Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігін талдау

0
5

Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігін талдау (Ырысты АЭРВЗ АҚ мысалында)

Мазмұны

Кіріспе

  1. Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
    • Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық мәні және маңызы
    • Кәсіпорын жаңа өнімді шығарудың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері
    • Кәсіпорын өнімін жаңартуға әсер ететін факторлар

2.Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның қызметін талдау.

2.1 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ны өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

2.2 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның жаңа өнім шығаруға үрдісін талдау

3.Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық тиімділігін арттыру

3.1

3.2 Өндіріс тиімділігін арттыруда жаңа техниканы қолдану бойынша

ұсыныстар

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Еліміз экономикалық дамудың жаңа кезеңіне көшті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан “Егемен Қазақстан 2004 ж 19 наурыз”: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық экономикасы бар».

Сонымен қатар Отандық нарықта импорттық тауарларын қорғау, халықаралық тұтыну нарығында үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер шығару мәселелері күн тәртібінде тұр. Міне, осының барлығы да еліміздегі өндірістік кәсіпорынға ішкі және сыртқы нарықтарды игеруге бағытталған тауарлық стратегиясын қалыптастыруды жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді қажет етеді. Бұл мәселелер өнімнің сапасын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастыру арқылы және де өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы шешімін табуы тиіс. Аталған мәселе, мемлекеттің негізгі стратегияларымен бағдарламаларында айтылып жүр. Мәселен, Президенттің Қазақстан халқына жолдаған сөзінде төмендегі жағдайларға назар аудару керектігін ескертті:   “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.”

Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.

Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымда жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.

Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономикаға өту жағдайларында ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеге қабілетті тауарлар жасауды және көптеп өндіруді талап етеді. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті тауарларды және оларды өндіруге жұмсалатын шығындардың экономикалық жағынан тиімді деңгейлерін іздестіру мәселесі (проблемасы) туындайды. Бұл міндеттің одағай шешілуі көп жағдайда кез-келген кәсіпорынды тұтас алғанда, Республикалық экономикалық және әлеуметтік өміріне байланысты. Дипломдық жұмысымның тақырыбы көкейкесті болатыны сондықтан.

Алайда, кейбір кәсіпорындардың дүние жүзілік нарыққа шығуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан кәсіпорынның негізгі мақсаты ішкі нарыққа жаңа технологияларды енгізу жолымен бәсекеге қабілетті өнім шығару болып табылады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, міне, осы!

Осыған байланысты дипломдық жұмысымның мақсаты – өнімді жаңартуды ынталандыру жолдарын ұсыну, оның тиімділігінің ерекшеліктерін ашу.

Алға қойылған мақсаттарға сай мынадай міндеттерді шешу қажет:

  • өнім жаңартудың экономикалық тиімділігін көрсету;
  • кәсіпорындағы өнім жаңартуды ынталандыру және тәсілдерді қарастыру;
  • «Ырысты -АЭРВЗ» ЖШС – нің технико – экономикалық және өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
  • кәсіпорында өнім жаңғыртудың тиімділігіне талдау жасау;
  • кәсіпорында өнім шығарудың тәсілдерін және тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау;

Дипломдық жұмысымның әдістемелік негізі мыналар: заңдар, нормативті нұсқау материалдары, монографиялар, жарияланымдар, мерзімді баспа сөзде жарияланған мақалалар, “Ырысты-АЭРВЗ ” ЖШС – нің есептік деректері, Қазақстан Республикасы статистика жөнінде Ұлттық Агенттіктің статистикалық материалдары. Дипломдық жұмысым үш тараудан, кіріспеден қорытындыдан , қосымшалардан ,қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері

 

1.1 Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық мәні және маңызы

 

Вагон өнімдерін өндіру Республикамыздың экономикасының жетекші салаларының бірі болып табылады.Өнім өндіру еңбекті көп керек ететін сала, сондықтан бұл іспен айналысқысы келетін кәсіпкерлік құрылымдар ең алдымен бұл өнімге деген нарықтағы сұранысты зерделеп барып, сатылатын өнімді үнемі арттырып отыруға тиіс.Тәжірибе көрсеткендей, тамақ өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар өнімдері үнемі жаңартылып және жетілдіріліп отырады.Нарық талабы осындай.

2030 Үкімет бағдарламасының негіздерінде өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары белгіленген.

“Импорттық алмасулар бағдарламасы негізінде ішкі және сыртқы рыноктың қажеттіліктерін қамтамассыз ету үшін өнеркәсіптік өндірістің өсуі үшін, кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайлар жасалады.Өнеркәсіптің өсуінің негізі онымен аралас өндірістердегі дамыту болуы тиіс”.

“Үкіметтің өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары Отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, халықаралық деңгейдегі стандарттау жүйесін құру, сыртқы тауарлар шығаратын кәсіпорындар бағаларының дүние жүзілік нарық бағаларымен теңесуі шараларын іске асыру, өндірісті қалпына келтіру, тұрақтандыру жолында компания басқарушыларының жауапкершілігін арттыру керек”.

Бұл бағдарламаны орындап, бизнес жүйесін қалыптастыру үшін тауар өндірушілерге еркіндік беріліп, олардың экономикалық дербестігі қамтамассыз етілуі қажет.

Нарық, бұл күрделі әрі көп жақты құбылыс. Нарық қатынастары даму дәрежелері бойынша, модификациялау ерекшеліктеріне, кемелдену деңгейіне, тарихи, әлеуметтік және өзге белгілері бойынша ерекшеленеді. Сонымен Кембридж ғылыми мектебінің негізін салушы, нарықты теңестіру тұжырымдамасының авторы, ағылшын экономисі А.Маршалл былай деп жазған болатын: “Тіпті тотықұстан білімді саяси эконом жасауымыз мүмкін, бар – жоғы ол екі сөзді:сұраныс және ұсынысты білуге тиіс”.

Өндіру және өткізу, елеулі ассортимент болып қосылатын жаңа қасиеттері бар – тауар әдетте жаңа өнім, деп аталады. Бұрынан бар бұйымдарды қарапайым түрде жетілдіру жаңа өнімге жатқызылмайды. Өнімнің өзін өзгертпестен жаңа қондырғылар, механизмдер комбинациясы немесе жаңа өнім принципті түрінде жаңа бұйымдар болуы мүмкін. Инновациялау процесінің мақсатына мыналар жатады:

–  Жаңа техникалық міндетті шешу – жаңалық табу;

–  Ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкциялық талдамалар жасау.

Жаңа қасиеттері бар ассортиментке өндірісі мен өткізілуін қосқанда тауарды әдетте жаңа өнім деп атайды. Нақты бұйымның қарапайым жетілдірулері бұл жерге кірмейді. Жаңа бұйым не тек жаңа өнім, не өнімнің өзін өзгертпей жаңа бейімделулер, механизмдер жиынтығынан тұру керек. Инновация үрдісінің мақсатын келесідей түйіндеуге болады:

– Жаңа техниканың ойлап табылуы – жаңа заттың пайда болуы;

– Ғылыми – зерттеу және тәжірибе  – конструкторлық талдамалар

жүргізу;

– Өткізудің дайындығы мен ұйымдастырудың қатар жүруі;

– Нарыққа жаңа өнім енгізу;

-Технологияны жетілдіру, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру

жолымен нарыққа жаңа өнімді бекіту.

Инновациялау үш сатыға бөлінеді:

  1. Келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу;
  2. Түскен ұсыныстарды іріктеу және жаңа өнімді өндіру;
  3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау

 

 

Инновациялық процестің үш сатысын қарастырамыз.

Бірінші сатыда, өнімнің техникалық – экономикалық сипаттамасы, оның сапасын және тұтыну қасиеттерін бағалау анықталады.

Екінші сатыда, әлеуетті (потенциалды) нарық сұранысын және сатылатын тауар көлемін бағалау.

Үшінші сатыда, жаңа өнімді жасауға және игеруге жұмсалған шығынды (инвестицияларды), жаңа өнімнің өзін – өзі ақтау мерзімдерін анықтау.

Төртінші сатыда, жаңа өнімді технологиялық машиналарды, жабдықтарды шығару үшін қажетті ресурстардың болуы.

Бесінші сатыда, жаңа өнімді игеру және оны дүние жүзілік нарыққа шығару мерзімдері.

Алтыншы сатыда, жаңа өнімді өндіру рентабельділігін (пайдалылығын) бағалау, талдау, өнім бойынша маркетинг жүргізу.

Алға қойылған міндетті – жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау үшін осы өнімді бағалауды іске асыру қажет. Жаңа өнімнің тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері мыналар:

  1. Сараптамалық пікір;
  2. Күтілетін пайда нормасын анықтау;
  3. Ықтималдық тәсіл;
  4. Күтілетін пайда қозғалысын бағалау немесе бірқатар факторларды ескере отырып, бағалауды пайдалану.

Бағалаудың көп өлшемді әдістері: саланың тарамдылығы, оған бәсекелестердің еніп кету мүмкіндігі, жаңа өнімнің тұтас алғанда, компанияның бәсекеге қабілеттігіне ықпал жасау, өндірілген тауарларды жетілдіру үшін үлгілерді пайдалану мүмкіндігі, жаңа тауарды өндіру өткізудің фирманың қаржы жағдайына әсері.

Кәсіпорынның түрлі бөлімшелерінің жаңа өнімді жасауға қатысу дәрежесі елеулі мөлшерде кәсіпорын қызмет саласымен, шығарылатын өнімнің сипатымен анықталады.

Тұтас алғанда, тұтыну тауарларын шығаратын компанияларда, компанияның жаңа тауарлар жөніндегі саясатында анықтау кезінде жетекші рөлі – маркетинг жөніндегі мамандарға берілетінін айтуымыз мүмкін.Өндіріс мақсатындағы өнімдер шығаруға мамандандырылған ҒЗТКЖ бөлімшелеріне зор маңыз беріледі.

Маркетинг қызметін басқарушылардан алынған жаңа өнімді жасау жобасы әлбетте маркетингтік зерттеу нәтижесі болып табылады, мұнда нарықтың қажеттілігі туралы, осыған ұқсас заттардың нарықта бар жоқтығы туралы ақпарат болады. Осыларды ескере отырып, кәсіпорын жаңа өнімді шығаруға шешім қабылдайды. Ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарының бөлімшелерінен жаңа өнімдер жасау туралы идеялар келіп түскен кезде, бұлар жаңа идеяларды жинау, қорытынды зерттеулер жүргізу, қандай да бір нақты идея немесе болашағы зор бұйым туралы келіп түскен ақпаратты зерттеу жөніндегі мақсатты нысаналы зерттеу қызметінің нәтижесін білдіреді. Кәсіпорын өздерінің тасқынды жұмыс істеуіне септігін тигізетін, қолайлы ахуал туғызатын, инновациялық қызметті ынталандыра алатын, жаңа идеялардың қайнар көздерін кеңейтіп отыруға ұмтылады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметінің нарықтық бағдарының күшейе түсуі ғылымды көп қажет ететін өнімді тұтынушылардың инновациялық процестердің түрлі сатыларында оны өңдеуге және игеруге қатысты тәжірибесінің таралуынан байқалады. Бұл бір тараптан өндірушілердің өткізу нарығының тұрақтылығын қамтамассыз етуге ұмтылысымен байланысты, басқа тараптан, тұтынушы жұмыстағы жаңалыққа өз ұсыныстарын енгізіп ғана қоймастан өндіріс жұмысының күллі барысын, жаңалықты игеруді бақылай алады. Бір қатар жағдайларда тапсырыс беруші идеялардың немесе техникалық міндеттердің бастаушысы ретінде көрініп, атап айтқанда жаңа өнімнің сипаттамасын анықтау бойынша, оның прототипін жасау бойынша, мәселені шешуге қатысып отыр. Бұл өндірушімен тапсырыс беруші арасында тұрақты байланыстар орнатуға алып келеді, бұл кезде өндіруші белгілі бір өнімді жөнелтуші ғана емес, ақырғы тұтынушының сұраныстарын бағдарға алатын маркетинг қызметінің қатысушысына да айналады. Инновациялық процестің соңғы мақсаты, жаңа өнімді коммерциялық игеру және оның рентабельді көп таралатын өнімнің болуы. Басынан бастап зерттеу, жобалау жұмыстары өндірісті бағытқа ұстаған, қажетті құрал – жабдыққа күрделі қаржыны ұлғайтудың нақты мүмкіндігі пайда болған жағдайларда ғана  қол жеткізіледі. Бұл жағдайда жаңа өнімнің нарықтық сұранымына, алушылардың қажеттілігіне сәйкес келетін,  келмейтіні күні бұрын анықталады. Мұндай күрделі жағдайларға  байланысты жаңа өнімді жасау жобасының бір бөлегі  ғана  өндіріске енгізіледі. Зерттеулер көрсеткендей, жасалған талдамалар жобасының тек 40 пайызы ғана өмірде іске асырылады. Сарапшылардың бағалаулары бойынша, нарықта танылған жаңалықтың табыс кіргізу ықтималдылығы кейін кеміп табыс әкелмейтін болған. Жаңа өнімді және  технологияны өндіріске енгізудің көптеген сәтсіздіктерін, мамандар – жаңалықтар тұтынушылардың сұранымдарынан  емес, жаңа білім базасында пайда болғанымен түсіндіреді. Жаңа өнімнің   жобасын жасау, оны өндіріске енгізу компания үшін  маңызды, ол  кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттырады. Қазіргі нарыққа  керегі де  осы.

 

1.2  Кәсіпорын жаңа өнімді шығарудың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері

Жаңалықты нарыққа шығарған кәсіпорын басшылары оның өмірінің ұзақ және ұтымды болуын қалайды.Тауар ұзақ уақыт сатылады деп ешкім санамағанымен, кәсіпорын және тауар шығаруға байланысты барлық әрекеттерінің, зиян – қауіптерінің, қайтарылымына тұратындай табыс келтіруді қамтамасыз етуге тырысады. Басшылардың ойы өткізілуі әрі жоғары, әрі ұзақ уақытқа созылады деген дәмеде болады. Олар әр тауардың өзіне тән өмір циклі бар екенін біледі, бірақ осы циклдің қанша уақытқа созылатынын болжау оңай емес. Бұл циклде төрт кезең анық түрде бекітілген.

  1. Нарыққа шығару кезеңі – тауарды өткізудің шабан өсу кезеңі. Тауарды нарыққа шығарарда көп болатындықтан, бұл кезеңде табыс болмайды.
  2. Өсу кезеңі – тауарды нарықта қабылдау және табыстың тез өсу  кезеңі.
  3. Кемелдену кезеңі – тауарда потенциалды сатып алушылардың

қабылдауына әлдеқашан қол жетіп, соған байланысты өткізу қарқыны

бәсеңси бастаған кезеңі.

  1. Құлдырау кезеңі – өткізу өте тез құлдырау және табыстың төмендеген кезеңі. Келтірілген тауар өмірі циклінің ирегі тіпті болмағанымен, ол бұл түрде ылғи болмайды. Жиірек кездесетін варианттардың біріне “қайталау циклі”ирегі жатады. Өткізудің екінші өркеші тауардың құлдырау кезеңінде жүргізілген өткізуді ынталандыру шаралары нәтижесінде іске  асырылған.Тағы бір айырмашылығы түрінде тауардың жаңа сипаттамаларының ашылуының, оны пайдаланудың және әдістерінің, жаңа  тұтынушылардың, пайда болуының нәтижесінде туындалған бірте – бірте жалғасқан цикл қатарларынан құрылатын “кекілді” ирек жатады.

Тауардың өмірлік циклі түсінігін толық тауар кластарын тауар айырмашылығын не нақтылы марканы суреттеу үшін де пайдалануға болады.Осы жағдайлардың әрқайсысында өмір циклі түсінігі әртүрлі мінездеме береді. Көптеген тауар кластарын өткізу, кемелеттену кезеңі шегінде ұзақ уақыт кідіріске кездеседі. Және керісінше, тауарлардың бір түрінің өмір циклінің иректері әдетте бір типті болады.

Тауарды нарыққа шығару кезінде, нарыққа шығару   кезеңі тауардың таратылу сәтінен және оның сатылу түсуінен басталады. Тауарды нарыққа шығару процедурасы уақыт талап етіп, бұл кезеңдегі өткізу әдетте, жай өседі.

Бұл кезеңде, сату көлемінің аздығынан және тауарды таратуды ұйымдастыруға және, оны өткізуді  ынталандыруға көп қаражат керектігі нәтижесінде фирма не шығын үстінде, не табыс өте аз. Осы кезде ынталандыру шығындары өзінің ең жоғарғы деңгейіне көтеріледі. “Жаңалықты итермелеу әрекеттерін шоғырландыру қажеттілігіне байланысты мыналарды: 1) потенциалді тұтынушыларға оларға белгісіз жаңа тауар туралы ақпарат беру, 2) оларды тауарды байқауға қызықтыру және 3) бұл тауарға бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы таратылуды қамтамасыз ету”.

Бұл кезеңде өндірушілер аз және олар тауардың тек негізгі варианттарын шығаруда, өйткені нарық олардың модификацияларын қабылдауға әлі дайын емес. Фирма өзінің өткізу әрекеттерін сатып алуға дайындығы мол тұтынушыларға, демек, табыс деңгейі жоғары топтардың өкілдеріне шоғырланады. Бұл кезеңде баға әдетте жоғары.

Өсу кезеңі, егер жаңалық нарық қажетін қанағаттыратын болса, өткізу елеулі түрде өсе бастайды. Алғашқы жол ұстаушылар тауарды сатып алуды жалғастыруда. Олардың үлгісіне жәй тұтынушылар еліктей бастайды, әсіресе олар нарықта тауар туралы ұнамды пікірлер естіген болса. Нарықта ашылған мүмкіншіліктерге қызыққан жаңа бәсекелестер пайда болады. Олар жаңа қасиетті тауарлар ұсынып, нарықты кеңейте түседі. Бәсекелестердің санының өсуі, тауар тарату арналарын қанықтыру үшін зауыттардан сату көлемінің тез өсуіне әкеліп соқтырады.

Баға баяғы қалпында қалады не сұранымды өсіру мақсатында шамалы төмендетіледі. Фирманың ынталандыру шығыны бұрынғы деңгейінде қалады  не бәсекелестерге қарсыласу және көпшілікті хабардар етуді жалғастыру мақсатында шамалы өседі.

Бұл кезеңде табыс өсуде, өткізуді ынталандыру шығыны, сатудың өскен көлеміне бөлінеді, онымен бірге өндіріс шығыны да қысқарады. Нарықтың тез өсу кезеңін максимальді созғылау үшін фирма бірқатар стратегиялық әдістерді пайдалануы мүмкін:

  1. Жаңалықтың сапасын жоғарылату, оған қосымша қасиеттер беру, жаңа модельдер шығару.
  2. Нарықтың жаңа сегменттеріне ену.
  3. Жаңа тарату арналарын пайдалану.
  4. Жарнаманың хабардар ету бірқатар бөлігін тұтынушылардың тауарды алуына ынталандыруға қайта бейімдеу.
  5. Қосымша тұтынушыларды тарту үшін бағаны уақытында төмендету.

Осы айтылған нарықты кеңейтудің стратегиялық әдістерін пайдаланған фирма міндетті түрде өзінің бәсекелестік жағдайын нығайтады.

Кәмелеттену кезеңінде, кейбір мезетте тауарды өткізудің өсу темпі бәсеңдейді- кәмелеттену кезеңі басталады. Уақыт ұзақтығы бойынша бұл кезең өткен кезеңдермен салыстырғанда, әдетте, ұзағырақ және маркетингті басқару сапасы алдына мәселелер қояды. Нарықтағы бар тауарлардың көпшілігі кәмелеттену кезеңінде, маркетингті басқару, негізінде”кәмелеттенген” тауармен байланысты.

Өткізудің өсу қарқынының бәсеңдеуі, өндірушілердің көпшілігінде сатылмаған тауар қорларының жинала бастағанын көрсетеді. Бұл бәсекелестіктің шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бәсекелестер төмендетілген бағамен және прейскуранттық бағадан да төмен бағамен сатуға жиі кірісе бастайды. Жарнама шығыны өсуде, сауда өрісі және тұтынушылармен жетілдірілген келісімдер саны өсуде. Тауардың жақсартылған варианттарын шығару мақсатында ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға ассигнования өсуде. Мұның бәрі табыстың төмендегенінің белгісі. Бірқатар нашар бәсекелестер қатардан шыға бастайды. Ең ақырында бұл салада тамырын мықты бойлатқан бәсекелестер ғана қалады.

Тауар басқарушысы өз бұйымдарын қорғаумен шектелмеуі керек. Ең жақсы қорғаныс-бұл шабуыл. Сондықтан басқарушы нарықты, тауарды және маркетинг кешенін модификациялаудың тұрақты жолдарын іздестіруге міндетті.

Нарықты модификациялау кезеңінде, басқарушы барлық тауарлардың тұтынылуын өсіруге тырысады. Ол жаңа пайдаланушыларды, нарықтың жаңа сегменттерін іздеуде. Сонымен қатар, ол бар клиенттердің тауарды интенсивтірек тұтынуын ынталандыру жолдарын іздестіруде. Басқарушы тауарды нарықтың басқа бір ірі не тез өсіп келе жатқан сегментіне ұнамдылығын өсіру үшін, оны қайтадан позициялауды ойластыруы мүмкін.

Тауарды модификациялау кезеңінде, тауарды басқарушы өз бұйымдарының сапа деңгейі, қасиеті сырт безендіру сияқты сипаттамаларын модификациялау арқылы жаңа тұтынушыларды тартып, тұтынуды интенсивтендіруі мүмкін.

Сапасын жақсарту стратегиясы тауардың ұзақ өмірлілігі, сенімділігі, жылдамдығы, дәмі сияқты функционалдық сипаттамаларын жетілдіруді мақсат етеді. Мұндай әдіс мынадай жағдайларда тиімді болады: 1) Сапаны жақсарту мүмкіншілігі бар. 2) Сатып алушылардың сапаның жақсарды дегеніне сенімі бар және 3) сатып алушылардың көпшілігі тауар сапасының жақсарғанын қалайды.

Қасиетін жақсарту стратегиясы тауарға жаңа қасиеттер беру арқылы тауардың универсальдығын, қауіпсізділігін, ыңғайлылығын жоғарылату мақсатын көздейді. Қасиетті жақсарту стратегиясын жапон сағат, калькулятор, көшіру аппараттарын т.б. жасаушылар пайдалануда.

Сырт безендіруін жақсарту стратегиясы тауардың тартымдылығын жоғарылатуды мақсат етеді. Мысалға, түрін жаңалатқанды жақсы көретін сатып алушыларды тарту мақсатында сүт өндіру фирмалары өз өнімдерінің сырт безендіруін өзгертуде.

Маркетинг кешенін модификациялау кезеңінде, тауар басқарушысы басқа шаралармен қатар маркетинг кешенінің бір немесе бірнеше элементтерін модификациялау арқылы өткізуді ынталандыруға тырысуы керек. Жаңа сатып алушыларды тарту және бәсекелестердің клиентурасын арбау үшін бағаны төмендетуге болады. Әсерлілігі жоғарырақ жарнамалық компанияны дайындап көруге болады. Сатушылармен жеңілдетілген келісімдер жасау, бағаны шамалы төмендетуге құқ беретін купондар шығару, сувенирлер тарату, конкурстар өткізу сияқты өткізуді активті түрде ынталандыру әдістерінде пайдалануға болады. Кәсіпорын сиымдылығы молырақ нарық арналарын, атап айтқанда активті өткізу дүкендерінің қызметтерін де пайдалануы мүмкін. Әсіресе осы нарық арналары өсу кезінде болса. Кәсіпорын тұтынушыларға жаңа жетілдірілген қызметтер ұсынуына болады.

Құлдырау кезеңі уақытысында, түбінде тауардың кейбір түрін не маркасын өткізу төмен қарай құлдырайды. Өткізу нөл белгісіне дейін не төменгі деңгейдегі дәрежеге дейін құлдырап, сол деңгейде көптеген жылдар қалуы да мүмкін.

Өткізудің құлдырауын бірқатар себептермен түсіндіруге болады, оның ішінде технологияның жетілуі, тұтынушылар ұнатымының өзгеруі және отандас, шетелдік бақталастармен бәсекелестіктің шиеленісуін айтуға болады. Өткізудің құлдырауына және табыстың төмендеуіне байланысты бірқатар кәсіпорындар нарықтан кете бастайды.

Құлдырау кезеңінде ұшыраған тауарды кәсіпорынның өз номенклатурасында сақтауға тырысуы оны көп шығынға ұшыратады. Тауар басқарушылардың оған көбірек уақыт бөлуін талап етуі мүмкін. Оның үстіне, оның бағасын жиі өзгертуді тауар – материал қорларын қайта бағалауды талап етеді. Оны өндіру бағасы жоғары, оған қарағанда табыстырақ жаңа тауарларды шығаруды ұйымдастыруға қаржыны жұмсағаны жөн болуы мүмкін. Оның табыстылығының құлдырауы тұтынушылар алдында өндіруші – кәсіпорынның жалпы беделін төмендетуі мүмкін. Ал ең жағымсыз жағдайларға кәсіпорын келешекте душар болуы мүмкін. Өндірілуі уақытында тоқтатылмаған ескі тауарлар оны алмастыруды іздей бастауға кедергі келтіреді. Осыған байланысты кәсіпорын “кешегі асыраушыға” көбірек және “ертеңгі” асыраушыға азырақ көңіл бөлетін біржақты маркетинг кешенімін қанағаттануына тура келеді. Мұндай тауарлар Кәсіпорынның бүгінгі рентабельділік әрекеттерін төмендетеді және келешегін әлсіретеді.

Осы аталғандардың бәрін ескере отырып, кәсіпорын өзінің көнере бастаған бұйымдарына көбірек көңіл бөлуі керек. Ең алдымен өткізу көрсеткіштерін, нарық бөліктерін шығын және рентабельдік деңгейлерін жүйелі түрде талдау арқылы құлдырау кезеңіне жүйелі түрде талдау арқылы құлдырау кезеңіне ұшырай бастаған тауарларды анықтау керек. Басқарушылар олардың әрқайсысы туралы, не оны шығаруды жалғастыру, не “жемісін ору”, не номенклатурадан шығару туралы шешім қабылдауы керек. Марканы одан әрі қарай шығару туралы шешім қабылдау бәсекелестер нақтылы бәсекелестік өріс әрекетінен кетеді деп үміттенген жағдайда ғана болуы мүмкін.

Бұл нәтижелі болған жағдайда, жемісті ору стратегиясы фирма табысының қысқа мерзімді өсуіне жеткізеді. Басшылар тауарды басқа фирмаға сату не өндіруді тоқтатып, оны номенклатурадан шығару туралы шешім қабылдауы мүмкін.

1-кесте. Тауар өмірінің циклі: негізгі сипаттамалар және өндірушілердің

үлгілі  жауапты реакциялары.

Нарыққа шығару кезеңі Өсу кезеңі Кемелдену кезеңі Құлдырау кезеңі
Сипаттамалар      
Өткізу Нашар Тез өсу Баяу өсу Құлдырау
Табыс Болмашы Максималды Құлдырауда Төмен не нөл
Тұтынушылар Жаңалықтарды ұнатушылар Жалпылама нарық Жалпылама нарық Кейін қалушылар
Бәсекелестер Үлкен емес Тұрақты өсуде Үлкен Төмендеуде
Өндірушілердің жауапты реакциясы      
Негізгі стратегиялық әрекеттер Нарықты кеңейту Нарықты тереңдете түсу Нарықтағы өз үлесін қорғау Өндірістің рентабельділігінің өсуі
Маркетинг шығындары Жоғары Жоғары бірақ пайыз жағынан төмен Қысқартуда Төмен
Негізгі маркетингтік әрекет Тауар туралы хабар беру Маркаға ұнатушылық тудыру Марка жолы қудыру әрекет ету Селективті
Тауарды тарату Бір қалыпты емес Интенсивті Интенсивті Селективті

 

 

1.3 Кәсіпорын өнімін жаңартуға әсер ететін факторлар

 

Шарттың қаталдық бәсекелесінде стратегиялық жоспардың және ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың  рөлі жоғарылайды. Соңғы 10 жыл ішінде дүние жүзінің алдыңғы қатардағы фирмалары стратегиялық маркетинг пен ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың шығындарын 2 есе көбейтті.

Маркетингтік жоспарлаудың принциптері:

  1. стратегиялық және ағымды жоспарды мұраға қалдыру;
  2. жоспарлаудың әлеуметтік арақашықтығын сатыландыру;
  3. обьектінің жоспарының қажеттілігін сатыландыру;
  4. жоспардың көрсеткішін салыстыру;
  5. жоспарды салыстыру;
  6. нұсқалылық;
  7. теңдестіру;
  8. экономикалық дәлел;
  9. жоспарлаудың автоматтық жүйесі;
  • байланысу жүйесінің жоспарлық қайтарылуын қамтамассыз ету.

Кез – келген бизнес жоспарда “Шығарылған өнімнің жаңаруы” деген бөлім болады, яғни ол ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың  жүргізілуімен тығыз байланысты. Ондағы негізгі қадамдар:

-бәсекелестің көрсеткіштері, нарықтағы өнімнің негізі сапа мен ресурстың көлемі;

-бәсекелестердің осы негізгі көрсеткііштері;

-ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыс жоспарының негізгі ұсынымы басты зерттеулер мен жұмыстың жасалуы, жоспарланған көрсеткіштердің жаңа өнімін қамтамасыз етуі керек;

-жоспарлы ресурстың, ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың методикамен және жаңалықтармен қамтамассыз етілуі керек;

-ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы;

-ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы жаңа өнімнің өндірілуі;

-техника – экономикалық инвестицияның жобасын дәлелденуі.

Болашаққа арналған жоспар ішкі фирманың мінездемесі бойынша бөлінеді: қорғанушы және орын алушы. Қорғанушы жоспар дегеніміз, нарықта өз мүддесін сақтап қалу қажеттілігі және көлемді табысын бәсекелестер арқылы ұстап қалу. Негізінен осындай жоспарларды көбінесе орта және кіші фирмалар қолданады. Орын алушы кәсіпорындар күшті бәсекелестерге құрылған бағыт. Бұл жоспарлаудың түрі кәсіпорынның стратегиялық инновациялық бастауының көрсеткіші, өндіріс өнімінің жаңа түрі бойынша. Соңғы мақсат – құрылған жаңа нарықтарды жаулап алу. Негізінен осындай жоспарларды үлкен концерндер қайта қарайды.

Өндірістің техникалық саясатында, өндіріс тоқтаусыз жаңа өнім шығаруға дайындағанда көптеген мынадай сұрақтарға сай болады:

-инновациялық тиімділіктің сараптау факторлары;

-техникалық саясаттың негізгі жинағы;

-ғылыми зерттеу конструкторлық жұмыстарының саясаты;

-өндірістің ұйымдық – техникалық қалпын сараптау.

Фундаменталды және қолданбалы зерттеулерден кейін, жоғарыда айтылған Федералды заң бойынша  белгіленетін яғни, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде немесе тәжірибелік тәжірибе негізінде қалыптасқан және адам өмірін және денсаулығын сақтауға, жаңа материалдар, өнімдер, үрдістер, құрылғылар, жүйенің қызмет көрсетулері мен оларды одан әрі жетілдіру әдістеріне бағытталған білімге міндеттеледі.

Тәжірибелік зерттеулерді жоспарлау тематикалық қағида бойынша жүргізіліп, оның көлемінің және номенклатурасын қатаң реттемелеу арқылы жүргізіледі. Міндетті түрді қажет персонал тізімі мен біліктілігі жоспарланады. Тәжірибелік зерттемелердің нәтижелерін кешенді бағалау экономикалық көрсеткіштер жүйесіне негізделеді. Тәжірибелік зерттемелерді теңестіру мақсатында тәжірибелік – статистикалық және есепті – аналитикалық әдістерді қолдануға болады. Еңбек үрдісін жүргізу кезінде, фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулердегідей емес сипатта, одан да қарқынды, техника мен құрылғылар, жұмысшылардың жұмыс істеу тәртібі реттелмеген сипатта жүзеге асады.

Жаңа өнімнің өнеркәсіп өндірісін игеру кезеңінде, оны сынау, өндірісті техникалық және  технологиялық  дайындық жұмыстары жүреді.

Еңбекті жоспарлау жұмыстар кезеңі белгіленген, олардың істелу мерзімі мен көлемдері, орындаушылары белгіленген жаңа техниканы дайындау жоспарымен сәйкес өнімдер бойынша анықталады. Еңбек нәтижелерін кешенді бағалау, игеру кезеңінде экономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Еңбек үрдісі көпшілігінде қарқынды сипатта болады. Персоналдың жұмыс істеу тәртібін реттемелеу техника мен құрылғыларды тиімді пайдалануымен сәйкес жүргізілуі керек.

Игеруден кейін, өнеркәсіп өндіріс кезеңі басталады, оның  нәтижесі болып берілген сапа мен берілген сандағы өнім табылады. Өнеркәсіп өндірісіндегі алға қойылған нәтижелерге жету мүмкіндігі бірге тең болады. Өндіріс түріне байланысты сәйкес стандарттар мен қайталанатын операциялар қолданылады.Өндірістік үрдісті жоспарлау кезінде өнім көлемі мен  номенклатурасы, персонал тізімі мен біліктілігі қатаң анықталады. Қызмет нәтижелері – кешенді бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Осы кезеңдегі еңбекті мөлшерлеу – міндетті және қажет. Еңбек үрдісі – ауысымдық және енгізу көрсеткіштерін есептеу негізінде техника мен құрылғыларды интенсивті пайдалану кезінде қарқынды өтеді. Персонал қызметінің тәртібі қолданылушы техника мен технология ерекшеліктеріне сәйкес қатаң реттемеленуі қажет.

Дәл осылай, инновациялық үрдістің негізі болып, жаңа, оригиналды білімдер мен ақпараттарды алу және өңдеуге бағытталған зерттеушілік қызмет табылады. Фундаменталды зерттеулерден қолданбалыға өту көлемі бойынша жаңа мемлекеттер саны азаяды, яғни, шешімдердің жаңашылдығы мен оригиналдығы деңгейінің азаюы пайда болады, ал зерттеу жұмыстары бірте – бірте белгілі бір мөлшерде, тәжірибемен, дағдымен және стандартты әдістермен ауыстырылады.

Жаңа техниканы құру және жаңа технологияларды зерттемелеу кезінде, еңбекті ұйымдастырудың негізгі міндетіне:

  • инновациялық үрдісте қатысушы персоналды дұрыс таңдау, реттеу, пайдалану және біліктілігін жоғарылатуды қамтамассыз ету;
  • тиімді бөлу мен еңбекті қауымдастыру;
  • әртүрлі жұмыс түрлерін орындаудың прогрессивті технологияларын жобалау және енгізу;
  • тәжірибелік өндіріске қатысушы ғылыми және инженерлі – техникалық жұмысшылардың, персонолдың, персоналдың жұмыс уақытын пайдалануды оңтайландыру;
  • персонал еңбегін ұйымдастыруды реттемелеу;
  • еңбек ету үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • қызметті бағалаудың және персоналды ынталандырудың прогрессивті жүйелерін пайдалану;
  • еңбекті мөлшерлеудің ғылыми негізделуі.

Инновациялық үрдіс өтетін нақты шарттардың жеке сипаттамалары еңбекті ұйымдастыруға әсер етеді. Жаңа өнімнің нарықтағы табыстылығы 60 пайыздан асқандығы оның пайда болу кезеңінде белгіленеді. Өнімнің ғылыми сиымдылығының өсуімен қатар, өмірлік циклдағы осы кезеңнің мағналылығы арта түседі. Тәжірибеде жоғары технологиялық өнімнің көпшілігі үнемі пысықталады және жаңашаланады, нәтижесінде оның тұтынушылық қасиеттерінің өзгерісі туындайды. Алғашқы модельді жетілдіру үрдісінде бірін – бірі бірте – бірте алмастырушы өнімдердің бірталай гаммасы бар.

Нарықта тауарлар бәсекеге түседі, ал негізінде бәсеке зерттеушілер мен әзірлеушілер арасында жүреді. Өнеркәсіп кәсіпорыны өнімнің жаңа түрлерін шығару бойынша ғылыми зерттеу бөлімшелері мен құрастырушы бюроларының мүмкіндіктерін нақты бағалауы қажет. Кәсіпорынның инновациялық деңгейін бағалау оның негізгі бәсекелестарінің инновациялық мүмкіндіктері мен сәйкес талдау негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын қызыметінің жеке мәнді көрсеткіштерінің динамикасын жүйелі белгілеу және салыстыру қажет.

Талдау нәтижесінде кәсіпорынның отандық және шетелдік әлеуетті сатып алушылар қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын, белгілі бір мерзім ішінде тауарлар түрлерін өндіру мүмкіндігі бейнеленеді. Сонымен бірге, өнімдерді өндіруге кеткен шығындар экономикалық қайтармалы шекті болуы керек және оларды сату кезінде өзін – өзі өтеуі керек.

Кәсіпорын өнеркәсібінің инновациялық мүмкіндіктері келесідей ірілендірілген топтардың көрсеткіштері бойынша анықталады: персонал, құрал – жабдықтар, материалдар, технология, ҒЗТКЖ, өнім. Бағалауға ұйымның инновациялық әлеуетін сипаттайтын көрсеткіштер жатады:

  • зерттеушілер, әзірлеушілер, тәжірибелік өндіріс персоналының тізімі мен біліктілігі;
  • ғылыми – техникалық қызметтің материалды – техникалық базасы;
  • ҒЗТКЖ – ң қаржылық – экономикалық қамтамасыз етілуі;
  • ғылыми – техникалық ақпараттың сенімділігі мен толықтылығы;
  • ғылыми – техникалық дайындаманың бар болуы;
  • өндіріс икемділігі, нарық талаптары мен бәсекелестерінің жағдайын ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде жаңа өнім өндіруді игеру, жаңашыл технологияны пайдалану арқылы жоғары сапалы және ғылыми сиымды өнім шығару;
  • кәсіпорын басқаруын және ҒЗТКЖ – ң орталықтандырылуы және орталықсыздандыру деңгейі;
  • инновациялық қызметтің ұйымдастыру технологиясының оңтайлылығы;
  • ҒЗТКЖ бөлімшелерінің, өндіріс және маркетинг бөлімшелерінің ішкі ұйымдық өзара байланыстар шегіндегі ынтымақтыстық деңгейі.

Ұйымдардағы өнімдер мен үрдістердің өмірлік циклын қысқарту тенденциясы нәтижесінде, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтау, оларды қанағаттандыру және бәсекелестерден гөрі тезірек пайда алу қажеттілігі туындайды. Осы шарттарда бүкіл инновациялық үрдіс тиімді ұйымдастырылуы және келесі қадамға негізделуі тиіс.

Негізгі көрсеткіштерге өнімді жеткізу уақыты, оның құны мен сапасы жатады, сонымен бірге, зерттеулер кезеңі өзіндік мүмкіндіктерге және бәсекелестер сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырылады.

Басшылық жағынан ҒЗТКЖ үшін бақылау мынандай жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • венчурлы бөлімшелердің пайда болуымен;
  • уақытша мақсатты ұйымдастырудың пайда болуымен;
  • жобаны басқару немесе басқарудың матрицалық қағидасына негізделген жұмыстарды ұйымдастыру;
  • жаңа өнімдер шығару бойынша бөлек бөлімшелерді құру;
  • жаңа өнімдерді шығарумен айналысатын үнемі қызмет жасайтын комитеттерді қалыптастыру;
  • жаңа өнімдерді шығарумен айналысатын үнемі қызмет жасайтын комитеттерді қалыптастыру;
  • жаңа өнімді шығару қызметін ҒЗТКЖ –ң басшысы немесе маркетинг жалпы кәсіпорын басшысы атқаратын жұмысшыларды ұйымдастыру.

Жоғарыда аталған қағидалар бойынша, инновациялық үрдіс әртүрлі бағытты персонал бірігуі орын алатын, көп қызметті жобалық топтарды құру негізінде жүзеге асады және өз кезегінде ғылыми және инженерлік пәндер мен экономикалық қызмет орталары арасындағы тосқауылдардан өтуге мүмкіндік береді. Мұндай топтарға жаңа өнімді шығарудың барлық облыстары енуі қажет: ҒЗТКЖ, маркетинг, өндіріс. Топтың негізгі мүшелері тұрақты негізде жұмыс істейді, мысалы, сапа және өндіріс бойынша зерттеушілер, құрастырушылар, инженерлер, материалдар мен шикізат жабдықтаушылары. Көмекші аумақтар қажет болған жағдайда, бөлек  қызметтерді, орындау үшін тартылады:жоспарлау, талдау, сараптау, сызу. Сонымен қатар, топ мақсаттарын, оның мүшелерінің жауапкершілігі мен қызмет шектерін, топтық және жеке сыйақы беру нысаны мен көлемін анықтап, кәсіпорын қызметін жүргізу үшін басшылықтың міндеттерін белгілеу керек.

Мұндай тәсілдеме техникалық, экономикалық және интелектуалды аспектілерде де ғылыми әлеуетті басқаруғы мүмкіндік береді. Ғылыми және ғылыми – техникалық персоналдың әлеуетінің интелектуалды құраушысының міндеттеріне шығармашылық үрдістерді үлгілеу, шығармашылық дағдыларды байқау және олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар тудыру мәселесі жатады.

Еңбекті мөлшерлеу үрдісіне жаңа өнімді шығару кезінде, келесідей талаптар қойылады:

  • ҒЗТКЖ – на енетін барлық жұмыстар реттемеленуі қажет;
  • нормативтік обьектілердің жетілуі мен мөлшерлеудің топтық әдістемелеріне сүйене жасалынады;
  • мамандығы жұмыс уақытын шығындау көлемі шешілуші міндеттердің күрделілігі мен жаңашылдығына байланысты;
  • алғашқы ақпарат пен есептеу мәліметтерін ендірітен, нормативтерді зерттемелеу негізі – болып статистикалық база табылады, олардың құрамы мен көлемі еңбек сиымдылығы мөлшерлерінің ірілендірілген және сараланған есепті көлемдері.

Жаңа өнімді шығару кезінде еңбекті мөлшерлеу үшін үш негізгі әдіс қолданылады: сарапта, сомалық (тәжірибелік – статистикалық), есепті – аналитикалық. Сарапты әдісте еңбек сиымдылығының нормативтері сарапталған бағалар жүйесінің мәліметтері бойынша анықталады, ал сомалық әдісте – өткен уақыттағы ұқсас жүйелер мен түзетулік коэффициенттің арнайы түрлерін пайдалану арқылы еңбек шығындарының есеп беру – статистикалық мәліметтері негізінде, ал есепті – аналитикалық  әдісте – дайындалушы өнімнің негізгі техникалық көрсеткіштердің қызметі ретіндегі еңбек сиымдылығын анықтау кезіндегі математикалық статистика мен ықтималдық теориясының элементтерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның қызметін талдау.

2.1 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ны өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

Вагон жөндеу зауыты, қазіргі «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-мы 1943 жылы құрылды. Ең алғашқы қайта жөндеу жұмыстары 1959 жылдары жүргізіліп, сол жылдардан бастап, зауыт біртұтас темір вагондарын жөндеудің жаңа  сатысына көшті. Екінші қайта құру жұмыстары 1977-1980 жылдар аралығында жүргізілді. Сол жылдары тартымды электродвигательдерді жөндеу жөніндегі электромашиналы цех құрылды.

16.03.1994 жылы № 3640 Алматы қаласының Мүлік және Жекешелендіру аудындық комитетінің № 61 қаулысы бойынша Электровагон жөндеу зауыты «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-на айналды. Кейін 14.06.1999 жылы № 9258-1910-АҚ ЖАҚ-на ауысты. Қазіргі кезде «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-мы болып табылады, 19.05.2004 № 9258-1910-АҚ.

«ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-ның жарғылық капиталы 99089 мың теңгені құрайды. Оның акциясының 50%-ы ҚР-сының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру комитетінің иелігінде, қалған 40,57%-ды «Локомотивремсервис» ЖШС иелігінде және 9,43%-ы жұмысшылар ұжымының привилегиялық акциялары болып табылады.

2002 жылы АҚ-ға ИСО 9001:2001 стандартына сай сертификат берілді.

«ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-мы теміржол көлігін жөндеу жөніндегі зауыт болып табылады.

№ 36040 16.03.1994 жылы берілген жарғыға байланысты АҚ-ның негізгі қызметі – жаңа теміржол вагондарын құру және жөндеу, запас құрал-жабдықтарды өндіру, тартымды электродвигательдерді жөндеу жұмыстары, темір дөңгелектерін жөндеу және қалыптастыру, т.б. жұмыстар болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерін талдау

«ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-ның 2006 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметтері жөніндегі есеп қағазы

 

1 кесте

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2005ж. 2006ж. 2006ж. 2005ж-ға  %-бен 2006ж болжам
1 Тауар өнімі мың тг. 1278302 986682 77,19 131,1
2 Жөнделген вагон бірлік 218 159 72,94 138,3
3 Темір дөңгелектері дана 659 3040 461,31 108,6
4 Тартымды двигатель дана 712 593 83,29 74,1
5 Тоқтау колодкалары мың бірлік 207 185 89,37 168,2
6 Жұмысшылар-дың орт. саны адам 1968 1229 62,45 76,8
7 Еңбек өнімділігі мың тг. 662 803 121,30 170,9
8 Еңбек ақы қоры мың тг. 454983 361711 179,59 105,9
9 Орташа айлық жалақы теңге 19266 24554 127,45 120,7
10 Сатудан түскен табыс мың тг. 1293966 1013982 78,36 134,7
11 Шығындарды

Жалпы соммасы

мың тг. 1143117 872244 76,30 117,9
12 Оның ішінде: мың тг.
13 Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың тг. 1040544 754747 72,53 120,3
14 Кезең шығындары мың тг. 102573 117497 114,55 104,6
15 Оның ішінде: мың тг.
16 Жалпы шығындар мың тг. 92714 108368 116,88 104,7
17 Өнім өткізу шығындары мың тг. 9859 7689 77,99 87,4
18 % шығындары мың тг. 0 1440
19 Негізгі қызметтен түскен табыс мың тг. 150849 141738 93,96 1092,7
20 Басқа қызметтерден түскен табыс мың тг. 9203 11561 125,62
21 Корпоративті салық салымы мың тг. 45255 43988 93,96 102,8
22 Таза табыс мың тг. 105594 95879 93,96 109,2

 

Зауыт жұмыстары жөніндегі мәліметтер бойынша 2005 жылы 2004 жылға қарағанда жалпы өнім көлемі 190 млн. теңгеге және жалпы табысы 297 млн. теңгеге төмендеді. Оның себебі, «ҚТЖ» АҚ-мы өз КР-1 вагондарын зауытқа жөндеуге жіберуді тоқтатты. Сол жылдары «ҚТЖ» АҚ-мы Алматы АВЗ зауытымен келісім-шартқа отырды. 2005 жылы КР-2 вагондарының 218 бірлігі жөнделді, бірақ «ҚТЖ» АҚ-ның бюджеті қысқарылғаннан кейін, 2006 жылы КР-2 вагондарының 115 бірлігі ғана жөнделді.

Осының есебінен жұмыс көлемі де қысқырған, яғни жұмысшылардың орташа жылдық саны 2005 жылы 1968 адам болса да, жұмыс көлемі 15%-ға төмендеді. Ал корпоративті салық салымы 45255 мың теңгені құрады. Ал таза табыс 105594 мын теңге болды.

2005 жылдың мәліметтеріне сәйкес шығарылатын жалпы тауар өнімі 1278302 мың теңгені құрады. Ал 2006 жылдың бюджет бойынша болжам мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жалпы тауар өнімі 752900 мың теңгеге өсуі керек еді. Бірақ 2006 жылдың фактілік мәліметтері бойынша ол 986682 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш сол жылға сәйкес 31,1%-ға өсті, ал 2005 жылмен салыстырғанда 22,8%-ға кеміді. Сонымен қатар жөнделген вагон саны болжам бойынша 115 данаға артуы керек еді, бірақ фактілік көрсеткіштерде ол 159 дананы құрады. Ал темір дөңгелектерін жөндеу мен орташа айлық жалақы біршама пайызға өсті. Алғашқысы 2005 жылы 659 дана құраған болса, 2006 жылы ол 3040 дана құрады, яғни бұл қызмет бойынша шығарылатын тауар өнімі 8,6%-ға өсті. Ал екінші көрсеткіш бойынша, жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 2005 жылы 19266 теңгені құраса, 2006 жылдың көрсеткіштеріне сәйкес 24554 тенгені құрды. Яғни ол 20,7%-ға өсті.

«ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ 2005-2007 жылдар аралығындағы өнім өткізу бойынша

3 кесте                                                                                ҚҚС-сыз мың теңге.

Шығаратын өнім түрлері және кәсіпорындар 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж.
көлемі

бірлік

соммасы көлемі соммасы көлемі соммасы
Вагондар 168 595516 232 1647507 406 3490739
«ҚТЖ НК» АҚ 110 470057 1 17983
«Ремлокомотив электрички» АҚ 10 55704
«ПП» АҚ 188 1550341 153 2072673
«ПЛВК» АҚ 210 1250334
«Махис» ЖШС 2 2588
«Амара плюс» ЖШС 1 1896
«Космотранс» ЗАҚ 1 3644
ҚР Ұлттық Банкі 3 6148 2 6087 3 14292
ҚР Қорғау Министр. 1 6030
«Казпочта» АҚ 39 47904 38 68662 40 153440
ФГУП ГКНЦП 1 1545
«Стандарт Ойл Лимитед» ЖШС 3 4434
ЖЭД 545 167886 542 376763 410 325633
«Ремлокомотив» ӨК 16 3997
«Локомотив Сервис ТЧ-28» АҚ 40 10303 12 10147
«ҚТЖ НК» АҚ 483 152787 64 17776
«ЫРЫС 2004» ЖШС 6 799 7 2336
«Локомотив» АҚ 459 346504 370 305237
«Мақсат А» АҚ 40 20396
Колодкалар 182637 108049 237463 216908 262000 353130
«Фаркоп» ЖШС 500 295
 

 

 

3 кестенің жалғасы

«Ремпассажир вагон» ӨК 3050 1830 4000 3385
«ПП» АҚ 172937 102226 219500 202251 262000 353130
«Казсабтон» АҚ 1150 698
ЦСНАБ 5000 300 5000 3000
«Неверкас» ЖШС 2147 2179
АВЗ 6816 6093
Қос колодкалары 2969 96743 1945 133419 9247 4245823
«ҚТЖ НК» АҚ 2927 91914
«Тенгизтрансгаз» АҚ 18 1241 18 1252
«Аджар Атбас» ӨК 18 620
«ҚырТЖ» басқару бөлімі 6 2968 12 5555
«Депо Бурундай» ЖШС 271 21442
«ПП» АҚ 78 31858 2074 1081204
«Астана ВРЗ» АҚ 1530 56416
Түркмен ТЖ Министр. 36 16896
«Казжелдортранс» АҚ 7200 3164619
Басқалары 12180 20110
Барлығы 980374 2394707 8415325

 

«ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-ның шығаратынат өнім түрлері мен осы өнімге заказ беретін кәсіпорындар тізімі жоғарыда берілген документте көрсетілген. АҚ-ның шығаратын өнім түрлері: вагондар, ЖЭД, колодкалар және қос колодкалар. 2005 жылы вагон өнімінің жылдық өндіру көлемі 168, 2006 жылы 232, ал 2007 жылы бұл өнім түрінің жылдық өндіру көлемі 406 дана болды. Олардың жыл сайынғы жалпы соммасы 2005 жылы 595516 теңге, 2006 жылы 1647507 теңге, ал 2007 жылы 3490739  теңге құрайды. 2005 жылы бұл өнім бойынша ең көп заказ берген кәсіпорын – «ҚТЖ НК» АҚ-ы. Бұл АҚ-ы 470057 теңгеге 110 дана вагон шығарған. Одан кейін «Казпочта» АҚ-мы, 47904 теңгеге 39 дана шығарған. 2006 жылы бұл өнім бойынша ең көп заказ берген кәсіпорын – «ПП» АҚ-ы. Шығарған өнім көлемі 188 дана, ал жалпы соммасы 1550341теңге құраған. Ал 2007 жылы ең көп вагон жасатқан – «ПВЛК» АҚ-ы. өнім көлемі 210 дана, ал жалпы төлейтін соммасы 1250334 теңге.

Зауыттың келесі шығаратын өнім түрі – ЖЭД. Жалпы үш жылда бұл өнім түрінің 1497 дана көлемі шығарылды, ал жалпы төленген соммасы 870282 теңге. Оның ішінде 167886 теңгеге 545 дана 2005 жылы, 376763 теңге көлеміне 542 дана 2006 жылы, ал 2007 жылы 325633 теңгеге бұл өнім түрінің 410 данасы шығарылды. 2005 жылы ЖЭД-не ең көп заказ берген «ҚТЖ НК» АҚ-ы. Шығарған өнім көлемі 483 дана, төленген соммасы 152787 теңге. 2006 жылы «Локомотив» АҚ-ы 346504 теңге төлеп, 459 дана вагон шығарған.2007 жылы екі-ақ кәсіпорын заказ берген «Локомотив» АҚ-ы 305237 теңгеге 370 вагон және «Мақсат А» АҚ-ы 20396 теңгеге 40 вагон.

Зауыттың ең көп шығаратын өнім түрі – колодкалар. 2005 жылы бұл өнімнің шығарылу көлемі 182637 дана болған, оның жалпы соммасы 108049 теңге. Сол жылы бұл өнімді ең көп шығарған – «ПП» АҚ-ы. Шығарған өнім көлемі 172937 дана, ал төленген соммасы 102226 теңге. 2006 жылы кәсіпорынның бұл өнім түрі бойынша жалпы көлемі 237463 дана, ал соммасы 216908 теңге. Осы жылы ең көп колодкалар шығарған «ПП» АҚ-ы, 202251 теңгеге 219500 дана. Ал 2007 жылы бір ғана заказ беруші кәсіпорын болды, ол – «ПП» АҚ-ы.

Тағы бір шығаратын өнім түрі қос колодкалар. 2005 жылы 96743 теңгеге 2969 дана, 2006 жылы 133419 теңгеге 1945 дана және 2007 жылы 4245823 теңгеге 9274 дана шығарылды. Оның ішінде: 2005 жылы 91914 теңгеге 2927 ең көп дана «ҚТЖ НК» АҚ-ы шығарды. 2006 жылы «Астана ВРЗ» АҚ-ы, 56416 теңгеге 1530 дана және 2007 жылы ең көп өнім шығарған «Казжелдортранс» АҚ-ы, 3164619 теңгеге 7200 дана.

2005 жылы зауыттын жалпы шығарған өнімнің соммасы 980374 теңге, 2006 жылы жалпы соммасы 2394707 теңге және 2007 жылы 8415325 теңге құраған. Осы үш жалдың соммаларының жалпы көлемі 11790406 теңге болды.

«ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметін талдау

Жарғылық капиталының құрамы

6 кесте

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2005ж. 2006ж. Өсуі (+)

Төмендеуі (-)

­Өзіндік капитал, оның ішінде: мың. Тг 470245 529025 +58780
Жарғылық

қор

мың. Тг 99089 99089
Басқа да

қорлар

мың. Тг 54509 50966 -3543
Бөлінбеген табыс (шығыс) мың. Тг 316647 379026 +62379

 

Берілген мәліметтерге сәйкес, біз келесі көрсекіштерге талдау жүргіземіз. «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-ның жаплы өзіндік капиталы 2005 жылы 470245 теңге құраған, ал 2006 жылы оның соммасы 529025 теңгені құрады. Пайызбен есептегенде 12,5%-ды құраған. Өзіндік капиталының құрамындағы жарғылық қор 2005 жылы 99089 теңгені құраған және де 2006 жылғы көсеткіш өзгеріссіз қалған. Ал басқа да қорлар 2005 жылы мәліметтерге сәйкес 54509 теңге, 2006 жылы 50966 теңгені құрады. Яғни 6,5%-ға төмендеді. Бөлінбеген табыс (шығыс) 2005 жылы 316647 теңге болса, 2006 жылы 379026 теңге болды. Пайыздық көрсеткішпен есептегенде 19,7%-ға көтерілді.

Жарғылық капиталаның құрылымы

7 кесте

Көрсеткіштер Өшем бірлігі Соммасы %
I Жарғылық капитал, оның ішінде: төленбеген бөлігі мың. Тг. 99089 100
1. Привилегиялық акциялар мың. Тг. 9342 9,43
II Жай акциялар, оның ішінде: дауыс бере алатын 5% акцияға ие акционерлер мың. Тг. 89747 90,57
1. Мемлекеттік мүлік мың. Тг. 49546 50,0
2. Локомотивті қызмет көрету мың. Тг. 40201 40,57

 

Мәліметтерді пайдалана отырып көрсеткіштерге талдау жүргіземіз. Жарғылық капиталының жалпы соммасы 99089 теңге 100%. Жарғылық капиталының привилегиялық акциялары 9342 теңгені, яғни 9,43% құрайды. Жай акциялары 89747 теңге 90,57%-ын, мемлекеттік мүлкі 49546 теңге және 50%, ал локомотивті қызмет көрсету соммасы 40201 теңге,яғни 40,57% құрайды.

Активтер бөлімінің құрылымы        (активтерінің барлық соммаларының %)

8 кесте

Активтер % 2005ж. 2006ж.
Негізгі қорлар мен басқа да айналым емес активтер % 47,6 43,2
Айналым капиталы % 52,4 56,8
Өзіндік капитал % 67,3 70,3
Қаржыландыру коэфициенті % 2,06 2,37
Міндеттемелер % 32,7 29,7
Тәуелсіздік коэфициенті % 0,68 0,71

 

Қаржыландыру және тәуелсіздік коэфиценттерден келесіні көруге болады. АҚ өзін-өзі қаржыландырады және де өзінің кәсіпкерлігін қаржыландыру қаражаттары жеткілікті. Бұл мәліметтер 2006 жылы өсті.

Айналым капиталы

9 кесте

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2005ж. 2006ж.
Айналым капиталы мың тг. 365992 427353
Өзіндік айналым капиталы мың тг. 137656 203506
Жабу коэфициенті % 1,61 1,91

 

Айналым капиталы 2005 жылы 365992 теңгені құрады, ал 2006 жылы бұл көрсеткіш 427353 теңге болды. Жабу коэфтценті де 1,61-ден 1,91-ге өсті.

Міндеттемелер

10 кесте

Міндеттемелер 2005ж.

(мын теңге)

2006ж.

(мың теңге)

өсіуі (+)

кемуі (-)

Барлығы, оның ішінде: 228336 229847 -4489
Банктегі зайымдар 14000 14000
Дивиденд пен табыс бойынша есеп айырысу 2115 17224 15109
Бюджет бойынша есеп айырысу 132217 10069 -122148
Алынатын аванстар 2054 6973 4919
Басқа да несие қарыздары 45924 112332 66408

 

Бәрілген мәліметтерге сүйене отырып, келесі көрсеткіштерге талдау жүргізейік. 01.01.2006 жылғы мәліметтер бойынша кәсіпорынның бюджет бойынша қарыздары 17224 теңгені, ал бюджет бойынша есеп айырысу 2005 жылғы мәліметтер бойынша 132217 теңгені құрады. Банктегі зайымдар бойынша кәсіпорын 2006 жылы 6 ай мерзімінен аспаған, сол себептен банктегі зайымдар өзгеріссіз қалды.

Дебиторлық қарыздар

11 кесте

Көрсеткіштер 2005ж. 2006ж. (+), (-)
Барлығы, оның ішінде: 135465 168413 32948
Сатып алушылардың қарызы 133725 146405 12680
Басқа да дебиторлық қарыздар 1740 1869 129
Берілген аванстар 20139 20139

 

Берілген мәліметтер бойынша дебиторлық қарыздардың барлық түрлері 2005 жылы 135465 теңге құрап, 2006 жылы 168413 теңгені құрады. Яғни бұл көрсеткіш +32948 теңгеге артты. Оның ішінде: сатып алушылардың қарыздары 2006 жылы 146405 теңгені құрап, 2005 жылға қарағанда +12680 теңгені құрады. Басқа дебиторлық қарыздар 1869 теңге болып, жыл аяғында бұл көрсеткіш +129 теңгеге артты. Ал берілген аванстар сол қалыпты, өзгеріссіз қалды.

Тауарлы-материалды запастардың айналым мерзімі

12 кесте

Тауарлы-материалды запас 2005ж. Айналым мерзімі 2006ж. Айналым мерзімі
Барлығы, оның ішінде: 211794 59,64 228896 82,21
Материалдар 162294 45,74 179720 64,61
Аяқталмаған өндіріс 13356 3,77 13811 4,97
Тауарлар 36144 10,19 35365 12,8

 

Дебиторлық қарыздардың айналым мерзімі

13 кесте

Дебиторлық қарыздар 2005ж. Айналым мерзімі 2006ж айналым мерзімі
Барлығы, оның ішінде: 135465 38,18 168413 60,53
Сатып алушылардың дебиторлық қарызы 133725 37,67 146405 52,67
Басқа да дебиторлық қарыздар 1740 0,49 1869 0,68
Берілген аванстар 20139 7,25

 

Міндеттемелердің айналым мерзімі

14 кесте

Міндеттемелер 2005ж. айналым мерзімі 2006ж айналым мерзімі
Барлығы, оның ішінде: 228336 350,97 223847 361,39
Банк қарыздары 14000 365
Қатысушылардың дивидендтері мен табысы бойынша есеп айырысу 2115 350,97 17224 744,9
Бюджетпен есеп айырысу 132217 337,97 10069 270,37
 
Алынған аванстар 2054 334,87 6973 635
Жабдықтаушылармен есеп айырысу 46026 384,21 63249 376,29
Басқа несие қарыздары 45924 357,85 112332 419,54

 

Өз қызметтеріне керекті материалдарды сатып алуды кешіктіргені үшін «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-мы тек шілденің ортасына таман «ҚТЖ» НК-ның вагондарын жөндеуге кірісті.

Активтер табысы

15 кесте

Активтер 2005ж. пайда 2006ж. пайда
Барлығы, оның ішінде: 698581 0,16 752821 0,14
Айналымнан тыс активтер 332589 0,32 325468 0,31
Тауарлы-материалды запастар 211794 0,50 228896 0,44
Дебиторлақ қарыздар 135645 0,78 168413 0,59
Ақша және қаржылық инвестициялар 18733 5,64 30044 33,1

 

Бұл мәліметтерден активтерге салынған әр 1 теңге қандай көлемде пайда әкелетінін көруге болады. 2005 жылы аударылған девидендтерінің жаплы соммасы және 2006 жылы Мемлекеттік бюджетке түскен аударымдар, сонымен қоса кәсіпорынның барлық активтерінің соммасының қалай өзгергенін көруге болады. 07.05.2005 жылы өткен жтналыстың шешімі бойынша, сол жылғы жаплы табыстың 20%-ын дивтденд қорына аударды. Қабылданған шешімге ұстана отырып, 2006 жылғы әр тоқсан табысының 20%-ын мемлекеттік акцияларға аударып отырды. Қазіргі таңда кәсіпорын дивидент қарыздарының барлығын өтеді.

Зауыттың айналымнан тыс активтер қоры 327069 теңгені құрайды, оның ішінде негізгі қорлардың қалдық құны 325726 теңге. Өндірістік ғимарат 10 корпустан тұрады, ал оның жалпы ауданы 30034,3 шаршы метр. Зауыттың құрамында «Самал» атты зейнеткерлерге арналған демалыс орны, 2 бала-бақша және 1 азық-түлік дүкені бар.

Аяқталмаған құрылыс – ЦПВ және ЭРЦ корпустарынның құрылыс жұмыстары аяқталмаған. Нарық коэфициентімен есептегенде осы екі ғимараттың сатудағы жалпы бағасы 328626 теңге. Жалпы зауыттың құрамындағы цехтар кәсіпорынның өз қаржыларына құрылады, ал құрылысты дайындау пайызы – 73,1%-ды құрайды. ЦПВ және ЭРЦ цехтары 2007 жылдың бірінші жартысында өндіріске қосылады деген болжам жасауға болады.

Материалық емес активтер – зауыттың негізін құрайды. Материалдық емес активтердің жалпы өзгері соммасы жөніндегі мәліметтер №7 формада көрсетілген.

2006 жылы ағымдағы міндеттемелер рентабельдігі 10,8% болды, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 8,9% құраған, өсу қарқыны 1,9% құрады. Яғни 2006 жылы 1 теңге шығынына 2005 жылға шығынына қарағанда 1,9%-ға артық табыс алынды.

Ал негізгі міндеттемелер рентабельдігі 2006 жылы 32,8 % болды. 2005 жылы бұл көрсеткіш 23,5% құраған, өсу қарқыны 9,3%-ға жетті. Яғни 2006 жылы 1 теңге шығынына 2005 жылға қарағанда жалпы өнім көлемі 9,3 %-ға ратты.

Негізгі емес мідеттемелер рентабельдігі 2006 жылы 1610,5 мың теңгеге артып 2403,5 мың теңге құрайды, ал бұл көрсеткіш 2005 жылы 793 мың теңге болған.

Өзіндік капитал табысы 2005 жылы 22,6% болып, 2006 жылы 21% құрады, кему кэфициенті 1,6%-ға жетті. Яғни, 2005 жылға қарағандағы 2006 жылы 1,6%-ға өскен өзіндік капиталының 1 теңгесіне шаққанда 21% таза табыс алынады.

2006 жылы 2005 жылға қарағанда вагон жөндеу бағасы орта шамамен 15,4%-ға, темір дөңгелектерін жөндеу 6%-ға, тартымды электродвигательдер жасау жұмыстары орта шамамен 30%-ға, ал чугунды тоқтату колодкаларын өндіру 7%-ға өсті.

Бағалардың көтерілуіне себеп, материалдар мен шикізаттың қымбаттауы. Сонымен қоса 2006 жылы зауыт жұмысшыларының жалақысы көтерілді, себебі Алматы қаласындағы өндірістік кәсіпорындардың жұмысшыларының орташа айлық жалақысы 29-30 мың теңге, ал вагон жөндеу зауытында жұмыс істейтін жұмысшыладың орташа айлық жалақысы 19266 теңгені құраған. 2006 жылы бұл көрсеткіш 24554 теңге болды.

Дайын өнімді жөндеу жұмыстарының құнының рентабельдік деңгейі 2005 жылы 8%, 2006 20%, темір дөңгелектерін жөндеу жұмыс көрсеткіші 2005 жылы 10%, ал 2006 жылы 20%-ға өсіп, тартымды электродвигательді жөндеу жұмыстары мен чугунды тоқтау колодкаларын жасау пайызы сол қалыпты өзгеріссіз қалған. Рентабельдік деңгейдің өсуіне негізгі себеп, өндірістік техниканың тозып кетуі. Оларды толық ауыстару немесе капиталды жөндеу жүргізу қажет.

 

2.2 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның жаңа өнім шығаруға үрдісін талдау

Кәсіпорындағы өнімді жаңарту үрдісі өндірістегі тиімділікті арттырады. әрбір кәсіпорын жаңа өнім шығаруға ынталануы керек. Соған байланысты нарық сұраныстарына сай. Олардың шығарған өнімдерінен де асып түсетін жаңа, экологиялық таза, көп сақталатын өнім шығару. Жаңа өнім шығарудың тиімділігін анықтау үшін келесідей кестелерден байқауымызға болады.

Талдайтын бірінші көрсеткішіміз ол өнімнің бұрынғы ассортиментіне жаңа тауарларды қосуы әсерінен өнім өндіру үрдісінің жақсаруы.

 

 

 

 

3.Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық тиімділігін арттыру

3.1

 

Қазіргі уақытта әрбір кәсіпорын өз қызметін динамикалық жүруін, өнімінің бәсекеге қабілетті болуын, рентабельділігін және өз сапасы мен жаңа нарықтарды игеру деңгейіне жетуді мақсат тұтады.

Өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып өнімнің өзіндік құнын төмендету табылады. Дәл қазіргі уақытта кәсіпорынның жағдайы күрделі болып тұр.

Шикізатты сатып алу бағасының қымбат болуы кәсіпорынның экономикалық жағдайына өз әсерін тигізді. Темір өнімдерін өндірудегі басты шикізат болғандықтан оның қымбаттауы өнімнің өзіндік құнына ықпал етті.

Осыған байланысты кәсіпорынға өзіндік құнды төмендету үшін ұйымдастырушылық – техникалық шараларды өткізу ұсынылады.

Өзіндік құнды төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық – техникалық шаралар.

1 Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру. Бұл процесс, барлық жағдайларда еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді, кәсіпорында бар еңбек ресурстарын сапалы пайдалануды ынталандырады.

Өндірісті ұйымдастыру деңгейін арттыратын факторлар болып – негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, материалды-техникалық қамсыздандыруды жақсарту, транспорт шығындарын қысқарту және тағы басқа табылады. Осыдан келіп өндіріс шығындарын қысқарту шығады. Бұл кезеңде кәсіпорында жоғарыда көрсетілген шараларды қолданып, жұмысшылардың еңбек эргономикасын әлеуметтік – психологиялық жағдайды құру арқылы жақсарту қажет.

Психолог маманын енгізу ұсынылады, ол жұмысшылардың психикалық денсаулығын бақылап отырады. Өйткені жұмыс уақытын жоғалтулардың көп бөлігін әр түрлі аурулар құрайды, ол жеке медициналық пункт құру қажеттілігімен байланысты.

  • Өндіріске қызмет ету және басқару шығындары да өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Бұл шығындардың мөлшері өнім өндірудің көлеміне ғана тәуелді емес, сонымен қатар оның жалпы сомасынан тәуелді.

Бұған жетудің екі жолы бар:

  • басқару аппаратының құрылымын жетілдіру. Бұл жобаны іске асыру үшін біз жоспарлау және болжау бөлімін құру қажет деп санаймыз, оның қызметінің басты бағыттары болып табылады. Кәсіпорында болжауға, мақсатты жобаларды іске асыруға, кәсіпорын жұмысын жетілдіруге назар аударылмай отыр. Сондықтан осындай бөлімнің құрылуы кәсіпорынның дамуына, оның көрсеткіштерінің жақсаруына, оның нәтижесінде өзіндік құнды төмендетуге өз ықпалын тигізеді;
  • басқару персоналының жұмысын жетілдіру. Яғни басқару персоналының біліктілігін арттыру және компьютерлік технологиялар бойынша жұмыс істейтін эксперттерді тұрақты жұмысқа қабылдау. Бұл басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және басқару персоналын ұстауға кеткен шығындарды азайтады. Ал ол кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
  • Кәсіпорындағы маркетинг қызметін ұйымдастыру.

Маркетинг нарықтық экономиканың маңызды бөлігі және нарықтық конъюнктураның өзгеру жағдайларында басқарудың қажетті элементі болып табылады.

Сондықтан біз кәсіпорынға жергілікті нарықта күшейтуді және өнім көлемін өсіруді қамтамасыз ететін келесідей шараларды ұсынамыз. Ол шаралар өз кезегінде өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

 

  • Жарнама. Кәсіпорынның өнімі жоғары сапалы болғандықтан, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте оның жарнамасын беру кәсіпорынның беделін арттыруға мүмкіндік береді.
  • Өткізу желісі. Фирмалық дүкендердің желісін құру нарықтағы кәсіпорынның үлесін арттырады. Ол өз кезегінде өткізілетін өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
  • Жаңа жеткізушілерді іздестіру. Шикізат пен материалдар өзіндік құнға оларды алу бағасы мен жеткізу шығындарын қосқанда кіреді. Сондықтан жеткізушілерді дұрыс таңдау өнімнің өзіндік құнына ықпал етеді. Серіктестерді сапалы іздестірудің жаңа әдісін интернет сияқты әлемдік байланыстың алдыңғы қатарлы жүйесі қамтамасыз етеді. Кез келген кәсіпорын өзі және өзінің өнімі туралы мәліметтерді осы мақсатқа арнайы ашылған сайттарды көрсетеді және бұл өндірушімен байланыс бірнеше минуттар ішінде мүмкін болады.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету – кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып табылады. Бұл мәселені шешу өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі бағытты көрсетеді:

Бірінші, кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалану есебінен өндіріс көлемін арттыру.

Екінші, еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру; шикізатты, материалдарды, электр энергия, көлікті, құралдарды үнемді пайдалану; өндірістік емес шығындарды қысқарту есебінен өндіріс шығындарын азайту.

Мұндай қорлар әрбір кәсіпорында бар, оларды өзіндік құнның құрылымын талдағанда анықтауға болады.

Өндірістің тиімділігін жоғарлатудың маңызды бір бағыттарының бірі болып өнім сапасын жақсарту табылады.

Өнімнің сапасын жақсарту нәтижесінде экономикалық тиімділік келесі формулада көрунуі мүмкін:

Тиімділік = Сапа * Сату көлемі / Шығындар   (2)

 

Өндірістің тиімділігі сату көлемін қысқартса да жоғарылауы мүмкін. Бұл егер де өнім сапасының өсу темпі шығарылған өнім мен сату көлемін азайту темпінен жоғары болған жағдайда. Тәжірибеде мұндай жол қолданылмайды, өйткені ол көптеген жағдайларға байланысты орындалуы мүмкін емес.

Өнімнің сапасын жақсарту нәтижесінде экономикалық тиімділікті анықтау келесі жағдайларды ескеру қажет:

  • қосымша ағымды және бір мерзімдегі шығындар қажет;
  • өнімнің сапасын жақсартудан экономикалық эффект көбінесе өндірушілерден емес тұтынушылардан көрінеді;
  • кәсіпорын өнім сапасын жақсарту нәтижесінде экономикалық пайда алады: шығарылған өнім көлемін және сатуды жоғарлату, экспорттың өсуі, сапасыз өнімнің төмендеуі және т.б.

 

3.2 Өндіріс тиімділігін арттыруда жаңа техниканы қолдану бойынша

ұсыныстар

Технологиялық үрдістің сапасы оның жаңалық енгізу қабілеттілігімен сипатталады. Ол технико-технологиялық сипаттар жағынан сондай-ақ  экономикалық көрсеткіштер жүйесі тұрғысынан бағаланады. Көп қолданып жүрген технико-экономикалық және функционалдық-құндық  әдістерді талдау  техника мен экономикалық көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Жоғарыда айтылып кеткендерге қарасақ, инновациялық әрекеттің маңызды кезеңі техникалық дәреже мен жаңалықтардың бір-бірімен байланысын және тәуелділігін қарастырады. Өйткені, сапа мәселесі және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін бөлек шешу мүмкін емес. Ол үшін технико-экономиканың техникалық дәрежесін көрсететін, өзіндік баға өндіріс, шығындарды көрсететін үлгілерді таңдау керек. Яғни, баламалы варианттарды таңдау керек:

  • жоғарғы экономикалық тиімділікте жаңалықтардың маңызды құрылымы
  • жаңалық енгізудің қазіргі заманға сай дәрежесі экономикалық тиімділігті қанағаттандырады /24/.

Өндірісте жаңалықтардың пайдалы тиімділігі тұратын құнына қарап қана ажырату мүмкін емес. Сондықтан, екі сынақ қолданады: ең аз шығынына қарай және жаңалықтың интегралды көрсеткіш сапасына қарай.

Ұсынылған әдіс дәстүрлі нормативті жол, «шығын— тиімділік» әдісіндей. Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты нарық экономикасына көшу кезінде кәсіпорын үшін жаңалықтардың техникалық технологиялық дәрежесін және экономикалық тиімділігін сынау керек болады. Аз уақытқа жасалған жоспарда жаңалықтарды енгізу экономикалық көрсеткіштерді төмендетеді, ҒЗКТЖ ның дамуындағы капиталды көбейту керек екенін көрсетеді. Техникалық дәрежеге және жаңа техниканың экономикалық тиімділігі ғылыми-техникалық мемлекеттік саясатқа қаржыландыру дерекнамаларына сәйкес болу керек.

Кейде жаңа техниканы енгізу аса қабылданбайды. Салада технологияның өзгере беруі көптеген шығындарға әкеліп соғуы мүмкін. Ғылыми прогрессивті салаларда бәрі басқаша сол технологиялық өзгертулер жаңа техника енгізу арқасында тез арада бәсекеге қабілетті болып пайданы ұзақ уақыт көреді. 90 жылдардың басынан үлкен компаниялардың бәсеке статусы осы жаңа техниканың енуімен байланыстырылады. Жаңа азық өнімдерге өту жаңа техника негізінде ғана іске асады. Мұндай жағдайда маркетинг, басқару, ұйымдастырулар өте қажет/25/.

Алайда жаңа техниканы енгізу шешімін қабылдаған кезде біраз шығындарға тап болу мүмкін, мұның себебі былай түсіндіріледі:

  • Жаңа техниканы қолдану жаңа ағаны анықтап алғанға дейін енгізіліп қойған;
  • ҒЗКТЖ, техниканы жасау  негізінде ол бәсекеге қабілетті болмауы;
  • Экономикалық конъюктураға талдау жүргізілмеуі;
  • Сұраныстың болмауы;
  • Маркетинг стратегиясының дұрыс қабылданбауы;
  • Мүмкін болатын бәсекелестердің мінез-құлықтарын қарастырмауы;
  • Фирма факторларының әсер етуі қарастырылмауы(фирманың имиджі, оның тауарлық белгісі және т.б.);

Соңғысы қосымша түсіндірулерді қажет етеді, әлсіз және ескі салаларда жоғары сапалы жаңалықтардың пайда болуы бірақ бағасы орнықтырылмаған сұраныстың азаюына әкеледі. Тиімділіксіздікті  жою үшін енгізілген технологиямен бәсекеге қабілетті фирмамен байланыстырып көру керек. Мұндай байланыс келесі технологиялық факторларды көрсетеді:

  • ҒЗКТЖ-дағы инвестициялар;
  • Бәсекедегі ұстанымдар;
  • Жаңа өнімнің динамикасы
  • Технология динамикасы;
  • Бәсекегеқабілеттіліктің динамикасы;

Көрсетілген технологиялық факторлар сауда стратегиясының н технологиямен байланысын белгілейді.

5 сурет – ҒЗКТЖ кәсіпорынның бәсекелестік табыстылық фактор ретінде

 

ҒЗКТЖ- фирманың алға жылжуының факторы

Нарыққа жаңа өнім шығару кезінде фирманың бәсекелік артықшылығын қалыптастыру үрдісінің басына көптеген маркетингтік және ғылыми – техникалық шешімдердің үйлесуі жатады.

ҒЗКТЖ жүргізгенде мыналарды есте сақтаған дұрыс:

  • Нарықтық маркетингтік сипаттамасын;
  • Фирманың ҒЗКТЖ-дағы өндірістегі және басқарудағы бәсекелік статусы;
  • Негізгі бәсекелестердің іс-әрекеті мен фирманың бәсекелік ұсынымын;
  • Мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы;

Нарықта (gap) жаңалықты енгізуді анықтау мақсатында gap-талдау пайдаланады. Компанияның әртүрлі өнімдерін өндірумен сату кезінде табыстар ағынын зерттеу нәтижесінде көрінуі мүмкін, мұндай жағдайда оны толтыру қажет.

Gap- талдау келесі басты элементтермен жүргізіледі:

  • қолданардағы талдаулар;
  • бөлгендегі ;
  • өнімдегі ;
  • бәсекедегі ;

Үкіметтік қызметтер, бәсекелестер, өткізу каналдары, әртүрлі қызметтердің қызметкерлерге дерек көздері болуы мүмкін. Нарыққа бағытталған дерек көздері тұтынушылар қажеттіліктері мен қалауларына негізделген мүмкіндіктерді анықтайды/24/.

Ал, ҒЗТКЖ – ға бағытталған дерек көздер фундаменталды зерттеулер негізінде жаңа тауарлар құру мүмкіндігін анықтайды.Генерация әдісі мінез-құлықты талдау, gap-әдісі, сұраулар және т.с.с. қамтиды.

Әзірленген өнім мен өнімнің концепциясы екі түрлі нәрсе. Оның арасында көптеген жылдар мен өндірісті дайындау, ҒЗТКЖ –ға жұмсалған ұстанымдар жатыр. Барлық айтып кеткендерімізді ескере отырып,  инновация, фирманың әрекеттерінің қиын да күрделі саласы деп айта аламыз.

ҒЗТКЖ-ң ресурстық әсері халық шаруашылығындағы тапшы өнімдердің орнын басады және бұрын қолданбаған өнімді ұсынады. Оның көрсеткіштері жұмысшылар еркіндігі, шикізаттарды және тапшы материалдарды үнемдеу, әрі халық шаруашылық айналымына жаңа ресурстар енгізу. Мұның бәрі ҒЗКТЖ-ң экологиялық тиімділігімен тығыз байланысты- қоршаған ортаның өзгеруі.

ҒЗКТЖ-ң әлеуметтік әсері- ол жұмыс күшінің жеке шығармашылығын қолдануына және адамның жан-жақты дамуына әлдеқайда ыңғайлы шарт жасалуымен ерекшеленеді. Бұл еңбекті қорғау, өте ауыр жұмыстарды қысқартуда, жұмысшылардың мәдени дәрежесін көтеруде т.б. көрінеді. Бұл атап өтілген түрлердің қанша тұратынын санау мүмкін емес. Бұған қоса жеке алғанда қоғамдық еңбек үнемін құрылымдық, ресурстық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікті санауға болады.

7сурет  ҒЗТҚЖ-ның инновациямен байланысы.

 

Жұмысқа лайық өнімді қарастырғаннан кейін, сату үшін инвестиция керек. Тәукелшілікті азайту үшін, өнімді керекті сынақтардан өткізу керек. Негізінде тест тек қана шығу параметрін анықтап қана қоймау керек. Тексеру жұмыстарының шығынын өтеу үшін, анықталған уақыт ішінде табыс деңгейін ұстап тұра алатындай болуы қажет. Сарапшының  басты төрт сынағынын өту керек: жалпы сынақ, үйрену, сатылу жиілігі, қайталану/25/.

Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да кәсіпорынның жаңа өндірістік бағдарламасын жасағанда ерекше  бір бағыт ұстануымыз қажет, ол: оны жүзеге асырғанда кәсіпорынға жоғары табыс әкелетін, оның таңдалған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары.