Кітапхана

0

Кітапхана

Мазмұны

  1. Кіріспе…………………………………………………………………….3
  2. Мәліметтер базасы жайында мәліметтер………………………………..5

2.1. Мәліметтер базасы-есептеулер сақталатын мәліметтер массиві……7

  1. Аналитикалық көрсетілуі………………………………………………………………8

3.1.Программалық жабдықтау…………………………………………………………..8

3.2.Ақпараттық жабдықтау……………………………………………………………….9

3.3. Есептің қойылымы…………………………………………………………………….10

3.4. Қосымша құру.ДҚ кестесін құру………………………………………………..10

3.5. Жобалаудың негізгі қадамдары………………………………………………….10

3.6. Жобалау негізі…………………………………………………………………………..11

3.7. Функционалдық тағайындалуы………………………………………………….11

3.8. ДҚөмен жұмыс істейтін арнайы компоненттер…………………………..12

  1. Пәндік аймақты талдау………………………………………………………………..13

4.1. Пәндік аймақты жүйелік талдау…………………………………………………14

4.2. Даталогиялық жобалау………………………………………………………………14

4.3. Концептуалды схема………………………………………………………………….16

4.4. Физикалық жобалау………………………………………………….17

  1. Формалар……………………………………………………………………………………..22
  2. Мәліметтер базасын қорғау…………………………………………………………..25
  3. Қосымшалар…………………………………………………………………………………29
  4. Қорытынды…………………………………………………………………………………..31
  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………..32

Кіріспе

Курстық жобада қарастырылған деректер базасымен ақпараттық жүйелерді қолдану барған сайын қазіргі замандағы адамның іс-әрекеті ілгері жылжып келе жатқан ұйымның ажырамас құрамдас бөлігіне айналуда. Осы себептен тиісті технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді құру мен тиімді қолданудың принциптерін игеру ісі үлкен өзектілікке ие болуда. Ақпарат деп дәстүр бойынша адамдар ауызша,  жазбаша не болмаса  өзге әдіс арқылы беретін мәліметтер аталады. Ақпараттық жүйе (АЖ) ақпаратты алу мен жинақтауға, оны кез келген мақсатта тиімді пайдалануға арналған. Ақпаратты өңдеуден өткізу ісін жеңілдету мақсатында ақпараттық жүйелер (АЖ) қолданылады. Автоматтандырылған АЖ деп өздерінде техникалық  құралдар, атап айтқанда ЭЕМ қолданылатын АЖ атайды. Қолданыстағы АЖ-дың көпшілігі  автоматтадырылған болып табылады, сол себептен оларды қысқартып жай ғана АЖ деп атайтын боламыз.

Ақпараттық жүйелердің автоматтандырылуы есептеу техникасының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпарат ЭЕМ жадында сақталатын деректер түрінде ұсынылады. Соған сәйкес, Ақпаратты жобалау кезінде бір жағынан, жүйеде қандай мәліметтер және қандай мақсатпен сақталып жататындығы туралы мәліметтер, ал екінші жағынан – тиісті деректер ЭЕМ-нің жадында қалайша ұйымдастырылып, АЖ пайдалану кезінде оларға қалайша қолдау көрсетіліп, және өңдеуден өткізіледі деген міселе шешіледі. Кеңірек түсінгенде АЖ анықтамасы ретінде ақпаратты өңдеуден өткізудің кезкелген жүйесін түсінуге болады. Қолдану саласы бойынша өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтауда, ғылымда әскери істе, әлеуметтік салада және өзге салаларда қолданылтын жүйелерге бөлуге блады.

Білім беру саласы бойынша АЖ-лердің екі тобын айырады: ақпараттық іздестіру жүйелері мен деректерді өңдеуден өткізу жуйелері.

Ақпаратты іздестіру жүйелері, әдетте, қайсыбір іздеу жүйелерін қанағатандыратын, сақталатын мәліметтердің ішкі жиынын алуға бағытталған.

Пайдаланушылардың деректерді өңдеуден өткізу жүйелерін қолдануы көбінесеақпараттың жаңартылуын тудырады; ақпарат шығарылмауы мүмкін не болмаса ол мәліметтердің өздерін емес, сақталып жатқан мәліметтерді бағдарламалық өңдеуден өткізудің нәтижесі болып табылуы мүмкін. Деректерді өңдеуден өткізу мысалы ретінде қаланың жинақ банкісінің АЖ –сін алуға болады.

 

Ақпараттық жүйелерді фактографиялық пен құжаттық деп екіге бөлуге болады. Фактографиялық жүйелер заттық саланың объектілері жөніндегі мәліметтерді сақтайды. Және әрбір объекті жөнінде, мысалы

 

қызметкер туралы мәліметтер жүйеге көптеген дерек көздер мен әртүрлі құжаттардан келіп түсуі мүмкін. ЭЕМ жадында  осы мәліметтерді орналастырған кезде олар түрлендіріліп, жазблар түрінді сақталады.Құжаттық жүйеде сақтау объектісі болып құжаттар табылады, себебі  сол құжаттар  жинақталып өңдеуден өткізіледі.

 

 

Деректер базасының өзгешелігі ретінде деректердің өздерінің суреттемелерімен  қоса бірлескен түрдегі сақталуын санау керек. Деректердің сипаттамасы дістүрлі түрде қолданбалы бағдарламаларда сақталады. Бұл ретте жазбаның тек екі өрісі ғана өңдеуден өткізілген болса, бағдарлама барлық жазбаның сипаттамасын қосады. Нәтижесінде ұйымдастырудағы кезкелген өзгерту бағдарламаны құру ісіне өзгертулер өнгізудің қажеттілігін тудыратын. Бірлескен тәсілдеме бағдарламада өңдеуге қажетті деректер ғана аталып, оларды ұсынудың талап етілетін форматтарының берілуін қажет етеді.Бұл ретте ДБ-ны сипаттау пайдаланушылардың бағдарламалаына тәуелсіз бола бастайды және сақтаудың өзгеше объектісіне айналады. Бұл сипаттамалар әдетте метадандық деп аталады.

Автоматтандырылған АЖ-нің маңызды құрамдас бөлігі –деректер базасын басқару жүйесі (ДҚБЖ). ДББЖ ақпараттық жүйесінің деректер базасын құру және қолдану үшін алгоритмикалық тілдегі бағдарламаны әзірлеу үшін қажет болатындағыдай дәрежеде аударғыш қажет. ДББЖ бағдарламалық құрамдас бөліктері ядро мен қызмет көрсету құралдарынан тұрады. Ядро –ДБ құру мен қолдану үшін қажетті және жеткілікті болатын бағдарламалық модулдердің жинағы. Қызмет көрсету бағдарламалары пайдаланушыларға АЖ-ні күтімге алудың қосымша  бірқатар мүмкіндіктері мен қызметтерін ұсынады.

Курстық жобада деректер базасы мен ақпараттық жүйелер қарастырылады. Деректер базасы мен  оларды басқарудың негізгі түсініктері суреттеледі. ДББЖ-ның жіктемесі мен олардың негізгі қызметтері суреттеледі. Қосымшаларды құрастыру мен пайдаланушылардың ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесуінің нұсқалары қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Мәліметтер базасы  жайында  жалпы  мәліметтер

Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас  бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.

Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және  мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы  белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартуға, жоюға арналған программалық жабдық  болып табылады.

Delphi 7 жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi7 құралы локальдік және тораптық  деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен  жұмыс істей алатын қолданба құруға  мүмкіндік береді .

Локальді МББЖ-нің барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.

Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланыстырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.

Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,  InterBase және т.б жатады.

Delphi 7-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы:  dBase , Paradox , InterBase .

Бұны бірақ жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерінің жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да  Delphi 7 мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды,  олардан асып тұрады.

 

Өзінің архитектурасы бойынша МББЖ бірүзбелі, екіүзбелі және үшүзбелі болып бөлінеді  Бірүзбелі архитектурада мәліметтерді басқарудың қажетті логикасымен және олардың визуализациясын қамтамасыз ететін жалғыз үзбе (клиент) қолданылады. Екіүзбелі архитектурада мәліметтерді басқару логикасының көп бөлігін МБ сервері орындайды, ал клиент бұл кезде, негізінен, қолданушы үшін мәліметтерді ыңғайлы түрде көрсетуін орындайды. Үшүзбелі МББЖ-да аралық үзбе – МБ сервері мен клиенттің арасын байланыстыратын  қосымшалар сервері қолданылады. Қосымшалар сервері клиентті қандай болмасын мәліметтерді басқарудағы және МБ серверімен байланысты орнатудағы  қиындықтардан  толығымен  арылтуы  керек.

МББЖ-ның бөлек бөліктерінің орналасуына байланысты локальді және желілік МББЖ-лар бар.

Локальді МББЖ-ның барлық бөліктері қолданушының МБ компьютерінде орналастырылады. Бір МБ-мен бір уақытта бірнеше қолданушы жұмыс жасай алуы үшін әрбір жеке қолданушылық компьютердің өзінің жеке локальді МБ-ның копиясы болуы қажет.

Желілерге файл-серверлік, клиент-серверлік және таратылған МББЖ-лар жатады. Бұл жүйелердің міндетті атрибуты – компьютерлердің аппаратты байланысын қамтамасыз ететін және көптеген қолданушылардың берілген бір мәліметтермен корпоративті жұмыс жасауына мүмкіндік беретін желі.

Файл-серверлік МББЖ-да барлық мәліметтер, әдетте, әрдайым желіге қосулы тұратын арнайы осындай мақсаттарға арналған, қуатты машинаның бір немесе бірнеше каталогында орналастырылады. Мұндай компьютер файл-сервер деп аталады, МББЖ-ның атауы осыдан. Бұл МББЖ түрінің сөзсіз артықшылығы –оның құрылуы мен қызмет етуінің қарапайымдылығында. Файл-серверлік жүйелердің кемшілігі – желіге көп күш түсіруінде. Егер де, мысалы, клиентке қайсыбір фирма-партнер туралы анықтамаларды іздеу керек болса, онда желіде алдымен жүздеген фирма-партнерлардан құрылған анықтамалық барлық файлды шығарады, содан соң осындай түрде құрылған мәліметтердің локальді көшірмеде қажетті жазба табылады. Сол себепті файл-серверлі МББЖ-лар клиенттік орындар саны бірнеше ондыққа жететін кішігірім фирмаларда сәтті қолданысқа ие бола алады.

Клиент-серверлі жүйелер желіге ауыртпалықта біршамаға төмендетеді, өйткені клиент мәліметтермен арнайыландырылған делдал  – мәліметтермен машинада орналасқан МБ сервері арқылы қатынасады. МБ сервері клиенттен сұранысты қабылдап, мәліметтердегі қажетті жазбаны тауып, клиентке қайтарады. Осындай түрде, желі бойынша салыстырмалы түрде қысқа сұраныс және қажетті бір жазба беріледі.

 

 

2.1.Мәліметтер базасы – есептеулер сақталатын  мәліметтер массиві.

Мәліметтер базасын жасау кезінде 2 мәселені ескеру қажет:

1. Мәліметтер өздерін қолданатын программадан тәуелсіз болуы керек,яғни бағдарламаны өзгертпей-ақ  мәліметтерді қосу немесе қайта құру үшін;

  1. Жай бағдарлама тілінде жазылуы күрделі еңбекті қажет ететін бағдарламаларсыз-ақ МБ-дан керекті ақпаратты сұрау және іздеу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету.

Мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын бағдарламалардың мынадай түрлері белгілі:

Отандық: НАБОБ,ПАЛЬМА, БАНК және т.б.

Шетелдік: ADAbase, Dbase, FoxBase, FoxPro, Karat, Access, Paradox, MySQL, Oracle, Informix және т.б.

Осылардың ішінде бұл курстық жұмыс Paradox-та жасалды.

Paradox – бұл Delphi 7-дің мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған технологиясы. Мұның басқа мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын бағдарламалардан айырмашылығы – онда мәліметтер типтерінің ең көп түрлері қарастырылған.

3.Аналитикалық көрсетілуі

 

Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы.

Техникалық жабдықтау–бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы.

Жедел ақпарат қазіргі уақыттағы объектілер күйін көрсетеді, яғни өңделмеген ақпарат, ол келесіге жауапты болуы тиіс:

-ақпараттардың толықтығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;

-құжаттар жүйесінің даму мүмкіндігі;

-құжаттардың ақпаратпен сыйымдылығын қамтамасыз ету;

-ақпараттың қайталанбауы;

Құқықтық жабдықтау- ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан  қорғайтын    нормативтік актілердің жиынтығы.

 

 

 

 

3.1.  Программалық    жабдықтау

Программалық жабдықтау деп техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс істетуді жабдықтайтын, АЖ-ң қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуін ұғуға болады, ол матиматикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады. Жалпы прогрпммалық жадықтау — бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетінесептеу кезеңінің «және-немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.                                                                                      Программалық  жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • Программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын сенімділік, әрбір ақпаратты максималды қорғау, жүйенің құрылымынан шығуға минималды мүмкіндігі;
  • Қолайлылығы, яғни программалық жабдықтау компьютерлік программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға емептелген;
  • Жеңіл меңгерілуі, жұмыс жасауға қолайлы, интерфейс;
  • Жүйелермен қосылушылық;

 

 

 

 

Программалық жабдықтаудың сипаттамасы

Түрі Сипаттамасы
Жалпы Операциялық жүйе-Windows XP 2000,MS Office 97-2007
Арнайы Delphi7

 

3.2.Ақпараттық  жабдықтау

Ақпараттық жабдықтау — бұл ақпараттық жүйелерде қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттарының және ақпараттық массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі міндетіне ақпараттық сақтау мен жинау, ақпараттар қорына өзгерістер еңгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығыс ақпараттарды беру жатады.  Ақпаратпен

 

жабдықтаудың негізгі арналуына сақтау, ақпаратты жинау, ақпараттар қорына өзгерістер кіргізу жатады.

 

Ақпаратпен жабдықтаудың  сипаттамасы

Элементтері Сипаттамасы
Ақпараттық технология Барлық ақпараттар мәліметтер базасында сақталады
МБ түрі Реляционды
Жіктеу жүйесі Жіктеудің фасеттік жүйесі
Кодтау жүйесі Идентификационды әдіс,кодтаудың реттік жүйесі
Қорғау Істен шыққан жағдайларда мәліметтерді қалпына келтіру жүйесі

 

 

 

 

3.3.Есептің қойылымы

 

Курстық жұмыстың негізгі есебі –“Кітапхана” туралы мәліметтер базасын құру.

Курстық жұмыстың мақсаты — база мәліметтерінің қасиеттерін, олардың негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және оларды басқару жүйелерін анықтау.

Курстық  жұмыста кітапхана жайлы және оның жұмыс принципі туралы мәліметтер қарастырылған.

Delphi-де ДҚ кестелерінің форматы  болмайды, бірақ  көптеген ДҚБЖ-мен қатынас жасайды, жергілікті -dBase Paradox,  өнеркәсіптік — SyBase InterBase ДҚ-мен  жұмыс істеуге арналған Delphi құралдарына  жатады :

  • Аспаптық құралдaр (арнайы бағдарламалар және пакеттер)
  • Компоненттер

 

 

 

 

 

 

3.4.Қосымша құру.  ДҚ кестесін  құру.

 

Қарапайым қосымша жасаулары мына кезеңдерден тұрады:

  • ДҚ кестелерін құру ;
  • Қосымша форма құру .
  • DataBaseDesktop бағдарламасын қолданып, ДҚ кестелері құру.
  • Жаңа кесте құру процесі, New|Table командасымен басталады, интерактивтік тәртіпте және келесі пункттерден құралған :
  • кесте үлгісін таңдау ;
  • кесте құрылымын беру ;
  • кілттік алаңдары көрсету ;
  • индексті анықтау ;
  • алаңның мәнін анықтау ;
  • парольді анықтау ;
  • кестелер аралық сілтемелік бүтіндікті сұрау ( байланыстың ).

 

3.5.Жобалаудың негізгі қадамдары:

 

  1. Мәліметтер базасының ақпараттық талаптарын анықтау.
  2. Объектілердің мән-мағынасы және олардың сипаттамаларын (мысалы, “деталь” мән-мағынасы үшін сипаттамалар: “аты”, “түсі”, “салмағы” және т.б.) құру, сонымен бірге олардың тізімін құру.
  3. Мән-мағынаға сәйкес кестелер (Paradox, dBase, FoxPro, Access, Clipper, InterBase, Sybase, Informix, Oracle және т.б.) құру.
  4. Әрбір объектіні сипаттайтын атрибутты анықтау.
  5. Tолықтылығын қолдайтын және орнататын ережелерді жасау.
  6. Объектілер арасында байланыс орнату.
  7. Мәліметтердің сенімділігін жоспарлау және қажеттілікке қарай ақпараттың құпиялылығын сақтау.

 

3.6 .Жобалау негізі.

 

-Кітапхана жұмыс істеудін ыңғайлы жүйесін ұйымдастыру;

-Таңдалған объектілерге сәйкес мәліметтер жинау;

-Объектілерді зерттеп, атрибуттарын анықтау;

-Ұйымдастырушы рөлінде болып, барлық ақпараттарды құрастыру және жүктеу. Алдымен DBE Administrator-да құралатын МБ-нің типін және директориясын анықтау. Одан барып DataBase DeskTop-та кестелерді зерттелінген обьектілердің атрибуттары бойынша құру;

-Мәліметтер базасымен жылдам әрі эффективті түрде жұмыс істеу үшін қолданушы менюін құру. Әрбір менюге ішкі менюлер беру;

-Мәліметтер базасымен жұмыс істеуді ыңғайлы ету үшін пішіндер, құжаттар және статистикалық мәліметтері бойынша есеп беруді құрастыру.

 

 

3.7.Функционалдық тағайындалуы.

 

Курстық жұмыс — кітапхана жүйесінің  қызмет көрсетуін  жеңілдетуге бағытталған. Кітапхана көп оқырмандарға арналғандықтан күрделі жүйе болып табылады. Жүйенің қызметін толықтай қамту үшін мынадай  объектілерді сипаттап кетейік:

  • Кітапханадағы кітаптар тізімі — кітапханада сақталатын барлық кітаптар тізімі.
  • Кітаптар туралы мәлімет — кітапханадағы кітаптар туралы толық ақпарат.
  • Оқырмандар туралы мәлімет — кітапхананың оқырмандары туралы ақпарат.

Жоғарыда қарастырған объектілерді анықтайтын ақпараттарды  жоюға, өзгертуге, жаңартуға болады.

 

3.8. ДҚ-мен жұмыс істеуге арналған компоненттер

 

ДҚ-ы кестелері дискіде орналасады. Олар физикалық объекті болып келеді. Кестеде орналасқан мәліметтер операциялары мәліметтер жиынына қолданылады.

Мәліметтер жиыны- жазбалар, ол бір немесе бірнеше ДҚ-ы кестелерінен алынған. Жазбалардың белгілі бір ережемен таңдалынған жиыны логикалық кесте деп аталады. Мәліметтер жиынының және кестелердің өзара әрекеттері  физикалық файл және файлды айнымалымен өзара байланыстырады.

 

Delphi-де  ДҚ жұмысы жұмыс істеу үшін Table Query, StoredProc және DesisionQuery компоненттері  қолданылады .

StoredProc –ДҚ жойылған  әрекеттестік ұйымы;

DesisionQuery – шешімдерді қабылдайтын  жүйелерінің құруға арналған.

 

ДҚ мүмкіншіліктері TDataSet сыныбын қамсыздандырады, ол редакциялауы және мәліметтер жиынын  ауыстыру. ТTable және ТQuery компоненттері TBDE TDataSet класында туындайды. ДҚ-ы кестесінің орналасқан жерін көрсету үшін DataBaseName қасиеті қолданылады.

Мәліметтер жиынын  жазбалар санымен басқаруды таңдаудың қосымша түрімен: сүзгілеу немесе SQL сұранысы арқылы іске асырылады.

Мәліметтер жиынымен операцияларда мәліметтерге екі түрлі амал қолданылады:

1.Навигациялық

2.Реляциялық

 

 

 

 

Қатынастың  навигациялық тәсілі әрбір жеке мәліметтер жиынының  жазбасын өңдейді.Бұл тәсіл жергілікті ДҚ-мен немесе қарапайым ДҚ жұмыстары үшін қолданылады.

Реляциялық тәсіл жазбалар тобын өңдеуге негізделген. Егер бір жазбаны  өңдеу қажет болса, бәрі-бір барлық топ өңделеді, себебі ол бір жазба болып есептелінеді. Реляциялық тәсіл сұранысқа  негізделген және SQL-ге бағытталған деп аталады.Тармақталған ДҚ-ы жұмыстары үшін қолданылады.

 

 

  1. Пәндік аймақты талдау.

 

Қатынастық  деректер қорының жобасы дегеніміз – барлық атрибуттары, қатынастардағы бастапқы кілттер және де  қордағы  деректер  бүтіндігін  сақтау  принциптерін  қолдайтын  кейбір  қосымша қасиеттері  анықталған  өзара  байлнысқан  қатынастарды  топтамасы.

 

Жалпы алғанда жобалаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

  1. Пәндік аймақтың ақпараттық объектілерін жүйелік талдау.
  2. Пәндік аймақтың  инфологиялық  моделін  жобалау  —  пәндік  аймақтың  объектілерін  қандай  да  бір    семантикалық  модельдің  терминдерімен  формальды түрде сипаттау, мысалы, Е-модельдің терминдері арқылы.
  3. МҚ-н даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни МҚ-ң, объектілерін жалпы қабылданған терминдермен сипаттау.
  4. МҚ-ң физикалық жобалау,  яғни  МҚ-н  қосымшалардың  тиімді  жұмысын қамтамасыз ететін қандай да бір сыртқы жинақтауыштарда орналастыру.

 

Егер  екінші  және  үшінші  кезеңдердің  арасында  жобадағы  МҚ-ы  қандай  МҚБЖ-мен орындалатыны  жайлы  шешім  қабылдауды  қажет  ететіндігін  ескерсек,  онда  МҚ-жобалауды шартты түрде келесі бес кезеңнен тұратын схемамен көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

МҚ-ның жобaлау кезеңдері.

 

 

 

 

 

 

 

4.1.Пәндік аймақты (ПА) жүйелік талдау

 

Жалпы алғанда пәндік аймақтың құрамы мен құрылысын таңдаудың екі түрлі жолын атап  көрсетуге болады:

Функционалдық  түрі  —  МҚ  құруда  оны  пайдаланатын  адамдардың  атқаратын жұмысы,  олардың  шешетін  мәселелері    алдын-ала  белгілі  болған  жағдайда қолданылады.  Біз  бұл  жағдайда  сипатталатын  пәндік  аймақтың  қажетті объектілерінің минимальды топтамасын ашып көрсетуімізге болады.

Пәндік түрі —  бұл жағдайда МҚ  болашақта пайдаланушылардың  қажеттіліктері нақты  анықталмаған.  Ол  қажеттіліктер  жан-жақты  және  үнемі  өзгеріп  отыруы мүмкін.  Бұл  жағдайда  біз  пәндік  аймақтың  сипатталуға  тиісті  объектілерінің минималды топтамасын нақты бөліп көрсете алмаймыз. Күнделікті өмірде көбінесе нақты  қолданушылардың  сұранысына,  талабына  жауап  беретін,  болашақта  жаңа қосымшаларды  пайдалана  отырып  дамыту  есепке  алынатындай  қандай  да  бір компромисс нұсқаны қолдану дұрыс деп есептелінеді.

Осы мәліметтерге сәйкес кітапхана жүйесінің жүйелік талдауы пәндік түрі бойынша жүзеге асады.Кітапхана мүмкіндіктері көбейе түскен сайын жүйенің құрлымыда өзгеріп отырады.Кітапхана жүйесінің негізгі мақсаты кітапхана  қызметін қажет еткен әрбір қолданушыға автоматтандырылған турде қызмет көрсету.

 

 

4.2. Даталогиялық жобалау.

 

Қатынастық деректер қорын даталогиялық жобалау кезеңі ол қордың схемасын жобалауға тіреледі. Жүйенің дұрыс құрылғандығын талдау үшін МҚ-ндағы атрибуттар арасындағы функционалды тәуелділікті зерттеу қажет. Кейбір тәуелділіктер МҚ –н модификациялау(атрибуттарды қосу, жою, өзгерту) барысында көрінеді және келеңсіз жағдайларға әкеледі.

Даталогиялық жобалау кезеңі келесі нәтижелерге қол жеткізеді:

  • МҚ-ның концептуалды схемасын сипаттау таңдалған МҚБЖ-ні терминдерін пайдалана отырып жасалады.
  • Сыртқы модельдерді сипаттау(таңдалған МҚБЖ-ні терминдерін пайдалана отырып жасалады).
  • Қордағы деректер бүтіндігін сақтауды сипаттау.
  • МҚ-ның семантикалық бүтіндігін сақтау процедураларын құруды қолдау.
  • Қатынастық деректер қорына бағытталған МҚ-ның корректілі схемасын тұрғызу.

 

 

 

 

 

 

МҚ-ны схемасын жобалау екі жолмен орындалуы мүмкін:

  • декомпозиция (бөлу, бөлшектеу), берілген қатынастардың жиыны басқа жиынмен(үлкен) ауыстырылады және ол жиын бастапқы жиынның проекциясы болып табылады;
  • синтез, берілген МҚ-ның схемасындағы пәндік аймақтың бастапқы элементарлы объектілерінің тәуелділіктерінен топтастыру арқылы жаңа тәуелділіктер алу.

 

4.3. Kонцептуалды схемасы.

 

Кітаптар тізімі
Аты

Саны

Факультет

Алынған мерзімі

Кітапхана
Кітаптар тізімі

Кітаптар туралы ақпарат

Оқырман туралы ақпарат

 

 

 

 

 

 

Кітаптар туралы ақпарат
Аты

Авторы

Бет саны

Басып шығарушы

 

 

 

 

Оқырман туралы ақпарат
Кітап аты

Оқырман аты

Оқырман жөні

Адресі

Телефон нөмірі

Телефон

Алынған күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.4. Физикалық жобалау

 

Жұмыс барысында бірінші қадамда С дискідан  «Кітапхана» деген (С:Кітапхана)  папка ашамыз. Сосын  Delphi 7 ортасында істеген барлық  (Unit, Project, db )  жұмыстарымызды осы папкада сақтаймыз.  BDE Administrator –ға кіріп  «С:Кітапхана»  жолын   береміз.

МҚ-н  физикалық  жобалау,  яғни  МҚ-н  қосымшалардың  тиімді  жұмысын қамтамасыз ететін қандай да бір сыртқы жинақтауыштарда  орналастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басты форма

 

 

 

 

 

 

 

Мәліметтер  базасын  қорғау

Ақпаратты қорғау — дегеніміз қорғалынатын ақпаратты сақтауды қамтамасыз ету және оның техникалық арналардан өтіп кетуін болдырмау мақсатында ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, беру жүйесіндегі арнайы тәсілдер мен жабдықтарды қолдану

Ақпараттардың тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау мүмкіндігі бар.

Ақпаратты қорғаудың негізгі мақсаттары:

  • ақпараттың ұрлануын, жойылуын, жоғалуын және жасандылығын болдырмау.
  • программаларды көшіру, жоюға, таратуға қатысты заңсыз іс-әрекеттерді болдырмау.

ақпараттық жүйедегі мәліметтердің құпиялылығына байланысты азаматтардың конституциялық құқығын қорғау.

  • ақпараттық жүйедегі мәліметтердің құпиялылығына байланысты азаматтардың конституциялық құқығын қорғау.
  • қолдану үрдістеріндегі субъектілердің құқығына кепіл беру.
  • компьютерлік вирустардан және басқа да қатер тудыратын әсер етулерден қорғау.

Ақпаратты қорғау жүйесі — бұл маңызды ақпаратты қорғауды қамтамасыз ететін заңдылық күші бар әдістер мен жабдықтар. Ақпаратты қорғау құралдары — мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.

Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі параметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы мен ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.

Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеуді келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:

 

 

— қорғанылуы көзделген мәліметтердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;

— ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;

-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарын барынша  іздеп табу;

— пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;

— орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;

— ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.

Қорғаныштың мақсаты — қатынас құруға рұқсат етілмеген арналарды ақпараттың түрін өзгертуге, ақпаратты жоғалтуға және сыртқы әсерлерден сенімді түрде сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты бөгеттердің бірыңғай жүйесін құру. Жүйе жұмысын қалыпты режимде көзделмеген осындай оқиғалардың біреуінің пайда болуы рұқсат етілмеген қатынас құру деп саналады.

Қорғаныш жүйесінің міндеттері:

  • жасырын және өте жасырын ақпараттарды онымен рұқсатсыз танысудан және оның көшірмесін жасап алудан қорғау;
  • Мәліметтер мен программаларды рұқсат етілмеген кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден қорғау;
  • Мәліметтер мен программалардың бұзылуының салдарынан болатын шығындар көлемін азайту;
  • есептеу техника құралдарының көмегімен орындалатын қаражаттық қылмыстардың алдын алу және т.б

Сенімді қорғаныс құру үшін мыналар керек:

— ақпарат қауіпсіздігіне төніп тұрған барлық қауіп-қатерлерді айқындау;

— олардың келтіретін залалдарын бағалау;

-нормативті құжаттардың талаптарын, экономикалық мақсатқа лайықтылықты,

-қорғаныштың керекті шаралары мен құралдарын анықтау;

— қорғаныштың таңдап алынған шаралары мен құралдарын бағалау.

Қорғаудың криптографиялық жабдықтары — ақпаратты түрлендірудің арнайы әдістері мен жабдықтары. “Криптос” (kriptos) грек сөзінен аударғанда “құпия” дегенді білдіреді. Ақпаратты түрлендіруде ақпараттың мазмұны толығымен өзгереді. Криптографиялық жабудың (ақпаратты жасыру) негізгі түрі қозғалынатын мәліметтерді кодтау және шифрлау болып табылады.

Шифрлау кезінде мәліметтердің әрбір символы өзіндік түрленуге түседі, ал кодтау кезінде қорғалынатын мәліметтер мағыналық мәні бар топтарға бөлінеді.        Мұндай әрбір блок шифрмен және аралас кодпен ауыстырылады.

Мәліметтерді өңдеу жүйесінде шифрлау жүйесінің екі түрі қолданылады.

  • ауыстыру жүйесі;
  • алмастыру жүйесі;

Криптографиялық жабулармен ақпаратты қорғау шараларының негізгі сипаттамасы- шифрлаудың орнықтылығы. Орнықтылық ретінде шифрланған мәтіннің ең кіші көлемі қабылданады.

Криптология – бұл байланыстың қауіпсіздігі жайлы ғылым. Криптология негізгі 2 бөлімнен тұрады:

  • Криптография
  • Криптоталдау

Криптограф ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ететін әдістер табуға тырысады.

  • Криптоталдаушы шифрланған мәтінді ашуға тырысады.
  • Компьютерлік қастандық термині XXғ. 70-жылдарының басында пайда болды.

Компьютерлік қастандықтың байқалу формалары:

  • компьютерлік манипуляция;
  • компьютерлік шпионаж;
  • компьютерлік саботаж;

Компьютерлік манипуляция (manipulation- француз тілінен аударғанда шапшаң орындалатын, байқалмайтын әрекет) программалардың құрамын өзгерту және рұқсат етілмеген өңдеу үрдісіне араласу.

Компьютерлік шпионаж (spion – неміс тілінен аударғанда құпия агент дегенді білдіреді) келесі ақпараттарды алу үшін жасалады:

  • ғылыми зерттеу нәтижелері;
  • өнімді өткізу стратегиялары жайлы мағлұматтар;
  • әкімшілік мәліметтер;

 

  1. Қосымшалар

 

unit Unit1;

 

interface

 

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, Menus;

 

type

TForm1 = class(TForm)

MainMenu1: TMainMenu;

N1: TMenuItem;

N2: TMenuItem;

N3: TMenuItem;

N5: TMenuItem;

N6: TMenuItem;

N7: TMenuItem;

N4: TMenuItem;

C1: TMenuItem;

N8: TMenuItem;

N9: TMenuItem;

procedure N1Click(Sender: TObject);

procedure N3Click(Sender: TObject);

procedure N4Click(Sender: TObject);

procedure N5Click(Sender: TObject);

procedure N6Click(Sender: TObject);

procedure N7Click(Sender: TObject);

procedure N8Click(Sender: TObject);

procedure N9Click(Sender: TObject);

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

 

var

Form1: TForm1;

 

implementation

 

uses Unit2, Unit3, Unit4, Unit5, Unit6, Unit7, Unit8, Unit10;

 

{$R *.dfm}

 

procedure TForm1.N1Click(Sender: TObject);

 

 

 

 

 

 

begin

Form2.Visible:=True;

end;

 

procedure TForm1.N3Click(Sender: TObject);

begin

Form3.Visible:=True;

end;

 

procedure TForm1.N4Click(Sender: TObject);

begin

Form7.Visible:=True;

end;

 

procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);

begin

Form4.Visible:=True;

end;

 

procedure TForm1.N6Click(Sender: TObject);

begin

Form5.Visible:=True;

end;

 

procedure TForm1.N7Click(Sender: TObject);

begin

Form6.Visible:=True;

end;

 

procedure TForm1.N8Click(Sender: TObject);

begin

Form8.Visible:=True;

end;

 

procedure TForm1.N9Click(Sender: TObject);

begin

Form10.Show;

end;

 

end.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Құрылған мәліметтер базасы “Кітапхана” жайында болып отырғандықтан  кез келген қолданушы кітапхана жайында толық мәлімет ала алады. Бұл курстық жұмыс кітапхана жүйесінің қызметін анықтауға үлкен көмек көрсетеді.  Яғни деректер қорында кітапханадағы барлық  кітаптар және оқырмандар жайында мәліметтер бар.

Аталған деректер қорын  уақыт ағымына  қарай өзгертіп  отыруға болады.Себебі кітапхана халыққа қызмет көрсететін бірден-бір мекеме болғандықтан үнемі динамикалық өзгеріске түсіп отырады.

Бұл курстық жұмысты жасау барысында Delphi7 ортасында мәліметтер базасын құрып, оның мүмкіндіктерін форма, құжат, cұраныстарды орындау арқылы игеруді үйрендім.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Архангелский А.Я. Программирования в Delphi 7.-М.: « Бином-Пресс»,2004г.-1152с.:ил.
  2. Фаронов В. Програмирование Баз Данных в. – М: Бином, 2004
  3. Балғабаева Л.Ш. Мәліметтер және білім базасы. Алматы. ҚазҰТУ,2000;
  4. А.Д. Балғабаева Л.Ш. “Мәліметтер базасы” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Адматы, ҚазҰТУ, 2005;
  5. Хомоненко, В.М. Цыганков, М.Г. Мальцев. «Базы данных».
  6. 6. Балғабаева Л.Ш. Borland Builder. Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2006;
  7. Карпова Т. Базы Данных. – Санкт-Петербург,2001
  8. 8. Лекциялар жинағы.