады және де бұл қолданушы мен серверегі деректер базасы арасындағы байланыс.

Макрос және модуль – ДББЖ-гі қайталанып отыратын амалдарды  автоматтандыру үшін және Vіsual Basіc тілінде программалау арқылы жаңа функцияларды енгізу категорияларының объектілері. Бұл объектілер кеңейтілген (.mbd) файлында сақталады.

Access-те деректер базасын құру үшін, қолданушы алдымен жұмыс жоспарын құрып алуы қажет. Сол жоспарда кесте қандай мәліметтерден құрылуы, қандай мәліметтерді автоматты түрде, кестенің қай жеріне орналастырылуы, кестелердің арасындағы байланыстарды қалай ұйымдастыру қажет екендігі анықталу қажет.

Бізге, белгілі бір жоғары оқу орнындағы кітапхана бөлімінің мәліметтері  берілген делік. Ол үшін төмендегі мәліметтерді енгізу керек.

  • Кітаптардың атауы
  • Авторлары
  • Кітапты алу және өткізу мерзімі
  • Оқырмандар туралы мәліметтер және олардың билетінің номері
  • Кітаптың бағасы  және  саны

 

  • МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ҚҰРУ АЛГОРИТМІ

Мәліметтер  базасын құру алдында, ең алғаш бос мәліметтер  базасының файлын құру керек.

Mіcrosoft Access-ті іске қосқаннан кейін, деректер базасын құру туралы сұхбат терезе пайда болады. Ол терезеде, біз жаңадан деректер базасын құра аламыз немесе сақталған деректер базасын ашып, жұмыс істей аламыз.

Бұл терезе Сервис-Парамертры-Вид-Отображать терезесіндегі Окно запуска опциясында жалауша орнатылған болса іске асырылады.

«Кітапхана  бөлімінің» мәліметтер  базасын құру алгоритімі

  1. Сұхбат терезесінен Новая база данных түймесін басамыз.
  2. Егер ондай бұйрық жоқ болса, Файл-Создать бұйрығын орындасақ, Access-те Создание терезесі пайда болады.
  3. Общие-база данных бұйрығын таңдаймыз.
  4. Файл новой базы данных терезесінде файылды орналастыратын Папка бұйрығын таңдау қажет.
  5. Имя файла деген өріске жаңа деректер базасын Кітапхана бөлімі атымен енгіздім.

 

 

 

Деректер базасының кестелерін құру

Деректер базасының кестелерін құру 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кестенің құрылымы анықталады: өріс құрамы, олардың атаулары, әрбір өріске арналған мәліметтер түрлері, өріс көлемі, кілттер, кестелер индекстері мен тағы да басқа қасиеттері. Екінші кезең кестенің құрылымы мен олардағы мәліметтерді толтырумен еркшеленеді.

Кесте құрылымын дайындау

 

Access-те кестені құрудың бірнеше мүмкіндіктері бар:

  • Кесте режимі – берілген кестені Кесте режимінде құру;
  • Конструктор – кестелерді Конструктор көмегі арқылы құру;
  • Кестелер шебері – кестені Кестелер шебері арқылы орындау;
  • Кестелерді импорттау – басқа деректер базасынан мәліметтерді көшіру немесе импорттау арқылы орындау.
  • Кестелермен байланыс – сыртқы файлдың немесе кестенің басқа деректер базасымен қосылу әрекеттері.

Жоғарыдағы аталған кесте құрылымдарының ең тиімдісі ол Конструктор таблиц режимі. Бұл режим қолданушыға кесте параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.

 

Кестелер констукторын пайдаланып Кітаптар  атты кесте құрамыз.

  1. Кітапхана бөлімі атты деректер базасының терезесінен Таблицы-Создать объектісін таңдаймыз.
  2. Новая таблица атты терезеде Конструктор жолын таңдап, Конструктор таблиц терезесінде өріс атауларын, олардың құрылымын төменгі кесте бойынша өзгертеміз.

 

Мәліметтерді енгізу

Мәліметтерді енгізу біріншіден кестені ашудан басталады.Ол үшін саймандар тақтасындағы Режим таблицы пернесін пайдалану немесе керекті кестені белгілеп алып, Открыть пернесін басу арқылы ашып аламыз. Ал енді біз өрістерге байланысты кесте мәліметтерін енгіземіз.

Бірінші реттегі кілтті орнату

Бірінші реттегі кілті анықтау үшін Кітап  атауы(КА) деген өрісті таңдап, конструктор панелінде Кілттің суретін басу керек немесе Ключевое поле бұйрығын таңдаймыз. Ол Правка менюіде орналасқан.

Mіcrosoft Access-те кілттің 3 түрін анықтауға болады.. Олар: санағыш, жай кілт және құрылымды кілт.

Егер бірінші реттік кілт қолданушымен қойылмаған болса, онда Mіcrosoft Access міндетті түрде ол кілтті автоматты түрде қосуды сұрайды. Егер сұрақ қанағаттандырылған болса, Mіcrosoft Access санағыш типтес кілттік өрісті Код атымен енгізеді.

Жай кілттік өріс- бұл өріс тек арнаулы жазулары бар өрістермен анықталады. Кілттік өріс кестеге қайталанатын немесе бос мағыналы мәндерді енгізуге жол бермейді. Кілттік өріс Mіcrosoft Access-те іздестірудің ең тиімді түрде, тез ұйымдастыру мүмкіндігін береді.  Өйткені осы кілтте әр бір жазуға арналған арнайы орын беріледі.

Егер арнайы жазулардың өрісте бар екендігін анықтау мүмкін болмаса, онда біз құрылымды кілтті пайдаланамыз. Ол міндетті түрде бірнеше өрістен құралуы керек. Бұндай кілттер көбінесе 2 кестені байланыстыру арқылы қолданған жағдайда жасалады.

Ал біздің қарастырып отырған жағдайымызда Кітапты алу/беру уақыты кестесін Конструктор режимінде Номер пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ  түймесін басып, одан кейін саймандар тақтасында Ключевое поле пернесін басамыз.

 

Мәліметтерді сақтау

Mіcrosoft Access-те барлық өзгертулер автоматты  түрде мынадай жағдайларда орындалады:

  • Келесі жазуға өту кезінде
  • Кесте режимін жабу немесе келесі пішінге ауысу

Жазуларды қосу және алып тастау әдістері

Мәліметтерді жаңа жазуға қосу:

  1. Жаңадан енгізген жазудың бос өрісіне келеміз.

Мәліметтерді немесе жазуларды жою үшін:

  1. Жойылатын жазуды ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып керекті жазуларға апарамыз.
  2. Del пернесін басамыз немесе Правка-Удалить записи бұйрығын таңдаймыз.

 

 

 

2.3 КЕСТЕЛЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУ

Access реляцияық деректер базасын құруға мүмкіндіктер береді және осы кестелер бір-бірімен байланыса алады. Бұл өз кезегінде пішіндерден, санақтардан, кестелерде байланысқан деректерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. Байланысты анықтағанда бір кестедегі кілт екінші кестедегі мәліметке нұсқау береді. Басқа кестедегі мәліметке сілтеуіші бар кілтті, сыртқы кілт деп атайды.

Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау үшін келесі шарттар орыдалу керек:

  • Байланыстырылатын кестелер міндетті түрде бірдей өлшемді және олардың бірдей типтес өрістері болуы керек. Бірақ сол өрістердің атаулары әр түрлі болуы керек;
  • Екі кесте де Access-тің бір деректер базасында сақталуы керек.

Байланыс типтерін анықтағанда, өрісті дұрыс белгілеу керек және бұл белгілегеннен байланыс түрі де анықталады:

  1. Бірге-бір байланысы тек байланыстырылып отырған өрістер кілттік болса ғана орындалады.
  2. Бірдің көпке байланысы тек бір өріс кілттік болса ғана орындалады. Бұл кезде басты орында бастапқы кілті бар кесте болады. Ал қалған кестелер бағынышты кестелер болып саналады.
  3. Көптің-көпке байланысы. Бірдің көпке байланысының екеуін көрсетеді және бұл үшінші кесте арқылы белгіленеді. Бұл жердегі кілттер басқа кестелердің сыртқы кілттері болады.
  4. Егер кестелердің біреуінде де кілттік өріс анықталаған жағдайдаТип отношения өрісінде «Не определено» деген жазу пайда болады.

Схема данных деген терезесін ашып, Добавление таблицы деген терезеден, Таблицы деген пернені таңдап, Добавить деген бұйрықты орындаймыз. Схема данных терезесіне бұрын жасалған кестелерді орналастырыңыз. Бұл жерде тізім диалогтық терезеде көрінеді. Барлық кестелерді бірден қосуға болады. Ол үшін Shіft пернесін басып тұрып, 1-ші кестені және соңғы кестені  белгілейміз.

Закрыть нүктесін басамыз. Соңында Кітапхана бөлімі  кестесінде жаңадан байланысқан мәліметтерді көреміз.

Читатель және Книга Выдано кестелері арасында байланыс орнатамыз. Бұл байланыс НЧБил жай кілті арқылы болсын. Ол үшін Схема данных  терезесінде тышқан курсорын Читатель  атты басты кестесінде орналасқан  НЧБил өрісінде орнатамыз және бұл өрісті бағынышты Книга Выдано атты НЧБил  өрісіне тасымалдаймыз. Керек емес байланыстарды Del пернесі арқылы өшіруге болады.

Изменение связей терезесінен Тип отношения жолынан бірдің–көпке байланысын таңдаймыз.

 

Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных полей деген жерде жалаушаларды орнатамыз. Сонда ғана бір–бірімен байланысқан кестелер автоматты түрде сақтлып, өзгертіледі. Создать батырмасын басамыз.

 

Жай кілттік байланыстарды келесі сыңарланған кесиеттері үшін орнатыңыз:

ЧИТАТЕЛЬ ® КНИГА ВЫДАНО  (НЧБил),

КНИГА ВЫДАНО®КНИГА(Номер),

Бұл байланыстарды пайдалана отырып, кітапхана бөліміні туралы мәліметтерді көрсе болады.

 

 

2.4   ПІШІНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ

Ақпаратты деректер базасына енгізудің екі жолы бар: кестеге және пішінге.

Егер енгізіліп отырған мәліметтер жиі ауысатын болса, онда оны  пішінге енгізу қажет. Өйткені бұл жерде ғана арнайы жазуларға көбірек көңіл бөлінеді.

Кез келген Пішін деректер базасының кестелерінде немесе сұраныстарда құрастырылады. Өріс атаулары кестеден алынады, ал өрістерді өз қалауынша орналастыруға болады. Бір кесте негізінде қолданушы бірнеше пішінді құрастыра алады. Пішінді 3 түрлі әдіспен құрастыруға болады:

  • Пішіндер конструкторы көмегімен
  • Пішіндер шеберімен
  • Автопішінді қолдану

Әр бір пішінді экранда 3 режимде көрсетуге болады:

  • Конструктор режимінде
  • Пішіндер режимінде
  • Кестелер режимінде

Режимдер арасында ауыстыру Вид көмегімен іске асырылады.

 

 

 

2.5  CҰРАУЛАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ

Сұраныс дегеніміз- деректерді бір немесе бірнеше шарттарға байланысты таңдап алу құралы. Сұраныс қорытындысы бұл- кестелік түрде берілген жазулар  тізімі, оларды  өзгертуге, жаңадан қосуға және алып тастауға болады. Сұраныстар деректер базаларында барлық кестелер үшін жұмыс орындай алады.

Деректер базаларында сұраныстардың келесі түрлерін орындауға болады:

1.QBE сұраныстары (Query By Example – Үлгі бойынша сұраныстар)

  • Таңдауға арналған сұраныстар
  • Қиылыс сұранысы
  • Кестені құруға арналған сұраныс
  • Жаңартуға арналған сұраныс
  • Жаңадан жазуларды қосу сұранысы
  • Жазуларды өшіру сұранысы
  • Параметрлік сұраныс

2.SQL (Structured Query Language) тілінде берілген сұраныстар.Бұл сұраныспен жұмыс істеу, инструкциялар тізбегін орындау негізінде орындалады.

Негізінен сұраныстарды Қолмен жасау ыңғайлы.Ол үшін Контрукторды пайдалану керек .Ол сұраныстарды Үлгі бойынша(бланк запроса по образцу) ашады: жоғарғы бөлікте кесте құрылымы бейнеленеді, ал төменгі жағы бағанарға бөлінген. Бұл жерде кесте нәтижелері орналасу керек.

 

Көпкестелі сұранысты жасаудың технологиясын қарастырсақ:

 

 

2.6 ЕСЕП БЕРУ (Отчет)

Есеп берудің басты қызметі – деректер базасында сақталынған құрама мәліметтерді баспаға шығару және оны көрнекті түрде көрсету үшін қолданады. Оны шебер көмегімен және Конструктор режимі арқылы құруға болады. Шебер көмегімен жасалған отчетті конструктор режимінде әрі қарай толықтырса болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтар болсақ, кітапхана  жұмысын жеңілдету үшін мәліметтер базасын  басқару жүйелерін пайдаланған өте дұрыс.

Жалпы мәліметтер базасының негізгі мақсаты – көптеген ақпараттарды жинап, оларды архивтеп, дер кезінде қолданушыға тауып беру.Бұл курстық жұмысты әрі қарай күрделендіре беруге болады.Ең алдымен оның мақсатын, қалай жұмыс жасау керектігін түсініп алған жөн.

Осы курстық жұмысты жасау арқылы, мен көптеген ақпарат алдым.Жалпы мәліметтер базасы жөнінде көптеген мәліметтер алдым. Себебі өте күрделі ақпараттарды топтастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мәліметтер базасымен,онымен қалай жұмыс жасау керектігін үйрену болатын.   Бұл курстық жұмыстың студентке берген пайдасы көп болды. Студенттің өзінің іздену қабілетін  арттырды десек те болады. Сонымен қатар мәліметтер базасын басқару  жүйелерін еліміздегі озық оқу орындарының жұмысында маңызды рөл атқаратындығын байқадық.

Қорыта келгенде, нақты мәселелерді шешуде біз белгіленген сала бойынша қарастырамыз, яғни белгілі саламен шектемейміз. Осы саланың шекараларын анықтау кез-келген ақпарат жүйелерін , сонымен қатар Мәліметтер базалары технологиясына негізделген жүйені құрудағы ең маңызды кезең болып саналады. Бұл жағдайда нақты нысандар қарастырылады. Осы нысандар жиынтығы Мәліметтер базаларының терминологиясында және жалпы ақпарат жүйелерін жобалау терминологиясында қолдану саласы деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

  1. Дейт К.Дж «Введение  в системы базы данных», Киев 1998
  2. Неверова Е.Г «Технология проектирование баз данных и знании», Алматы, Институт Развитии Казахстана, 2000
  3. Вендров А.М «Проектирование программного обеспечения ЭИС», Москва, 2000
  4. Гусьева Г.И «Проектирование базы данных примерах и задачах», Москва, 1992
  5. Диго С.М «Проектирование БД», Москва, 1995

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША