Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..3
- НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ…………………………..4
- Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы…………………….4
- Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері………………………………………………………………………………….8
- «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ…………………………………………………………..15
- «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау…………….15
- Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау…………………..23
- «Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау…………..26
- БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ……………………………………………………………..31
- Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері………………………………………………………………………………………31
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………37
КІРІСПЕ
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2008 жылғы 18 ақпан):
«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2007 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2008 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5 800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, 2015 жылы шамамен 9 000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2003 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол,» — деп жазған. [1]
Осыған орай, біз ұлттық табысты арттыруымыз қажет. Ал ол үшін, ең алдымен, табыс, пайда әкелетін кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, олардың субъектілерін одан әрі дамытып, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттырып, табысын көбейту керек. Яғни, кез келген өндірістік кәсіпорын өзінің өндірістік шығындарын қысқартқаны, төмендеткені жөн. Бұл пайданы арттырудың негізгі кепілі болып табылады. Сондықтан, осы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары» — қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар үшін өзекті мәселе болып отыр.
- НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы
Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан. К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар, айналым шығындары.
Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа, материалдарға кеткен шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы да кіреді. Тағы басқа өндірістік шығындар түсінігіне тауарды шығару мақсатында кәсіпорын ұйымдастырушыларының жұмсаған шығындары жатады. Бір тауар құнының екіден бір бөлігін өндірістік шығындар құрайды.
Айналым шығындарының жіктелуі сол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Ол өндірістік инфрақұрылымға жақынырақ болып келеді және тауар құнына кіріп, соңғысын ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғаннан кейін түскен ақшадан ғана төленеді. Таза айналым шығындары – сату шығындары (сатушылардың жолақысы және тағы басқа), маркетинг (тұтынушылардың сұранысын анықтау), жарнама, штаб-пәтер персоналының жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар тауар құнын ұлғайтпай, тауарды өндіру үрдісі кезіндегі сатылғаннан түскен пайдамен төленеді.
Қазіргі кездегі шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезді де қамтиды. Жалпы теорияда экономикалық және бухгалтерлік шығындар қалыптастырылады.
Өндірістік шығындарға ақша түрінде көрсетілгенімен, белгілі бір өнім өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар жатады. Сонымен қатар, олар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды (шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығы, жанар май, электр энергиясы және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің жалақысын жатқызады. Осы арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге қаншаға айналатынын көруге болады.
Берілген анықтама бухгалтерлік шығындарды анықтап, сатып алынған ресурстардың төлемі ретінде тек нақты шығындарды қосады. Осылайша, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан ерекшеленеді. Ал сол экономикалық шығындар болса, өнім өндіру үшін нақты емес шығындарды қоса есептейді.
Нақты емес шығындар – бұл өнім процесінде қолданылатын өндірістік фактор, бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын адамдардың өзіндік еңбегін, оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік капиталын немесе жерді жатқызуға болады, бірақ ол кәсіпорын меншігінде болуы керек. Нақты емес шығындарды фирманың экономикалық шығындарына қосу үшін оларға ақшалай түрде баға беру керек. Ал егер ресурстарды сатып алмаса, оны қалай істеуге болады? Ол үшін берілген ресурстардың «альтернативті құны» деген түсінік қолданылады. Мысалы, белгісіз бір кәсіпкер өндіріске өзінің қаржысын салды дейік.
Бұл қаржыны қолданудың альтернативті нұсқауы ретінде машиналарды жатқызуға болады. Кез келген кәсіпорынның акциясын сатып алатын болса, соған байланысты ол дивиденд алады және коммерциялық банктің депозитіне ақша салып, процент алады. Берілген ресурстардың жоғарыда айтылып кеткен альтернативті нұсқауларына қарағандағы ақша салымының альтернативті құнын бағаласақ, кәсіпкердің өз өндірісіне салғаны тиімді болады, әрі ақшалай табыс әкеледі. Егер акцияны сатып алуды альтернативті жағынан пайдаланатын болсақ, онда өз өндірісіне салынған салым жіберіп алған дивидендтер қатынасының альтернативті құнын құрайды, яғни нақты емес шығындар көлемі бухгалтерлік шығындармен қосқандағы өндірістік шығындардың нақты көлемін көрсетеді.
Кәсіпкер үшін, көбінесе, жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар көлемі – бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтыны маңызды болып табылады. Орташа шығындарды есептеу үшін жалпы шығындарды өндіретін өнім көлеміне бөлу керек. Орташа шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып, бұл өнімді өндірудің тиімділігін анықтауға болады.
Шекті шығындар бір өнім данасын артық шығарса, қаншалықты өсім болатынын анықтайды. Бұл фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қаншалықты табысты болатынын көрсетеді.
Шығындар ұзақ және қысқа мерзімді болып ажыратылады. Қысқа мерзімде тұрақты шығындар көрсетіледі. Ал ұзақ мерзімде ауыспалы шығындар көрсетіледі.
Өнімді өндіруге кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей факторларға байланысты болады:
- Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
- Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;
- Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;
- Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім сапасын жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол сияқты;
- Өнімді өндірер алдында оған алдын-ала жоба жасау, яғни ойдан сол тауарды құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, эксперимент жұмыстарын жүргізу және осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға авторлық жұмысына сыйақылар беру;
- Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат, материалдар, отын, энергия, құрал-жабдықтар және басқа да еңбек құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы-гигиеналық жұмыстарын жүргізу және осылармен қамтамасыз ету;
- Жұмысшыларға еңбек ету үшін жақсы жағдай жасау және техникалық сақтандыруды қамтамасыз ету;
- Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді, ол фирманың құрылымы қандай және қандай жұмыстарды жүзеге асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық, аудиторлық қызметтерге кеткен шығындарды есептеу;
- Кадрлар дайындау және қайта дайындау;
- Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу, зейнетақымен қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша-қаражат беру;
- Медициналық сақтандырумен және тағы басқаларымен қамтамасыз ету.
Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі оның өнімінің қаншалықты сатылғанынан (қызмет көрсетілгенінен) көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығыны арқылы анықталады.
Жалпы, нарықтық экономика жағдайларында жақсы нәтиже беретін шығындарды қалыптастыру керек. Сондықтан, шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл бөлінеді. Кез келген объектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын басқару — оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.
Шығындарды басқару қызметі басқару элементтерінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау және реттеу, ынталандырушы және активизация, есеп және талдау.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті – жоспарлау кезінде материалды, өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау. Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі ең негізгілері – бұл бір дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және бір теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар, өткізген өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген, өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.
Өндірістік шығындар сметасы – кәсіпорынның өндірістік қызметтерінің, экономикалық элементтерінің, кесіп алғандағы, оның барлық шығындарының соммасы көрсетілген жалпылама көрсеткіш. Онда, біріншіден, өнімнің жалпы және тауар өндірісімен байланысты негізгі және қосымша өндірістің барлық шығындары; екіншіден, өндірістік емес қызмет көрсету және жұмыс шығындары; үшіншіден, орналасқан жері мен қайнар көзіне байланыссыз жаңа өндірісті қабылдауға кеткен шығындар көрсетілген. Бұл шығындар ережесі бойынша зауыт ішіндегі айналым есебісіз алынады.
Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
- Нақты бір өнімге жатқызуға болатын тікелей шығындар есебі және шыққан орнында жойылатын шығындар;
- Бастапқы шығын есебі, бірақ ол нақты шығындарды алып жүрмейді. Жойылуына байланысты ол 2 түрлі болады:
— пайда болған орнында жойылатын тікелей жойылу шығындары;
— шығындардың пайда болған орнына тікелей қатысты емес шығындар.
Басшылар сметаның көмегімен, өздерінен төменгі деңгейдегі басшыларға өздерінің жоспары туралы хабарлайды. Оны дайындау үрдісі басқарушылық шешімдерді қабылдауға, үлкен көлемдегі қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Егер смета фирмадағы үлкен көлемдегі жұмысшылардың қатысуымен жасалса, онда ол барлық бөлімшелердің өте тиімді ынталандырғышы болады.
Негізделмеген баға құруды және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін басқару үшін тек кәсіпорын бойынша ғана емес, оның бөлімшелерінің, өнім түрінің шығындарын ғана емес, сонымен бірге бір өнімге кеткен шығынды есептеу керек, яғни өзіндік құнның калькуляциясын, өнімнің калькуляциясын – бір бұйымның немесе жартылай фабрикаттың бір данасын анықтап есептеу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі — өнімнің өзіндік құны болып табылады. Ол — өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай, ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорын өнімінің өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбек ақы – бұл шығындардың басты статьялары. Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өз қызметкерлеріне сый ақы, банктік несиеге пайыз төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды. Бірақ, өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатақхана, мектеп, клуб, тағы басқа) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
- Әлеуметтік сақтандыруға жалақы қорынан 37 %;
- Банк несиесіне пайыз;
- Мемлекеттік тұрғындарды жұмыспен қамту қорына жалақы қорынан 1%;
- Міндетті медициналық сақтандыруға;
- Негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға кететін шығын;
- Айыптар, тағы басқа ескерілмеген өндірістік шығындар;
- Тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Өзіндік құн өндіру сатыларына байланысты: цехтық, фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – өндірілген өнімге цехта, учаскілерде, бригадаларда шыққан шығындар.
Фабрика-зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындармен қоса, жалпы өндірістік шығындар немесе:
ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + Әж.ө.ш.). (1)
Мұнда жалпы өндірістік шығын (Әж.ө.ш.) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтық шығынға щаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэффициенті 0,5 болса, онда ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + 0,5) =1,5 ЦӨҚ болады.
Өнімнің толық өзіндік құны — өндірістік өзіндік құн және өнімді өткізуге кететін шығындар (кезең шығындары):
ТӨҚ = ӨӨҚ * (1 + 0,03). (2)
Мұндағы 0,03 коэффициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері болып табылады.
Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай оны бірнеше түрге бөлуге болады: жоспарлы, болжамды (есеп) және нақтылы.
Жоспарлы өзіндік құн – ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайына байланысты қажетті шығындар.
Болжамды өзіндік құны – технико-экономикалық есептерді ескере отырып, жаңа енгізілген ғылыми жетістіктерге кеткен шығындар.
Нақтылы өзіндік құн – барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн. [19]
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері – пайда және пайдалылықтың деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады:
- Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәні — өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
- Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
- Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу. [7]
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері
Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жай және күрделі өндіріс үшін материалды және ақшалай шығындарға ұшырайды, мысалы: негізгі қор және айнымалы құралдарға, өнімді өткізуге, еңбек коллективінің әлеуметтік дамуына және тағы басқаға кететін шығындар. Ал кәсіпорынның ең көп шығындарды талап ететіні – ол өнім өндірісіне кететін шығындар болып табылады.
Кәсіпорынның еңбек қабілеттілігін ұстап тұру үшін, өнімді өткізу үшін және өндірістік факторларды қолдану мақсатындағы шығындардың құны ақшалай көрсеткішпен бағаланады. Өндірістік шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды. Өнімнің өзіндік құны өнім өндірісінің үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, жанар майдың, энергияның, негізгі қордың, еңбек ресурстарының және тағы басқа өнім өндірісіне, өнімді өткізуге кеткен шығындарды көрсетеді.
Өндірістік шығындар — өзіндік құн экономикалық категориясының бастысы болып есептеледі. Олардың деңгейі, көбінесе, пайданың көлемін, кәсіпорынның рентабельділігін, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Өндірістік шығындарды қысқарту және оптимизациялау — әр кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын білдіретін экономикалық қызметінің негізгі бағыты.
Жалпы, шығындарды жақсы түсіну үшін олардың түрлерін қарастырайық. Біріншіден, мынаған көңіл бөлген жөн: экономист өндірістік шығындарды қысқартуды ойластырады, ал бухгалтерді фирманың қаржылық балансы қызықтырады. Бухгалтер фирманың бұрынғы қызметінің тиімділігін бағалап, активі мен пассивін қадағалайды және фирманың қаржысына ретроперспективті көзқараспен қарайды. Экономистер мен басқарушылар, керісінше, фирманың перспективасына қызығушылық білдіреді. Олар болашақ шығындарды қалайша азайтамын және рентабельділікті қайтіп көбейтемін деп қам жейді.
Сонымен, шығындар экономикалық және бухгалтерлік деп бөлінеді. Экономикалық шығындарға ресурстарды қолдану үшін кәсіпорынның жабдықтаушыларға төлейтін барлық шығындары жатады. Олар сыртқы шығындардан тұрады, яғни жабдықтаушыларға, ресурстарға, жанар майға, материалдарға, шикізатқа, жұмыс күшіне және тағы басқаға төленетін ақшалай төлемдер. Сонымен қатар, экономикалық шығындарға ішкі шығындар да жатады, яғни кәсіпорын иесінің өндірістік ресурстарды қолданғаны үшін төлейтін шығындар. Ішкі шығындар кәсіпорынның қосымша ресурстарын және нормалды пайданы көрсетеді. Экономикалық шығындар деген түсінікті жоспарлы есепте, құрылымдық талдауда, шығындарды қысқарту резервтерін шығаруда, өнімнің құнын белгілегенде және тағы басқа жағдайларда қолданады. Ал бухгалтерлік шығындар фирманың практикалық қызметін шығарғанда, шығынның нақты соммасын есептегенде, салық салынатын пайданы анықтағанда және тағы басқа жағдайларда қолданады.
ТМД елдерінде жалпы бухгалтерлердің өнім өндірісінде қолданатын шығындардың классификациясын қарастырайық.
- Өнімнің өзіндік құнының құрамына кіруіне байланысты шығындар:
- тікелей шығындар, олар өнімнің өзіндік құнына тікелей кіретін, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты болады;
- жанама шығындар, олар бөлінгеннен кейін ғана өнімнің өзіндік құнына кіріп, бірнеше өнім шығарумен байланысты болады.
- Өндіріс көлемінің өзгеру деңгейіне байланысты шығындар:
- пропорционалды шығындар, олардың соммасы тікелей өнім өндірісіне байланысты болады;
- пропорционалды емес шығындар, олар өнім өндірісі кезінде өзгермейді немесе өзгерісі айтарлықтай көрінбейді (жанар май, ғимараттың амортизациясы, тағы басқа).
Бұл классификация бір өнім өндірісіне кеткен шығындар минималды
болып, оптималды өнім көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
- Шығындардың шығу орнына байланысты шығындар:
- негізгі шығындар;
- қосымша шығындар.
- Біртектілік деңгейіне байланысты шығындар:
- элементті шығындар (шикізатқа, негізгі материалдарға, негізгі қордың амортизациясына кететін шығындар), оларды құрамдық бөліктерге бөлуге болмайды;
- кешенді шығындар (құрал-жабдықтардың эксплуатациясы және оларды сақтаудағы жалпы өндірістік шығындар), олар бірнеше біртекті шығындардан тұрады.
- Технологиялық үрдісіне байланысты шығындар:
- негізгі шығындар, олар өнім өндірісіне тікелей қажетті, жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге қажетті шығындар;
- қосымша шығындар, олар өндіріс үрдісін басқаруға, қызмет көрсетуге, координациялауға, еңбек етуге жағымды жағдай жасауға қажет.
- Өнімнің өзіндік құнына және пайда болу уақытына байланысты шығындар:
- ағымдағы шығындар, олар ағымдағы уақытқа қатысты болып, сол кезеңнің өзіндік құнына кіреді;
- болашақ кезең шығындары, олар берілген уақытта болады, бірақ алдағы уақыттағы өнімнің өзіндік құнына белгілі бір мөлшерде кіреді;
- алдағы күтілетін шығындар (кезекті демалысқа төленетін төлемдер, мезгілдік шығындар және тағы басқа), бұл әлі жұмсалмаған шығындар, бірақ бұларға нормалданған смета жасалады.
- Бастапқы элементтер бойынша шығындар:
- «Материалды шығындар» элементі бойынша. Бұған шикізаттың құны, транспортты дайындау шығындарын ескере отырып, негізгі материалдардың құны, комплектілік бұйымдар, жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, сонымен қатар жанар майға және энергияның барлық түрлеріне кеткен шығындар жатады;
- «Еңбек ақы» элементі бойынша. Олар: негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесіне берілетін жұмысшылардың сый ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, соның ішінде пайданың индексациясына және бағалардың жоғарылауына байланысты компенсациялық жалақы, заңмен бекітілген мөлшердегі әйелдерге баланы қарағаны үшін жартылай төленетін төлем;
- «Сақтандыруға берілетін төлемдер» элементі бойынша. Заң шеңберінде бекітілген әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры, толық жұмыс күніне байланысты мемлекеттік қордан және жұмысшылардың жалақысынан алынатын медициналық сақтандыру шығындары;
- «Қосымша шығындар» элементі бойынша. Кешенді сипаттағы өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар, яғни шығындардың құрамына барлық экономикалық элементтегі шығындар кіреді, сондай-ақ бір немесе бірнеше өнімдерді шығарғанда, бір жағынан, бұл шығындар нақты сол өнімге қатысты болмай, дайын өнім арасында бөлінеді, екінші жағынан, жанама кезектегі бұйымдар арасында бөлінеді. Бұл элемент өзіне келесілерді кіргізеді: өндірісті еңбек құралдарымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін шығындар, негізгі өндірістік қорды жұмыс жағдайында ұстап тұру, негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесінде берілетін жұмысшылардың сый ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, өндіріс тоқтап тұрғандағы жоғалтулар, кепілдікпен қызмет көрсетуге кеткен шығындар, өнімді жөндеуге және жоғарыда көрсетілген шығындар элементтерінің біреуіне де қатысты емес басқа да шығындар;
Жоғарыда айтылып кеткен жалпыға бірдей элементтер өзінің сипаты бойынша сапалы біртекті, өндірістік бағытталуға және қолдануға байланыссыз шығындар. Сондықтан, экономикалық элементтердің классификациясы кәсіпорынның өнім өндірісінің жалпы шығындарының негізінде жатыр.
- Калькуляциялау статьялары бойынша шығындар классификациясы өндірістік бағытта, өндіріс үрдісінің пайда болу орнына байланысты және өнімді өткізу бойынша бөлулерді көрсетеді. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының классификациясына сәйкес, шығындар келесі топтар бойынша классификацияланады:
- Тауарлы-материалдық корларды бағалауға мүмкіндік беретін және өндірген өнімнің өзіндік құнын есептейтін шығындар:
- өтіп кеткен шығындар – болашақта пайда әкелмейтін және жұмсалып болған қаржылар, бұрын сатып алынып, қазір қолда бар және болашақта пайда әкелетін шығындар;
- өндірістік және өндірістік емес шығындар;
- Басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін шығындар:
- тұрақты және ауыспалы шығындар;
- шығындарды есептегенде қабылдайтын және қабылдамайтын шығындар (яғни болашақ кезең шығындары және өткен кезең шығындары);
- алып тастауға болатын шығындар, альтернативті дұрыс бағытты таңдағанда, құтылуға болатын шығындар;
- алып тастауға болмайтын шығындар;
- альтернативті шығындар – белгілі бір альтернативті бағытты таңдағанда, басқа біреуінен бас тартуға тура келеді;
- өсімкі шығындар – қосымша өнім топтарының бірлігін шығарудың нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындар (маржиналды шығындар – қосымша бір өнім бірлігін шығаруға кеткен шығындар);
Берілген классификация шекті шығындар және шекті пайда теңдеуінің ережесіне негізделе отырып, оптималды көлемді және бағаны анықтауға мүмкіндік береді.
- Шығындардың деңгейін бағыттап және қадағалап отырумен байланысты шығындар:
- бағытталатын шығындар;
- бағытталмайтын шығындар.
Сонымен, өндірістік шығындардың теоретикалық бөлімін жалғастырайық. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланыссыз және нөлдік өнім көлемінде де бола береді. Бұл — кәсіпорынның алдындағы міндеттемелер (қарыздар бойынша проценттер және тағы басқалары), салық, амортизациялық төлемдер, күзет қызметіне төлемдер, жал төлемі, нөлдік өнім көлеміндегі құралдарға қызмет ету шығындары, басқару персоналының жалақысы, тағы басқалар. Ауыспалы шығындар өнім көлемінің санына байланысты болып келеді. Олар материалға, шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына және тағы басқаға кеткен шығындардан тұрады.
Тұрақты және ауыспалы шығындардың соммалары жиынтық шығынды құрайды, ол дегеніміз – белгілі бір өнім түрінің өндірісіне кететін ақшалай шығын. Өнімнің бір данасына кеткен шығынның мөлшерін білу үшін ортақ, ортақ тұрақты және ортақ ауыспалы шығындар категориялары қолданылады. Ортақ шығындар жеке жиынтық шығынды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең. Ортақ тұрақты шығындар тұрақты шығындарды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең. Ал ортақ ауыспалы шығындар ауыспалы шығындарды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең.
Максималды пайдаға жету үшін қажетті өнім өндірісін анықтау керек. Экономикалық талдаудың құралы болып шекті шығындардың категориясы есептеледі. Шекті шығындар берілген өнім көлемімен салыстырғанда, қосымша өнім данасына кеткен қосымша шығынды көрсетеді.
Нақты тәжірибеде Ресей және Батыс елдерінде кәсіпорынның шығындарына талдау жасағанда біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтар байқалады. Ал Қазақстанда өнім өндірісіне және өнім өткізуге кеткен шығындардың соммасы арқылы өзіндік құн категориясы анықталады. Теорияда өнімнің өзіндік құнына нормативті өндірістік шығындар кіруі керек, бірақ практикада нормативтен асатын шикізатқа, материалдарға және тағы басқаларға кететін шығындар жатады. Сонымен қатар, өзіндік құнды экономикалық элементтерді қосу арқылы анықтайды (экономикалық мәні бойынша біртекті шығындар). Ал Батыс елдерінде өзіндік құнның калькуляциясын шығару үшін тікелей немесе жанама шығындардың классификациясы қолданылады. Тікелей шығындар – бұл өнімнің бір бірлігін жасауға кететін шығындар. Жанама шығындар – бұл кәсіпорындағы берілген өнім түрін шығару үрдісіне байланысты шығындар.
Жалпы көзқарас кейбір баптардың нақты классификацияларының арасындағы айырмашылықты жоққа шығармайды. Батыс елдерінде жоғарыда айтылып кеткен шығындар бөлінісі қолданылады. Олар, әуелі, тікелей шығындарды және жанама шығындардың жартысын ауыспалы шығындарға жатқызады, ал жанама шығындардың екінші жартысын (өнім көлеміне байланыссыз шығындарды) тұрақты шығындарға жатқызады. Жартылай ауыспалы шығындар болып жоғарыда айтылған жанама шығындардың бөлігі жеке топ болып көрсетіледі, себебі бұл шығындар өнім көлемінің өзгерісіне пропорционалды тәуелсіз болып, өзінің көлемі бойынша өзгереді. Шығындарды тікелей және ауыспалы деп бөлу қосылған құн деген көрсеткішті алуға мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынның жалпы табысынан ауыспалы шығынды алып тастау арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістің жалпы тиімділігін және өнімді өткізудегі ауыспалы шығындардың өндіріс көлемінің санына тікелей байланыссыздығын бағалауға мүмкіндік береді.
ТМД елдерінде шығындарды шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы деп бөлу экономикалық элементтер бойынша есептеледі де, технико-экономикалық факторлар арқылы экономияны есептегенде қолданылады. Толық есептері қолда бар фактілік өзіндік құнға негізделе отырып, өнімнің жоспарлы өзіндік құнын анықтау есебінде де қолданылады. Бұндай есептеулер әрқашан мақсатты емес, себебі, егер шартты-тұрақты шығындар өнім өндірісінің көлеміне тура пропорционалды өссе, сонда ғана олар шығындардың ұлғаюын көрсетеді.
Нақты өндіріс қызметінде тек фактілік ақша шығындарын есептемей, сонымен қатар альтернативті шығындарды да есепке алу қажет. Соңғысы осы немесе басқа экономикалық шешімдердің таңдауына байланысты болады. Альтернативті шығындарды өлшеу тек нарықтық қатынастарда ғана керек емес, сонымен қатар тауар болып табылмайтын объектілерге де керек. Реттелмейтін тауар нарығында альтернативті шығындар сол кездегі нарықта бекітілген бағаға тең болады. Егер нарықта бірнеше әр түрлі баға болса, онда тауарды сатудағы альтернативті шығын, әрине, сатушының тұтынушыға ұсынған ең жоғарғы бағасы қалған ұсынылған бағаларға тең болады. Альтернативті шығындардың концепциясы өндірістік қызметке тікелей қажетті.
Шекті шығын деңгейі ресурстарды бөлу тиімділігін анықтағанда және өнім өндірісі көлемінде максималды пайда әкелетін қағидатты мағынаны береді. Мүлтіксіз бәсекелестік жағдайында (біртекті өнім шығаратын нарық бағасына әсер етпейтін көптеген ұсақ өндірушілер) қосымша сатылған бір дана өнімнің пайдасы осы өнімнің шекті шығынынан көп болады да, кәсіпорынның пайдасы өседі. Кез келген кәсіпорынға шекті шығындардың және қосымша табыстың арасында теңдік болып, шығарған өнім көлемін сол көлемде өткізу пайдалылырақ болады. Сатылған тауар көлемі бір дана өнімнің бағасын және шекті шығынды еселейді, себебі қосымша көлемдегі өнімді сату қосымша пайда әкелмейді. Кәсіпорын максималды пайда табуға тырысады, егер тауардың шекті шығыны нарықтағы бағадан кем болса, ал егер ол нарық бағасынан көп болса, онда ол өз өндірісін тоқтатады.
Әр кәсіпорын қолда бар ресурстарды өндірістің кең түріне оптималды бөліп, өзінің қажеттілігін санымен және сапасымен қанағаттандыратын тиімді экономикаға жетуге тырысады. Бұл мәселені толығымен зерттеуге В. Паретто айтарлықтай өз үлесін қосқан. В. Пареттоның концепциясына сәйкес, толық бәсекелестік жағдайында бір кәсіпорынның тиімді дамып-өсуі үшін екінші кәсіпорынның құлдырауы керек.
Әр салада шекті пайдалылық пен шекті шығынның арасындағы сәйкестіліктің болуы қоғамдық жағымды жағдайдың болуына және тиімділіктің өсуіне қажет. Ресурстарды тиімді бөлу баға мен шекті шығындардың тең келуінде ғана болады. Ол бәсекелестік нәтижесінде шекті пайдалылыққа пропорционалды болады. Жалпы тиімді бөлу кез келген ұйымның өнім көлемінің жоғарылауына әкеледі. Егер шекті шығын және нарықтық баға тең болса, онда өнім минималды жиынтық шығынмен өндіріледі.
Жалпы, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
- Шығындардың бастапқы элементтерімен;
- Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
- «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
2.1 «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау
Отандық сүт және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар үшін өндірісте жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтарды өздерінің қызметтерінде қолдану қажет болып жүр, себебі осы арқылы нарықтағы қызметі дұрыс жүре алады. Дүкендерде сүт өнімдерінің кең ассортименті пайда болады және олар импортталған тауарларға төтеп тұрарлықтай бәсекелестік білдіреді. Оны Батыс өндірушілері өздеріне өзі дайындаған. Мысалы, «Альфа — Ловаль» фирмасы (Есік қ.) «ФудМастер» компаниясына инвестиция ретінде қымбат құрал–жабдықтар сатып алған болатын. Бұл компания қазіргі кезде Қазақстан нарығында беделді орын ала отырып, Шымкентте, Астанада, Қордайда өздерінің филиалдарымен жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, Қазақстанның қайта өңдеу кәсіпорындарының жандануына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорындар қол ұшын береді. Мысалы, «ТетраПак» компаниясы қораптау материалдарын жеңілдік негізінде өз бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Техникамен қарулануы сүт өнімдерінің ассортиментін қазіргі заман талаптарына сай жасауға тураланған. Мысалы, ол сүт өнімдерін ұзақ сақтаудан бастап, оны әр түрлі майлылық деңгейіне бөлу. Ол — жоғарғы температура технологиясымен өңделген «Космис» фирмасының (Қостанай қ.) өнімдері және кең таңдаудағы йогурттар.
Бұл деңгейде қазақстандық өндірушілер үшін актуалды болып өндірістік қағидалар және тауар концепциялары саналады, себебі шетел өндірушілерімен бәсекелестікке түсе алады, егер олар өз өндірісіне қазіргі кездегі технико-экономикалық әдістерді қолданса. Алайда, белгілі бір позицияларға байланысты отандық өндірушілер шетелдіктермен бекер салыстырылған жоқ. Олардың ішінде асып түскендері де бар, өйткені отандық тауарларға ассортимент енгізу шетелмен салыстырғанда кең болып отыр. Оған себеп — күнделікті тауарлар қорына қазақтың ұлттық сүт өнімдері енгізілген. Өз өнімдерін сол сияқты басқа компаниялардың өнімдерінен айыру үшін, тұтынушылардың жағымды әсерлерін тарту үшін және оларды тұрақты тұтынушыларға айналдыру үшін белгілі бір өзіндік белгілер енгізу қажет болды. Сондықтан, «Адал», «Қайсар» және тағы басқа кәсіпорындар өз өнімдері үшін тауарлық белгілер қолдана бастады, әдеттегідей, ол сүттен бастап, ақырындап, өз белгісін барлық ассортиментке таратқан («Пеппи» йогурты, «Деревенская» қаймағы және т.б.). Қазіргі күнде сүт нарығында әр тұтынушыға өз қызметін көрсетеді.
Қазіргі кезде әлемде экологиялық таза өнімді шығару үшін көп жұмыстар атқарылып отыр. Біздің республикамызда берілген мақсаттар жүзеге асып жатыр: «Адал» АҚ, «Фудмастер» компаниясы қышқыл сүт өнімдерін және диетикалық құрамы бар жаңа өнім түрлерін шығарды, мысалы, «БФБ» (Биоридум бактериясы), «Био-С», «Источник здоровья» айраны, ақуызға толы йодталған сүт және т.б.
Сүт өнімдері ассортиментінің бәсеке қабілетті мәселесін шешу арқылы, бөлу саясатын белсенді қолдану арқылы кәсіпорын нарықтың көп бөлігін жаулап алған. Көп қолданатын сауда нүктелеріне — орташа және орташадан жоғары табысы бар сатып алушыларға арналған супермаркеттер, гастрономдар, шағын өндірістік дүкендер, киоскілер, дала саудасының элементі ретінде және бөлшек сауда нарығында орналасқан сауда нүктелері жатады.
Тұтынушылардың қалауын анықтау үшін олардың арасында маркетингтік зерттеу жүргізілген. Ол келесі бағыттарды ұстанған: тұтынушылардың қалауы, өніммен қанағаттану деңгейі, реквизитті бөлімі бойынша тұтынушылардың сүт өнімдерін өндірушілерге деген қатынасы. Сонымен қатар, маркетинг кешенінің элементі бойынша сол өнім өндіруші кәсіпорынға бәсекелестік талдау жасалған. Алынған нәтижелер рекрезитке тексерілген болатын, жауаптар коэффициенті 73 % болды, бұл жауаптар коэффициентіне сәйкес келеді (K > 50 %).
Тұтынушы сүт өнімдерін сатып алғанда келесі қағидаларға сүйенеді: сүттің майлылығы, шығарылған мерзімі, қораптың дизайны, мөлшері, табиғилылығы және бағасы. Анкеталардың нәтижесіне сәйкес, тұтынушылардың 30 %-ы өнімнің табиғилылығына, 26 %-ы оның майлылығына, 27 %-ы өнімнің шығарылған мерзіміне, 20 %-ы бағасына, 5 %-ы қораптың дизайнына және 8 %-ы мөлшеріне қарайды. Сүт өнімдерінің қағидасының деңгейі неғұрлым тұтынушының қалауына сәйкес келсе, соғұрлым ол оны қанағаттандыратындығын білдіреді.
Қазіргі кезде «Адал» АҚ мыңдаған сату нүктелерімен сауда жүргізеді, екі делдалмен және бірнеше корпоративті сатып алушылармен жұмыс жасайды, мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасының асханасы. «Адал» АҚ нарықтағы үлесі 15 % құрайды, негізгі бәсекелесі «ФудМастер» компаниясымен салыстырғандағы нарықтағы үлесі 35 %, екінші жақын бәсекелесі «Винн Биль Дамм» компаниясымен салыстырғанда нарықтағы үлесі 10 % және басқа да «Смак», «Қайсар», «Агропродукт», «Камони» сияқты нарықтағы қатысушылармен салыстырғандағы оның үлесі 8 %.
Берілген жағдайды толығымен ашу үшін Алматы қаласы бойынша маркетингтік зерттеу жұмысы жүргізілді. Маркетингтік қызметтің қорытындысы бойынша «Адал» АҚ айтарлықтай бәсеке қабілетті болып табылады.
Кәсіпорында өнімді өткізуді ынталандыру механизмі жақсы ұйымдастырылған. Өйткені, автокөлік жүргізуші–экспедиторлардікі секілді, өткізу бөлімінің менеджерлерінің жалақысы өткізген өнімдерінің көлеміне байланысты болып келеді. Мысалы, бір айда жалпы соммасы 300 000 теңгелік дайын өнімді өткізді десек, менеджер оның 10 %-ын алады, яғни айына 30 000 теңге.
«Адал» АҚ 2003 жылдың 8 қаңтарында Октябрск совхозы негізінде құрылған. Бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес, құқықтық ұйым негізінде Ашық Акцонерлік Қоғам деп құрылды. Кәсіпорынның толық аты «Адал » Ашық Акцонерлік Қоғам, қазіргі қысқартылған атауы «Адал» АҚ. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы, Ленин көшесі, 32.
Кәсіпорынның белгіленген жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге және олар 30 000 жай акцияға бөлінген, оның біреуінің номиналды құны 10 000 теңге.
Қоғамның өз балансы және басқа да банктік есептері бар, өз атауымен қазақ және орыс тілінде берілген мөрі бар. Өзінің тауарлық және символикалық белгілері, олардың үлгілері жарғылық тәртіпте тіркеліп бекітілген. Қоғам Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін әрекеттерді істей алады. Оның негізгі қызметі болып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіру табылады.
Кәсіпорынның жалпы жер көлемі – 5616 га, оның ішінде шаруашылыққа жарамдысы – 3968 га (егістігі – 3253 га, жайылымы – 715 га).
Техникалық қамсыздануы:
1) Комбайндар:
«Енисей» комбайндары — 7 дана, іске жарамды мерзімдері 9 жыл;
К–700 А — 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл;
К–701 — 3 дана, іске жарамды мерзімдері 10 жыл;
Т–150 — 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл.
2) Тракторлар:
Дөңгелекті тракторлар (МТЗ, ЮМЗ, Т-16) – 41 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл, соның ішінде:
МТЗ барлық модефикациясында – 36 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;
ЮМЗ – 4 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;
Т–16 – 1 дана, іске жарамды мерзімі 2-7 жыл.
КРАЗ негізіндегі дөңгелекті трактор – 1 дана.
Силос, жүгері жинайтыны — 6 дана, соның ішінде:
КСКУ–6 — 3 дана;
Өзі жүретін «Ягуар» — 2 дана;
«Марал» — 1 дана.
Цептегі тракторлар – 7 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам, соның ішінде:
ДТ 75 А – 5 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам;
Т–170 — 2 дана, іске жарамды мерзімдері 7ж-дан астам.
3) Автокөліктер:
Автокөлік барлығы — 50 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл, соның ішінде:
Арнайылары — 39 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;
Ауыр жүкке арналғаны — 2 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;
Жеңіл автокөліктер — 9 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл.
Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар, оның ең негізгі қызметі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы базарлар мен дүкендерге тиімді өткізу табылады. Сонымен қатар, компанияның өзінің дистрибьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.
Өнімді өткізу үшін өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы – бұл беріктілік, өнім сапасының деңгейі, оның бәсеке қабілеттілігі.
Кәсіпорын өнімдері әр түрлі жағдайларда өткізіледі, олар:
- Еркін сауда нарығында және Алматы қаласында;
- Облыстардағы сауда нүктелерінде;
- Сонымен қатар, жалақы есебінде және бартер түрінде.
«Адал» АҚ аймағында үш тұрғылықты жер бар: Базаргелді, Космос, Жанашар.
Кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылардың саны соңғы жылдағы мәліметтерге сүйенсек, 552 адам, оның ішінде: әкімшілік қызметкерлер – 58 адам, мал шаруашылығындағылар – 145 адам, суғарушылар – 5 адам, механизаторлар – 72 адам, автокөлік жүргізушілер – 50 адам, мамандар — 59 адам, қайта өңдеу кешенінің жұмысшылары – 73 адам, күзетшілер – 42 адам, электриктер – 14 адам, жөндеу жұмысшылары – 17 адам, тағы басқалары – 17 адам.
2008 жылы жалақының жалпы соммасы 90 756 мың теңгені құрады, ал 2007 жылы 60 586 мың теңге болды. Осыдан шығарған қорытындыға сүйенсек, жалақының жалпы өсімі 30 170 мың теңге болды, яғни «Адал» АҚ-да орташа жалақы көбейіп, жұмысшылардың өмір сүру сапасы жақсарған, ол бізге жағымды тенденцияның болуын көрсетеді.
Ақша-қаражаттарын өндірістің тиімділігіне және дайын өнімді дұрыс өткізуге рационалды бөлу – кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің негізі болып табылады. Ақша-қаражаттары ішкі және сыртқы көздерден алынады. Инвестиция тартымдылығының ең басты қайнар көздері болып мыналар табылады:
- Несиелер;
- Қарыздар;
- Акцияны шығару және сату;
Дайын өнімді сатқаннан түскен пайда — ақша-қаражаттарының ішкі қайнар көзі болып табылады. Дайын өнімнің бағасы өнім өндіруге және осы өнімді өткізуге кеткен шығындарға байланысты болып келеді. Сондықтан, өнімнің өзіндік құнын есептегеннен кейін ғана өнімнің соңғы бағасы қалыптасады.
2-кесте — «Адал» АҚ-ның экономикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | Өлшем
бірлігі |
Жылдар | Ауытқулар | ||
2007 | 2008 | +/- | % | |||
1. | Өнімді өткізуден
түскен түсім |
мың тг. | 250633,0 | 362648,0 | 112015,0 | 44,7 |
2. | Өткізілген өнімнің
өзіндік құны |
мың тг. | 184222,0 | 288364,0 | 104142,0 | 56,5 |
3. | Жиынтық табыс | мың тг. | 66411,0 | 74284,0 | 7873,0 | 11,9 |
4. | Кезең шығындары | мың тг. | 47033,0 | 51316,0 | 4283,0 | 9,1 |
5. | Негізгі қызметтен түскен түсім | мың тг. | 19378,0 | 22968,0 | 3590,0 | 18,5 |
6. | Қосымша қызметтен түскен түсім | мың тг. | 6012,0 | 9602,0 | 3590,0 | 59,7 |
7. | Салық салғанға дейінгі табыс | мың тг. | 25390,0 | 32570,0 | 7180,0 | 28,3 |
8. | Таза табыс | мың тг. | 17773,0 | 22799,0 | 5026,0 | 28,3 |
9. | 1 тг. өткізілген өнімге кеткен шығыс | теңге | 0,92 | 0,94 | 0,02 | 2,17 |
10. | Өнім рентабельділігі | % | 7,7 | 6,7 | -1,0 | — |
11. | Өткізу рентабельділігі | % | 7,1 | 6,3 | -0,8 | — |
12. | Өндіріс рентабельділігі | % | 4,4 | 5,3 | 0,9 | — |
13. | Жұмысшылардың саны | адам | 514 | 552 | 38 | 7,4 |
14. | Жұмысшылардың еңбек өнімділігі | мың тг. | 487,6 | 657,0 | 169,4 | 34,7 |
15. | Жалпы жалақы қоры | мың тг. | 60586,0 | 90756,0 | 30170,0 | 49,8 |
16. | 1 жұмысшының орт. айлық жалақысы | теңге | 9822,6 | 13701,1 | 3878,5 | 39,5 |
17. | Негізгі қордың орт. жылдық құны | мың тг. | 231687,0 | 235948,0 | 4261,0 | 1,8 |
18. | Айнымалы құралдардың орт. жылдық құны | мың тг. | 173185,0 | 195000,0 | 21815,0 | 12,6 |
19. | Қор сиымдылығы | теңге | 0,92 | 0,65 | -0,27 | -29,3 |
20. | Қор қайтарымдылығы | теңге | 1,08 | 1,54 | 0,46 | 42,6 |
21. | Қормен қарулану | мың тг. | 450,75 | 427,44 | -23,31 | -5,17 |
Кестеден көріп отырғанымыздай, өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл — өнімді өткізу жұмысының эффектісі, оның цехтарынан түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады. Яғни, өнімді өткізуден түскен табыс 2007 жылға қарағанда, 2008 жылы 362 648 мың теңге болып, 112 015 мың теңгеге немесе 44,7 %-ға артты.
Ал өткізілген өнімнің өзіндік құны — кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысын, өндіріс жұмысының кеңдігін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда, өнімнің өзіндік құны 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 104 142 мың теңгеге немесе 56,5 %-ға өсті деп айтсақ болады.
Жиынтық табыстың соммасы 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 7 873 мың теңгеге өсті, яғни 11,9 %-ға. Оны анықтау үшін:
Жиынтық табыс= Өткізілген өнімнен түскен түсім — Өткізілген өнімнің өзіндік құны. (5)
Кезең шығындары деген көрсеткіш жалпы шығындарды, өнімді өткізуге кеткен шығындарды, пайыз шығындарын, курстық ерекшелік шығындарын көрсетеді. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және оның 2008 жылмен салыстырғанда, 2007 жылы 4 283 мың теңгеге немесе 9,1 %-ға кем болғанын көрсетеді.
Кәсіпорынның таза табыс соммасына жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. 2008 жылы таза табыс 28,3 %-ға өскен немесе 5 026 мың теңгеге деп айтсақ болады. Бұл көрсеткішті есептеу үшін:
Таза табыс = Салық салғанға дейінгі табыс – 30 %. (6)
Сонымен қатар, өндіріс рентабельділігі — кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі 2008 жылы 0,9 %-ға өскен. Оны былай табады:
Өндіріс рентабельділігі = Таза табыс / (Негізгі қордың (орт) жылдық құны + Айнымалы құралдардың (орт) жылдық құны). (7)
Өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш болып еңбек өнімділігі табылады. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 169,4 мың теңгеге артқан. Оны есептеудің формуласы:
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі = Өткізілген өнімнен түскен түсім / Жұмысшылар саны. (8)
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құнына кәсіпорынның орналасқан жері, мекемесін тасымалдайтын транспорт, көліктері жатады. Бұл көрсеткіш 2008 жылы 235 948 мың теңгені құрап, 2007 жылға қарағанда 4 261 мың теңгеге өсті.
Қор қайтарымдылығы негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның тиімділігін көрсетеді. Осы көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда, 2008 жылы 42,6 %-ға өскен. Оны есептеу үшін біз:
Қор қайтарымдылығы = Өнімді өткізуден түскен түсім / Негізгі қордың (орт) жылдық құны. (9)
Ал қор сиымдылығы — қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті мынада: оның алымын бірнеше бөлек цехтар және құрал–жабдықтар топтарына бөліп тастауға болады. Бұл өндірістік-техникалық учаскілеріне деген жерді, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішті анықтауға мүмкіндік береді. Қор сиымдылығы 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,27 теңгеге кеміген немесе 29,3 %-ға. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
Қор сиымдылығы = Негізгі қордың (орт) жылдық құны / Өнімді өткізуден түскен түсім. (10)
Қормен қарулану көрсеткіші 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 5,17 %-ға қысқарған. Осы көрсеткішті есептеу үшін:
Қормен қарулану = Негізгі қордың (орт) жылдық құны / Жұмысшылар саны. (11)
3–кесте — «Адал» АҚ-ның еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | Өлшем
бірлігі |
Жылдар | Ауытқулар | ||
2007 | 2008 | +/- | % | |||
1. | Өнімді өткізуден түскен түсім | мың тг. | 250633,0 | 362648,0 | 112015,0 | 44,7 |
2. | Жұмысшылар саны | адам | 514 | 552 | 38 | 7,4 |
3. | Жұмысшылардың еңбек өнімділігі | мың тг. | 487,6 | 657,0 | 169,4 | 34,7 |
4. | Жұмысшылардың күндік еңбек өнімділігі | мың тг. | 1,8 | 2,5 | 0,7 | 38,9 |
5. | Жұмысшылардың сағаттық еңбек өнімділігі | мың тг. | 0,2 | 0,3 | 0,1 | 50,0 |
6. | Жалпы жалақы қоры | мың тг. | 60586,0 | 90756,0 | 30170,0 | 49,8 |
Кесте көрсеткіштеріне дәлірек тоқталсақ, 2008 жылы кәсіпорын жұмысшыларының еңбек өнімділігінің күндік мөлшерінің өскенін байқауға болады, яғни ол 38,9 %- ға арқан. Оны анықтау үшін:
Жұмысшылардың күндік еңбек өнімділігі = Жұмысшылардың еңбек өнімділігі / 265 күн. (12)
Ал жұмысшылардың сағаттық еңбек өнімділігі 2007 жылмен салыстырғанда, 2008 жылы 50,0 %- ға дейін өсті. Оны біз былай табамыз:
Жұмысшылардың сағаттық еңбек өнімділігі = Жұмысшылардың күндік еңбек өнімділігі / 8 сағ. (13)
«Адал» АҚ кәсіпорнының қаржылық жағдайын көп көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады, осыған байланысты оларды келесі топтарға бөлуге болады:
- Төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер:
- Толық икемділік коэффициенті.
- Аралық жабу коэффициенті.
- Жалпы жабу коэффициенті.
- Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштер:
- Өзіндік коэффициенті.
- Қарыз құралдарының үлесі.
- Өзіндік және қарыз құралдарының қатынасы.
- Іскерлік бәсекелестік көрсеткіштері:
- Жалпы айналым коэффициенті.
- Айналым жылдамдығы.
- Өзіндік құралдардың айналымы.
- Рентабельділік көрсеткіштері:
- Кәсіпорын мүлігі.
- Өзіндік құралдар.
- Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылар.
Келесі кесте көрсеткіштеріне сәйкес, кәсіпорын төлем қабілетті болып есептеледі, егер белгілі бір уақыт ішінде қарыз берушілермен, қысқа мерзімдік төлемді өзіндік құралдармен жапса.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші тартылған капиталдың қорғалған деңгейін сипаттайды. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде келесі шекті нормалар белгіленген:
Өзіндік коэффициенті 0,7-ден аз болмауы керек, яғни біздің қарастырып отырған кәсіпорнымыз қаржылық тұрақты деп айтсақ болады. Себебі, 2007 жылы ол көрсеткіш 0,91-ге тең, ал 2008 жылы 0,85-ке тең болып тұр.
Қарыз құралдарының үлесі 0,3-тен аспау керек. Бұл көрсеткішке де біз толық қанағаттанарлық десек болады, өйткені ол 2007 жылы 0,03-ке және 2008 жылы 0,09-ға тең.
Өзіндік және қарыз құралдарының қатынасы 0,1-ден көп болмауы керек, біздің мысалымызда ол 2007 жылы 0,03-ке тең, ал 2008 жылы ол 0,11-ге тең.
4–кесте – «Адал» АҚ-ның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірліктері | Жылдар | Ауытқулар
+/- |
|
2007 | 2008 | ||||
1. | Өзіндік коэффициенті | 0,7 < | 0,91 | 0,85 | — 0,06 |
2. | Қарыз құралдарының үлесі | < 0,3 | 0,03 | 0,09 | 0,06 |
3. | Өзіндік және қарыз құралдарының қатынасы | < 0,1 | 0,03 | 0,11 | 0,08 |
4. | Жалпы айналым
капиталының коэффициенті |
0,75 | 0,98 | 0,23 | |
5. | Өзіндік құралдардың
айналым коэффициенті |
0,82 | 1,15 | 0,33 | |
6. | Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті | 29,19 | 60,96 | 31,77 | |
7. | Дебиторлық қарыздардың
орташа айналым коэффициенті |
12,50 | 598,7 | 586,2 | |
8. | Барлық айналым активтерінің
айналым коэффициенті |
2,64 | 3,20 | 0,56 | |
9. | Кәсіпорын мүлігінің рентабельділігі | % | 19,74 | 21,08 | 1,34 |
10. | Өзіндік құралдардың рентабельділігі | % | 27,70 | 24,07 | -3,63 |
11. | Жалпы өндірістік
қордың рентабельділігі |
% | 27,71 | 30,85 | 3,14 |
12. | Баланстық пайданың нормасы | мың тг. | 26,5 | 20,5 | -6 |
13. | Таза түсім нормасы | мың тг. | 34,1 | 30,3 | -3,8 |
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау
Жалпы, кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құнын талдау мына көрсеткіштер арқылы жүргізіледі:
- Өзіндік құнның құрылымы мен оның өзгерісін талдау;
- Жекелеген өнімдердің өзіндік құнын талдау;
- Шығындардың жекелеген элементтерін талдау.
Төмендегі кестеде «Адал» АҚ шығаратын ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінен бір тонна сүттің өзіндік құнын келтіреміз.
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құны 2008 жылы 2007 жылғы деңгейден біршама жоғарылаған, оның себебі: материалдардың қымбаттауы, отын-энергия бағаларының шарықтауы және персоналдың еңбек ақысының артуына байланысты.
5-кесте – «Адал» АҚ өндіретін бір тонна сүттің өзіндік құнын есептеу, тг.
№ | Шығын статьялары | Жылдар | Ауытқулар | ||
2007 жыл | 2008 жыл | +/- | % | ||
1 | Негізгі және көмекші материалдар | 30000,0 | 35000,0 | 5000,0 | 16,7 |
2 | Отын-энергия шығындары | 8000,0 | 8200,0 | 200,0 | 2,5 |
3 | Үстеме шығындар | 5000,0 | 3000,0 | -2003,0 | -40,0 |
4 | Персоналдардың еңбек ақысы | 9000,0 | 10000,0 | 1000,0 | 11,1 |
5 | Еңбек ақыдан аударымдар | 6000,0 | 6800,0 | 800,0 | 13,3 |
6 | Өндірістік өзіндік құн | 58000,0 | 63000,0 | 5000,0 | 8,6 |
7 | Кезең шығындары | 22003,0 | 22003,0 | — | — |
8 | Толық өзіндік құн | 80000,0 | 85000,0 | 5000,0 | 6,2 |
Бір тонна сүттің өзіндік құн құрамында негізгі материалдар мен көмекші материалдардың шығыны ең көп үлесті алып отыр. 2007 жылы оның мөлшері 30 000 теңге болса, 2008 жылы 35 000 теңге болды, яғни 16,7 %-ға өсті.
Ең төменгі үлес отын-энергия шығындарының есебінен болған. Тиісінше, оның көрсеткіштері 2007 жылы 8 000 теңге, ал 2008 жылы 8 200 теңгеге, яғни 2,5 %-ға теңесті.
Үстеме шығындар біраз мөлшерде қысқарды. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 40,0 %-ға кеміді.
Төмендегі 6-кесте мәліметтеріне сай, өсімдік шаруашылығы бойынша ең жоғары бағалы өнім соя болып отыр. Оның бір тоннаға өзіндік құны 20 000 теңге, бірақ өндіру мөлшері өте аз – 80 тонна. Ал ең арзан өнім болып жасыл жем-шөп табылады, оның құны тоннасына 1 000 теңге. Бидайдың толық өзіндік құны ең көп – 15,8 млн. тг.
Мал шаруашылығы цехы бойынша сүт өндірісінің өзіндік құны жоғары әрі көп мөлшерде. Оның тоннасына өзіндік құны 85 000 теңге, ал өндіру мөлшері 353,6 млн. тг.
6-кесте – «Адал» АҚ-ның өзіндік құн бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жиынтығын есептеу
№ | Ауыл шаруашылық өнімдерінің атауы | Мөлшері, тонна | Бір тонна өнімнің өзіндік құны, тг. | Өнімнің толық өзіндік құны, млн. тг. |
1 | Бидай | 1970,0 | 8000,0 | 15,8 |
2 | Арпа | 490,0 | 7000,0 | 3,4 |
3 | Тұқымға арналған жүгері | 3000,0 | 3200,0 | 9,6 |
4 | Сұлу | 200,0 | 7000,0 | 1,4 |
5 | Қант қызылшасы (жемдік) | 2110,0 | 2003,0 | 4,2 |
6 | Шөп | 3500,0 | 2100,0 | 7,4 |
7 | Сенаж | 3500,0 | 1300,0 | 4,6 |
8 | Силос | 11200,0 | 1300,0 | 14,6 |
9 | Жасыл жем–шөп | 13980,0 | 1000,0 | 14,0 |
10 | Соя | 80,0 | 20030,0 | 1,6 |
11 | Көптеген шөп тұқымдары | 10,0 | 100000,0 | 1,0 |
12 | Өсімдік шаруашылығы цехы бойынша барлығы | — | — | 77,6 |
13 | Ет барлығы | 320,0 | 80000,0 | 25,6 |
14 | Сүт | 4160,0 | 85000,0 | 353,6 |
15 | Тағы басқалар | — | — | 7,5 |
16 | Мал шаруашылық
цехы бойынша |
— | — | 386,7 |
17 | Қайта өңдеу өнімдері | — | — | 213,2 |
18 | Дайын сүт өнімдері | — | — | 109,0 |
19 | Барлығы | — | — | 786,5 |
Сонымен қатар, қайта өңдеу өнімдері мен дайын сүт өнімдерінің өзіндік құны көрсетілген. Олар — қайта өңдеу өнімдеріне 213,2 млн. тг., ал дайын сүт өнімдеріне 109 млн. тг.
Сонымен, барлық өндіру цехтарына байланысты өнімдердің толық өзіндік құндары 786,5 млн. тг. құрайды.
Бухгалтерлік стандарттың жаңа талаптарына сай, әкімшілік, өткізу және коммерциялық шығындар өзіндік құн құрамына кірмейді. Оларды кезең шығындары деп атайды. Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастырғанда, кезең шығындарының мөлшерін бақылау негізгі шарттың біріне жатады.
7-кесте мәліметтерінен 2008 жылы кәсіпорынның кезең шығындары 2007 жылғы деңгейден 9,1 %-ға артқанын байқаймыз. Соның ішінде жалпы және әкімшілік шығындар 23,5 %-ға, өткізу шығындары 9,1 %-ға өссе, керісінше пайызды төлеу бойынша шығындар 21,4 %-ға төмендеген.
7-кесте – «Адал» АҚ-ның кезең шығындарын сипаттайтын көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | Ауытқуы, % | ||
мың тг. | % | мың тг. | % | |||
1 | Кезең шығындары,
соның ішінде: |
47033,0 | 100,0 | 51316,0 | 100,0 | 9,1 |
2 | Жалпы және әкімшілік шығындар | 17000,0 | 36,1 | 21000,0 | 40,9 | 23,5 |
3 | Өткізу шығындары | 22003,0 | 46,8 | 24000,0 | 46,8 | 9,1 |
4 | Пайыз бойынша шығындар | 8033,0 | 17,1 | 6316,0 | 12,3 | -21,4 |
Әрбір шығын элементінің жалпы кезең шығындарындағы үлес салмағына келетін болсақ, онда 2008 жылы жалпы және әкімшілік шығындардың үлесі 40,9 % мөлшерінде, өткізу шығындары 46,8 % мөлшерінде және пайызды төлеу бойынша шығындар шамамен 12,3 % мөлшерінде қалып отыр.
Өндірістік шығындардың құрылымын талдаған кезде жұмысшы күшіне жұмсалатын шығындарды анықтаудың да өзіндік орны бар.
8-кесте – «Адал» АҚ-ның жұмысшы күшіне жұмсаған шығындарының өзгеру динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | Ауыт-қуы, % | ||
мың тг. | % | мың тг. | % | |||
1 | Жұмысшы күшін ұстауға кеткен барлық шығындар | 69826,0 | 100,0 | 96902,0 | 100,0 | 38,8 |
2 | Еңбек ақы қоры,
соның ішінде: |
60586,0 | 86,8 | 90756,0 | 93,7 | 49,8 |
2.1 | Кесімді, мерзімді және
басқа да еңбек ақылар |
51498,1 | — | 77142,6 | — | 49,8 |
2.2 | Ынталандырушы
сипаттағы төлемдер |
9087,9 | — | 13613,4 | — | 49,8 |
3 | Еңбек ақыға кірмейтін төлемдер мен шығындар | 9240,0 | 13,2 | 6146,0 | 6,3 | -33,5 |
Жоғарыдағы 8-кестеде «Адал» АҚ-ның жұмысшы күшіне жұмсаған шығындарының өзгерісін анықтаймыз. Кәсіпорынның 2008 жылғы жұмысшы күшін ұстауға кеткен шығындары 2007 жылғы көрсеткіштен 38,8 %-ға артып, 96 902 мың тг. теңелді. Осы шығындардың ішінде жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2007 жылы 60 586 мың тг. құраса, 2008 жылы 90 756 мың тг. теңесті.
Еңбек ақы қорының құрамындағы кесімді, мерзімді және басқа да төлемдегі еңбек ақылар, ынталандырушы сипаттағы төлемдердің үлесі 2007 жылы барлық жұмысшы күші шығындарының ішінде 86,8 %-ға, 2008 жылы 93,7 %-ға шамалады. Еңбек ақы құрамына кірмейтін төлемдер мен шығындар 2008 жылы өткен жыл көрсеткішінен 33,5 %-ға кеміді.
- «Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау
Ендігі кезекте, кәсіпорынның өндірістік шығындарының сипатын анықтап, оған талдау жасаймыз.
Жалпы алғанда, әрбір өндіріс өзінің қызмет етуі барысында тиісті шығын жұмсайды және ұтымды баға қалыптастыру арқылы табыс табады. Шығындылықтың төмен болуы, оның тиімді жұмсалуы баға саясатына ықпал етеді.
Кәсіпорынның барлық шығындарын үш топқа бөліп қарастыруға болады:
- Өнім өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындар;
- Өндірісті кеңейтуге және жаңартуға жұмсалған шығындар;
- Әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық және басқа да өндірістен тыс мақсаттарға жұмсалған шығындар.
Тікелей шығындар — өнімнің өзіндік құнына тікелей кіретін, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты шығындар болып табылады. Тікелей материалдық шығындардың соммасының өзгеру факторлары жалпы кәсіпорын бойынша әр бұйымның жеке өндірісіне, өнімнің бір бірлігіне кеткен материалдық шығындардың көлеміне және материалдарға кеткен орташа деңгейлі бағаның өзгеруіне себеп болады.
Келесі кестеден көріп тұрғанымыздай, өнім өндірісіне тікелей әсер ететін факторлардың ең біріншісі — шикізат. Бұл көрсеткіш сүт тағамдарының өндірісінде 50 %-дан жоғары орынды алып отыр, ал қалған электр энергиясы мен қораптаманың беделі онша жоғары емес.
9–кесте — Өнім өндірісіне кететін тікелей материалдық шығындардың соммасына әсер ететін факторлардың есебі
№ |
Материалдар |
Жылдар | Ауытқулар | |||
2007 | 2008 | +/- | ||||
Сүттің барлық түрі бойынша | ||||||
1 | Шикізат | 29 787 620,0 | 30 790 730,0 | 1 003 110,0 | ||
2 | Қораптама | 9 845 298,0 | 9 996 385,0 | 151 087,0 | ||
3 | Электр энергиясы | 793 853,0 | 795 945,0 | 2 092,0 | ||
4 | Жалпы өнім өндірісі | 2 116 419,5 | 2 117 524,6 | 1 105,1 | ||
Айранның барлық түрі бойынша | ||||||
1 | Шикізат | 23 151 600,0 | 23 390 450,0 | 238 850,0 | ||
2 | Қораптама | 13 786 521,0 | 13 975 550,0 | 189 029,0 | ||
3 | Электр энергиясы | 848 255,0 | 850 360,0 | 2 105,0 | ||
4 | Жалпы өнім өндірісі | 2 139 337,0 | 2 450 202,0 | 310 865,0 | ||
Қаймақтың барлық түрі бойынша | ||||||
1 | Шикізат | 45 003 767,0 | 45 116 658,0 | 112 891,0 | ||
2 | Қораптама | 15 295 873,0 | 15 456 958,0 | 161 085,0 | ||
3 | Электр энергиясы | 1 617 718,0 | 1 620 612,0 | 2 894,0 | ||
4 | Жалпы өнім өндірісі | 1 877 425,7 | 1 881 562,5 | 4 1368,8 | ||
Сүзбенің барлық түрі бойынша | ||||||
1 | Шикізат | 1 348 275,0 | 1 365 985,0 | 17 710,0 | ||
2 | Қораптама | 1 013 416,0 | 1 152 579,0 | 139 163,0 | ||
3 | Электр энергиясы | 61 539,0 | 65 212,0 | 3 673,0 | ||
4 | Жалпы өнім өндірісі | 178 333,9 | 179 523,0 | 1189,1 | ||
Өнімнің бір данасына кеткен шығындар мен шикізаттардың шығыны өнімнің сапасына, оны басқа материалдардың түрлерімен алмастыруға, шикізат түрінің құрамын өзгерткенге, техника мен технологияға және өндірістің ұйымдастырушылығына, жұмысшылардың квалификациясына, шикізаттар қалдықтарына және тағы басқа факторларға байланысты болып келеді. Ең алдымен, осы немесе басқа факторлардың әсерінен болатын материалдық шығынның өзгерісін білу керек. Содан кейін ғана, жоспарланған бағаны нақты өнім көлеміне көбейту керек:
∆МЗхі = ∆УРхі × Ціпл × ∆МЗхі × VВПіф.
Материалдың орташа бағасының деңгейі шикізат нарығына, инфляциялық факторларға, материалдық ресурстардың топтық құрылымына, дайындалатын транспорттық шығындар деңгейіне, шикізат сапасына және тағы басқаға байланысты болады. Олардың әрқайсысы үшін, жалпы материалдық шығындардың соммасының өзгерісін білу үшін басқа түрдегі немесе басқа фактордағы материалдық топтардың орташа бағасы өзгеру керек. Оны сәйкес түрдегі қолданылған материалдардың фактілік көлеміне көбейту керек:
∆МЗхі = ∆Цх і× УПіф × ∆МЗхі × VВПіф.
Көп кәсіпорындарда жоспардан жоғары шикізат қалдықтары болады, бірақ оларды өткізуге немесе басқа мақсаттарда қолдануға болады. Егер оларды мүмкін болатын және бір шикізат құнымен бағаласа, онда өзіндік құнға кірген өнімнің материалдық шығындарының неше соммаға ұлғайғанын көруге болады.
Жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтар өнім бағасының қымбаттауына және оның өндірісінің азаюына әкеледі. Материалдық емес шығындардың соммасы нешеге өскенін анықтау үшін жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтардың көлемін түпкі материалдардың жоспардағы бағасына көбейту керек.
Бір материалды екінші материалмен алмастыру өнімнің бір данасының, тұтынушылық материалдарының көлемінің өзгерісіне ғана емес, сонымен қатар оның бағасына да әсер етеді. Оның өнімнің бір данасына кеткен материалдық шығындарға байланысты өзгерісін анықтау үшін алмастыратын материалдар шығындарының айырмашылығын алмастыратын материалдар құнына көбейту керек, ал материалдарды алмастыратын баға мен алмастырылған материалдар бағасы арасындағы айырмашылықты алмастыратын шығындар нормасына көбейтіп, шыққан нәтижені қосу керек:
∆УМЗ = (УР1 — УР0) × Ц0 , ∆УМЗ = (Ц1 — Ц0) × УР1 .
Құрал-жабдықтарды және машиналарды эксплуатациялап, қамтамасыз етуге кететін шығындардың өзгеру факторлары және құрамы жеке және жалпы шығындар статьяларына байланысты: цехтық және жалпы шаруашылыққа кететін шығындарды талдау әдістері, коммерциялық шығындар бойынша жоспарды орындау бағалары.
Жанама шығындар — өнімнің өзіндік құнында келесі баптарда кешенді түрде берілген: құрал-жабдықтың эксплуатациясына және оны қамтамасыз етуге кеткен шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар, коммерциялық шығындар. Бұл шығынның талдауы олардың нақты көлемінің 5-10 жылға арналған тауарлық өнімнің бір өнімге шаққандағысын салыстыру жолдарымен, сонымен қатар есептік кезеңдегі жоспар деңгейімен жүзеге асады. Бұндай белгілер олардың динамикасында өнімнің өзіндік құнының денгейі жоспармен салыстырғанда қалай өзгергенін және оның тенденциясының үлкейгенін немесе кішірейгенін көрсетеді.
Қолданудың келесі үрдісінде қосымша шығынның қатысты және абсолютті өзгерістермен байқалған себептері анықталады. Өзінің құрамы бойынша олар — кешенді баптар. Ереже бойынша олар шығынның бірнеше элементтерінен тұрады: құрал–жабдықтарды және машиналарды ұстауға және экспуатациялауға кеткен шығындар, оған техникалық құрал–жабдықтар мен машиналардың амортизациялық шығындары, жөндеуге кеткен шығындар, тауарларды зауыт ішінде тасымалдауға кететін шығындар, МБП–ның ширауы және тағы басқа. Кейбір шығындар (мысалы, амортизация) өнім өндірісінің көлеміне байланыссыз және шартты-тұрақты болады. Ал басқалары жалпылай және толықтай өзгеріске байланысты да, шартты–ауыспалы болып табылады. Олардың өнім көлеміне байланыстылық денгейі коэффициент көмегімен анықталады. Олардың көлемі тәжірибелік жолмен немесе сол шығынның соммасының және өнім өндірісі көлемінің үлкен жиынтығының корелляциялық талдау көмегімен анықталады.
10-кесте — 2007-2008 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның негізгі қорының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | Ауытқулар | |||
Жыл басы | Жыл аяғы | Жыл басы | Жыл аяғы | +/- | % | ||
1 | Бастапқы құны | 263254 | 302875 | 302875 | 353103 | 50228 | 16,6 |
2 | Жиналған тозу | 31567 | 66927 | 66927 | 107453 | 40526 | 60,5 |
3 | Қалдық құны | 231687 | 235948 | 235948 | 245650 | 9702 | 4,1 |
4 | Орташа жылдық құны | 233817,5 | 240799,0 | 6981,5 | 3,0 |
Кестеден көріп отырғанымыздай, негізгі құралдардың орташа жылдық құны әлдеқайда жоғарылаған. 2007 жылмен салыстырғанда, 2008 жылы орташа жылдық құны 6 981,5 мың тг. құрап, 3 %-ға артты. Оны анықтау үшін қалдық құнының жыл басындағысын жыл аяғындағысына қосып, 2-ге бөлеміз.
11-кесте — 2007- 2008 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның ағымдағы активтерінің айналым коэффициентін сипаттайтын көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | Ауытқулар, +/- | |
2007 | 2008 | |||
1 | Өткізілген өнімнен түскен түсім | 250633,0 | 362648,0 | 112015,0 |
2 | Ағымдағы активтердің орташа көлемі | 95106,5 | 110676,5 | 15570,0 |
3 | Ағымдағы активтердің
айналым коэффициенті |
2,64 | 3,28 | 0,64 |
4 | 1 күндегі ағымдағы активтердің
айналым ұзақтығы |
136,4 | 109,8 | -26,6 |
5 | Айналым корының беріктік коэффициенті | 0,38 | 0,31 | -0,07 |
Бұл кестедегі ағымдағы активтердің айналым коэффициенті өткізілген өнімнен түскен түсімнің ағымдағы активтердің орташа көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол 2007 жылы 2,64 болса, 2008 жылы 3,28 болып өсті.
Жоғарыда келтірілген кестелердегі көрсеткіштер жанама шығындарға өз әсерін тигізеді.
Келесіде шығындардың әр бабы бойынша қорларды үнемдеу немесе шығындарды артық төлеуге қатысты себептерді анықтау керек.
Амортизацияның жалпы соммасы машиналар мен құрал-жабдықтың санына, оның құрылымына, құнына және амортизация нормасына байланысты. Құрал–жабдықтардың құны аса қымбат машиналарды сатып алуға және де инфляцияның арқасында жоғары бағалауға байланысты өзгеруі мүмкін. Амортизация нормасы қор құрамында құрылымдық жылжуға байланысты өзгеруі мүмкін:
∆ НА = (УР1 — УР0) × Ц0 , ∆УМЗ = (Ц1 — Ц0) × УР1 .
Өнімнің бір данасына шаққандағы үнемді амортизациясы өнім өндірісінің көлеміне де байланысты. Берілген өндірістік қуатта неғұрлым көп өнім өндірілсе, соғұрлым амортизация аз және де өнімнің бір бірлігіне басқа да тұрақты шығындар аз келеді.
Эксплуатациялық шығындардың көлеміне эксплуатацияланған объектілердің саны, олардың жұмыс уақыты немесе бір сағат жұмысқа кететін шығындар жатқызылады.
Толық, ағымдағы және профилактикалық жөндеуге кеткен шығындар жөндеу жұмыстарының көлеміне, ауырлығына, негізгі қорлардың тозу деңгейіне, қосымша бөлшектердің құнына және материалдарды жөндеп, оларды үнемді ұстауға байланысты болады.
Тауарларды завод ішінде тасымалдауға кететін шығындар соммасы транспорттық қор түрі, оларды қолдану кеңдігі, өндірістік бағдарламаны орындау деңгейі, эксплуатациялық және қамтамасыз етудегі жылжымалы құрамдағы қорларды үнемді қолдануға әсерін тигізеді.
МБП тозу соммасына, өнім өндіріс көлеміне және өнімнің бір данасының шығындар денгейіне байланысты өзгереді және ол, өз алдына, құрал-жабдықтардың, бағалы емес инвентарьдың қаншалықты рационалды және үнемді қолдануына байланысты. Сонымен қатар, оларды сақтау мен түзету үшін, шын мәнінде, орнатылған бақылауға да байланысты.
- БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ
3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
Кәсіпорындардың өндірістік–шаруашылық қызметін басқару үшін және бағаны қалыптастыруда тек өндірістік шығындарын ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын бөлу қажет, яғни өзіндік құнды калькуляциялау керек. Калькуляция — өнімнің бір бірлігін және жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын анықтау есебі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік шығындарды есептеудің бірнеше үрдісін ендірудің технологиясына және ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты қолданылады:
- Жай әдіс – өнімнің өзіндік құн калькуляциясын және өндірістік шығындарды қарастырады, бірақ біртекті өнімдерді өндіру үшін практикада көп қолданылады (көмір, мұнай, және тағы басқа). Өндірістік кәсіпорындардың ережесі бойынша аяқталмаған өндіріс және өз өнімдерінің жартылай фабрикаттары жоқ. Берілген әдістің мағынасы келесіде: инвентарьлық жолмен, аяқталмаған өнімге кезең шығындарының бөліктерін бөлу арқылы шығарылған өнімнің көлеміне жай әсер ету жолымен есептеледі, кәсіпорын өндіретін өнімнің барлық шығындары жатады (аяқталмаған өнім көлемін қайта есептеу жолымен жүреді). Егер өндірілген өнім көлемінің номенклатурасы аса да үлкен болмаса, онда тікелей шығындардың қасиеті бойынша аралас қатынасы болады (материалдар, шығындардың әдісін анықтау қиынға соқпайтын, шартты жалақы және басқа да тікелей шығындар), ал қалған шығындарды тікелей шығындар құнына пропорционалды бөледі (өндірістік персоналдың жалақысы, өндірістің қосымша шығындары).
- Тапсырыс бойынша есептеу әдісі – барлық тікелей шығындар әр тапсырысқа жеке–жеке есептеледі, ал өндірістің қосымша шығындары әр тапсырыс құнына пропорционалды бөлінеді. Сонымен қатар, қосымша шығындарды аяқталмаған тапсырысқа орындалған денгейіне байланысты бөлу керек. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі аз сериялы, жеке өндірісті кәсіпорындарға, жөндеу кәсіпорындарында және тәжірибелік цехтарда қолданылады.
- Қайта өңдеуді есептеу әдісі — өнім сатуға түспей тұрып, дайын өнімді алар алдында бірнеше өңдеуші деңгейлерден өтетін әдіс. Бұл әдісті рационалды деп есептеуге болады, егер әр өңдеуші деңгейде тауар болып табылатын және оны өткізу үшін өзіндік құн туралы мәліметтерді талап ететін аралық тауар шығарып отырса.
- Нормативтік әдіс – өнімнің бір данасына кеткен нормативті калькуляциялық немесе жоспарлық және өнімнің бір данасына кететін технологиясының негізделген нормаларды құрайтын, массалық және сериялық өндірісте қолданылатын әдіс. Бұл әдісті қолданғанда өндіріске материалдарды жіберу алдын-ала шектеліп анықталған лимиттармен жүзеге асады, ол ауытқуларды есептеп және оларды шығару құжаттарына негізделе отырып, қосымша шығарылады.
- Стандарт-кост әдісі –– нормативтік әдістің шығыс нұсқауы, стандарт-кост жүйесінің негізгі ерекшелігі — өндірістік үрдістің басына дейін, өндіріске кететін шығындар алдын-ала есептелінеді. Ол негізгі өндірістің алдын-ала есептелген өндірістік схемасынан тұрады, көп жағдайда олар несиелік сызықтағы немесе инвестициялық жобадағы арнайы дайындалған бизнес-жоспармен байланысты болады. Инфляция жағдайында ауытқуларды минимализациялау үшін стандарт–кост жүйесі құндылық көрсетілімсіз, тек натуралды көрсеткіште толығымен есептеледі немесе аса тұрақты валюта курсында қайта есептеледі. Стандарт–кост жүйесінің белгіленген нормасы және нормативтері базистік (уақыт өтісімен өзгермейтін, сапа негізінде берілген және технологиялық үрдіспен байланысты), теоретикалық (оған жету үшін фирма ұмтылады), ағымдағы (нақты жағдайды ескере отырып, белгілі бір мерзімге нақтыланады) болып бөлінеді.
- Директ–костинг әдісі бойынша шығындар тұрақты және ауыспалы деп бөлінеді. Бұлай бөлінудің мақсаты — тұрақты шығындар деңгейінде тұрып, кәсіпорын қаншалықты максималды өнім шығара алатынын анықтау үшін шығындардың артынан кәсіпорынның басқарушылық қадағалауын орнату. Белгілі бір деңгейдегі кәсіпкерге өнім көлемін ұлғайту тиімді, себебі тұрақты шығындардың өзгермеуі ауыспалы шығындардың өзгеруіне пропорционалды өссе, онда ол экономикалық пайдаға жетеді, бірақ белгілі бір кезеңде осы тұрақты шығындарды қолдану өндірістің төмендеуіне әкеледі, яғни кәсіпорындағы өнім көлемі көбейіп-ұлғаюды талап етеді (жаңа түрінің дамуы үшін тұрақты шығындардың амалсыздан ұлғаюы). Шығындарды толығымен өндіріске қосу жүйесі мен директ–костинг жүйесінің арасындағы негізгі айырмашылығы — бұндай жүйедегі өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығындар бойынша анықталады.
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп жүргізу және калькуляциялау мақсатымен қолдануды келесідей түрге бөледі:
- Өндірістің түріне байланысты: негізгі және қосалқы;
- Өнім түріне байланысты: жеке бұйым, бірдей (біртекті) бұйым топтары, тапсырыс, қайта жасау (жөндеу), жұмыстар, қызметтер;
- Шығынның түріне байланысты: калькуляция баптары (өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін және аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін) және шығын элементтері (шығынның проеткілік сметасын құру үшін және өнімге кеткен шығындардың есебін құрастыру үшін);
- Шығынның қалыптасқан орнына байланысты: жер, участок, цех, өндіріс, шаруашылық есеп бригадасы.
Өндірістік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың келесідей негізгі әдістерін қолданады:
- Тікелей есеп;
- Нормативті есеп;
- Аналитикалық есеп;
- Параметрлік есеп.
Осылардың ішіндегі ең қарапайымы әрі нақтысы бұл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Бұл әдіс бойынша өнімнің өзіндік құнының бірлігі жалпы шығын соммасы мен дайындалған өнімнің санына бөлумен анықталады. Бұл әдіс біртекті өнім ғана өндіретін кәсіпорындар үшін қолайлы, өйткені ол калькуляцияның әр бабына кеткен шығындарды анықтап бере алмайды.
Нормативті әдіс — әр ресурс түріне кеткен шығындар өзгергенде оған әрдайым есеп жүргізілуі қамтамасыз етілген кәсіпорындар үшін қолданылады. Ол еңбекті, материалдарды және қаржылық ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілерге негізделген. Оның үстіне, осы ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілер прогрессивті және ғылыми дәлелденген болуы керек.
Ең нақты және жиі қолданылатын әдіс – аналитикалық есеп әдісі. Бұл әдіс кезінде жалпы өндіріс жағдайы туралы жан–жақты талдау, сонымен қатар ол жерде болатын өзгерістерді қарастыру жүзеге асырылады. Өнімнің өзіндік құнына қандай факторлар әсер етеді және ол қалай әсер етеді деген сұрақтар зерттеледі. Нормалар мен нормативтердің негізіне технико–экономикалық және жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы кіреді.
Ал біртекті, бірақ сапа жағынан әр түрлі дайындалатын бұйымдарды калькуляциялағанда параметрлік есептеу әдісі қолданылады. Оның себебі: мұнда шығындар өнімнің сапасына байланысты өзгереді. Осылайша, кез келген бұйымның өзіндік құнын анықтауға болады, яғни ол бір кг немесе бір тоннамен есептеліп сатылатыны анықталады. Осындай өнімдерге сәйкес, басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады және осы әдіс арқылы өнімнің сапасын жақсартуға кеткен қосымша шығындарды анықтауға болады.
Қазіргі жағдайда нарық экономикасына көшуімізге байланысты көптеген кіші және орта кәсіпорындар калькуляциялық баптың қысқартылған түрін қолданады. Ол өз алдына мыналарды қамтиды:
- Материалдық шығындар (шикізат, материалдар, техникалық мақсаттарға арналған отын және энергия);
- Еңбек ақыға кеткен шығындар;
- Басқа да тікелей шығындар;
- Өндірісті басқаруға және қызмет көрсетуге кеткен шығындар (жанама шығындар);
Кез келген кәсіпорын алдында мына мақсат тұрады: өндірістік шығындар туралы неғұрлым тез әрі шынайы ақпарат алу. Сондықтан да, кейде кәсіпкер белгілі бір ұсыныстар арқылы шығындарға калькуляция беруі керек болады. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару да маңызды болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны — өнімді өндіру үрдісі кезінде қолданылатын табиғи ресурстардың, еңбек ресурстарының және басқа да шығындардың бағасы. Оған қоса, мынадай анықтама беруге болады:
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар мен өндіріс саласының өнім өндіруге және оны сатуға кеткен шығындарды ақшалай бейнелейтін өндірістегі қоғамдық шығындардың бір бөлігі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тек қана калькуляция баптарында ғана көрінбейді. Сонымен қатар, олардың экономикалық мазмұнына байланысты топталады да, келесідей элементтерден тұрады:
- Материалдық шығындар;
- Еңбек ақыға кеткен шығындар;
- Әлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығындар;
- Негізгі қорлардың амортизациясы;
- Басқа да шығындар;
Олардың құрылымы әр түрлі факторлардың әсер етуінен қалыптасады:
- Өндірілген өнімнің және қолданылатын материалды–шикізат ресурстарының мінездемесінен;
- Өндірістің технико–экономикалық негізінен;
- Оның ұйымдасу және орналасу формасынан;
- Өнімді сатудан және қамтамасыз ету жағдайынан және тағы сол сияқты факторлардан.
12-кесте — 2008 жылғы Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерліктің өнім өндіргендегі кеткен шығындарының құрылымы
№ | Шығын түрлері | Қазақстан экономикасы | Сонымен қоса | ||||
Өнді
ріс |
Ауыл шаруашылығы | Құрылыс | Көлік | Сауда және көлік жөндеуі, жеке тұтыну заттары | |||
1 | Материалдық шығындар | 46,2 | 55,6 | 59,1 | 55,9 | 27,6 | 27,6 |
2 | Төлем ақыға төленген шығындар | 11,6 | 10,7 | 13,4 | 9,2 | 9,9 | 9,9 |
3 | Негізгі құрал-дардың тозуы | 2,7 | 3,9 | 4,3 | 1,1 | 2,5 | 2,5 |
4 | Басқа да шығындар | 39,5 | 29,8 | 23,2 | 33,8 | 60,0 | 60,0 |
Барлығы: | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, ең көп шығынды материалдық шығындар құрайды, ауыл шыруашылығында 59,1 %, өндіріс және құрылыс саласында 55,6-55,9 %-ды құрап тұр. Еңбек ақыға орташа есеппен 10 % шығын кеткен. Негізгі құралдардың тозуына 3 %, ал басқа да шығындар 30- 35 %, көлік және сауда шығындары 60 %-ға дейін өсетінін көреміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім өлшемін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді. Ол ақшалай және натуралды-заттай есептеледі. Өнімнің өзіндік құнына өндіріс үрдісінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары, жұмыс күшінің құндары және қосымша қосылатын шығындар кіреді. Капиталистік елдерде өзіндік құн деген категория жоқ, оның орнына экономикалық шығын деген категорияны қолданады. Экономикалық шығынға өнімнің өзіндік құны, сонымен бірге несиеге пайыз төлемі, арендалық төлем және минималды кәсіпкерлік пайда қосылады. Бұл зиянсыз жұмыс істеуге кепіл болады, сондықтан өзіндік құнды есептеудің орнына экономикалық шығынды есептеген жөн болады.
Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады. Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады. [7]
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты цехтық (бригадалық), фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді. Өзіндік құн жасақталуына қарай жоспарлы, болжамды және нақтылы болып бөлінеді.
Сонымен қатар, өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың соммасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы. Шығындарды өнім бірлігіне жатқызуына қарай тікелей және жанама шығындар деп бөледі, ал экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары негізгі шығындар және қосымша шығындар деп бөлінеді. Өнім көлемінің өсуіне байланысты өндірістік шығындар пропорционалды, яғни шартты-ауыспалы және пропорционалды емес, яғни шартты-тұрақты болып бөлінеді.
Ағымдағы шығындарға нормативті және сметалық калькуляция жасалады, біріншісі нормалық шығындар негізінде, ал екіншісі жаңадан игерілетін өнімге қолданылады. Сонымен қатар, жоспарлы калькуляция — нормалы шығындардың қосындысы, ол жоспарлы шығындар мен жоспарлы пайданы байланыстырады.
Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады. [19]
Өзіндік құнға жолдама жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды және тағы басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.
Қорытындылап айтатын болсақ, өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес, өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Егер материалдық ресурстардың бағасына, еңбек ресурсына шығындар өзгермейтін болса, ол уақытта өнімді көбейту тек қана өнімнің өзіндік құнын азайту арқылы іске асады. Ал техникалық ұйымдастыру шараларын іске асыру жоспарын жасақтау, ішкі өндірістік резервтерді пайдалану мүмкіндіктерін талдау қорытындысына сүйеніп жасауды талап етеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2008 жылғы 18 ақпан. – Алматы: Жеті жарғы, 2008.
- Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2009 жылғы 1 наурыз. – Егемен Қазақстан, 2 наурыз 2009.
- Қазақстанның бәсеке қабілеттілігі, экономиканың бәсеке қабілеттілігі, ұлттың бәсеке қабілеттілігі: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2007.
- Назарбаев Н. Ә. Жаңа заман – жаңа экономика. – Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан, 2007.
- Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары: ҚР Президентінің бұйрығымен бекітілген, 2004 жылғы 4 желтоқсан, № 735. — Астана, 2004.
- Қазақстан Республикасының 2006-2015 жылдарға арналған индустриалды — инновациялық даму стратегиясы. – ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы, № 30, 2005.
- Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Экономика, 2006.
- Волков О. И. редак. Экономика предприятия. – Москва: Инфра-М, 2001.
- Палий В.Ф. Основы калькулирования. — М.: Финансы и статистика, 2007.
- Горфинкель В. Я., Швандар В. А. редак. Экономика предприятия. – Москва: Юнити, 2004.
- Сергеев И. В. Экономика предприятия. – Москва: Финансы и статистика, 2000.
- Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2004.
- Шим Джей, Сигел Джоэл. Методы управления стоимостью и анализ затрат. Пер. с англ. М.: Филин, 2005.
- Балашов В. Можно ли управлять себестоимостью? // Азия: экономика и жизнь.-2003, №45.
- Брызгалин А.В., Берник В.Р. Себестоимость и проценты за пользование кредитом. // Бухгалтерский учет.-2006, №6, с.31-34.
- Насырова М. Р., Токсанбай С. Р., Кулпыбаев С. К., Гуляева С. П. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық. – Алматы: 2006.
- Сергеева О.А. Учет затрат на производство и калькулирование продукции себестоимости продукции, работ и услуг.//Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №4, апрель, 2006 г.
- Джумагазина А.К. Учет и аудит затрат и калькулирование себестоимости молочной продукции. Автореферат дис. К.э.н. 08.00.12., Алматы, 2003.
- Бисенғазиев М. Б., Хамитов А. Ш. Кәсіпкерлік негіздері. – Орал, 2004.
- Горбашко Е.А. Конкурентоспособность промышленной продукции: Учебное пособие /Миннауки, высш. Школа техн. политики РФ. С.-Пб. Ун-т экономики и финансов, — Санкт-Петербург. – 2001.
- Методические рекомендации к стандарту бухгалтерского учета 7 «Учет товарно-материальных запасов» в части формирования состава и классификации затрат, включаемых в себестоимость продукции (работ, услуг). — Бюллетень бухгалтера, 2006, № 30, с.2.
- Бланк И.А. Управление прибылью. Киев, «Ника-Центр», 2001.
- Брызгалин А.В., Берник В.Р., Головкин А.Н. Профессиональный комментарий к Положению о составе затрат по производству и реализации продукции (работ, услуг), включаемых в себестоимость продукции (работ, услуг) и о порядке формирования финансовых результатов, учитываемых при налогообложении прибыли. — Екатеринбург, 2004.
- Ворст, Ревентлоу. Экономика фирмы.- М: Высшая школа, 2006.
- Герике Р. Контроллинг на предприятии. Берлин: АБУ-консальт ГмбХ, 2001.
- Давид Миддлтон. Бухгалтерский учет и принятие финансовых решений. – М: ЮНИТИ, 2006.
- Денисова И.П. Управление издержками и ценообразование. Учебное пособие. — М., 2005.
- Друри К. Введение в управленческий учет. — М., 2004.
- Друри К. Учет затрат методом стандарт-костс. Пер. с англ.- М: «Аудит», 2001.
- Пунин Е.И. Альтернатива затратному синдрому: промышленность, цены, внешнеэкономические отношения. (Вопросы теории и практики). — М.: Издательство АО «Консалтбанкир», 2005.
- Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. — Алматы, 2001.
- Справочник директора предприятия. Под ред. Лапусты М.Г. — М.: Инфра-М, 2002.