Кәсіпорын экономикасы

0
4

Жоспар: 

  1. Кіріспе………………………………………………………………………………………..2

Кәсіпорын экономикасы.

  1. Негізгі бөлім

а) Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері……………4

ә) Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі……………………………….4

б) Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау………………………………5

в) Ақпараттық жүйе құрылымы…………………………………………………….9

г) Құжаттар: кіріс және шығыс…………………………………………………….17

III.      Қорытынды…………………………………………………………………………………22

  1. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………..26

Кіріспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың  тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.

Нарықтық экономика жағдайында фирма  шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару – бұл экономикалық  заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Қазіргі кезде фирманың мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы , мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, фирманың  мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

«Кәсіпорын экономикасы» бағамен зерттелуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:

  • фирма меншік нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында фирманың тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;
  • нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді.

Қайбір фирма болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан – өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан – өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке фирмалардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке фирманың мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Курстық жобаны жазудағы басты мақсатым фирманың қаржылық көрсеткіштерін анықтауға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері

 

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады .

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.

Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

  • Қазақстанның азаматтары
  • Шетел мемлекетінің азаматтары
  • Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау фирманың қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері

 

Принциптері Принциптердің мазмұны
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.
Жиынтылығы Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу
Жүйелілігі Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.
Объективтілігі Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.
Пәрменділігі Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы.
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек.
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет.
Ғылымдылығы Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.

Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылыады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэфициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:

  • өтімділік (төлем қабілеттілігі);
  • пайдалылық (табыстылық);
  • активтерді басқару тиімділігі.

Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан  түсетін ресурстар.

Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін  орындауға жағдайы болса.

  1. Тез өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді.
  2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті  бір жылда бірнеше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
  3. Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның  қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
  4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының  және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
  5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері ) ара салмағын  бейнелейді.

 Бұл коэффициент көрсеткіштер кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрым оның тұрақсыз ақуалы да орын алады.

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыпалы айналым жасайды. Бірінші сатыда фирма ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін  шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп , әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа  ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Сонымен, бұдан ескеретін жай – әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А – Қ  … Ө … Д – А1 ,

мұнда А- шараушылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;

Қ — өндіріс құралы;

Ө — өндіріс;

Д — дайын өнім;

А1— өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаржаттары.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында  кәсіпорын эконмикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының  айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішінде ең қарапайымы – айналым қаражатының  айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:

,

мұнда,  Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны.

Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер де  өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде , онда айналым қаражатының орташа қалдығы сол жылға алынады.

 

Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау, рейтингін анықтау операцияларын автоматтандыру.

Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.

Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және  мемлекеттік органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды  айтып отыр. Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.

Мемлекет, Үкімет және де қарапайым халық үшін фирманың  рейтингін талдаудың маңызы өте зор. Әрине,  оны халық анықтамайды, жоғарыда айтып кеткенімдей оған Шағын Кәсіпкерлік Ұйымдастыру Ұйымы   басшылық етеді. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру өте бір маңызды шаралардың бірі болып отыр. Фирманың  рейтингін жариялау тек оның таза жұмыс істейтінін, көрсеткіштерінің жоғары не төмен екендігін білдіріп қоймай, фирма              компания              корпарация       дәрежесіне жетіп елімізде ғана емес сондай-ақ шетелдерде де танымал бола бастайды. Оның өзі фирманың басқа елдерде филиалдарын ашуға көмектеседі. Бұның барлығы сол дұрыс құрылып, дұрыс жұмыс істейтін ақпарат жүйесінің қызметіне тікелей қатысты.

 

Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат  және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.

 

Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

 

Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.

Ақпараттық жабдықтау – ФҚЖТАЖ-де қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.

Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:

  • басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
  • практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
  • тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
  • басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
  • ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:

  • ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
  • ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
  • ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
  • деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
  • деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
  • тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.

Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың  құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады. Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.

ФҚЖТАЖ -нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.

ФҚЖТАЖ -нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:

  • Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
  • Сыныптау және кодтау;
  • Нормативті-анықтамалық құжаттар.

Рейтингті талдау ақпарат ұғымы банк қызметінің, жұмысының қандай деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.

Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.

Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.

          Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.

Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.  

 

Ішкі жабдықтау – ФҚЖТАЖ -нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.

          Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.

Ұйымдастырушылық жабдықтау — жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы.  Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.

Бірінші  топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:

  • ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
  • типтік жобалар шешімі;
  • кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
  • құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.

Екніші  компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында  керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.

Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.

Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті «Іскер». Онда жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі берілген.

Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:

  • «ҚР Агентігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. № 475
  • «Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі » ҚР Үкіметінің қаулысы. 08.04.97 ж. № 499
  • «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы ». ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.

 

Жүйені тұрғызу арысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді.  Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.

Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.

Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.

Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.

Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.

Үшінші саты, басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.

 

Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:

Түрі Көрсеткіші, мәні
1 Компьютердің қуаттылығы 2400 Ггц
2 Жедел жадының көлемі 512 Мб
3 Қатты жадының көлемі 40 Гб
4 Дисковод Қажет
5 CD – ROM Қажет
6 Микропроцессор Pentium (R) 4 CPU
7 Модем қажет емес
8 Файлдық жүйесі NTFS
9 Монитор түс беру сапасы 32 бит
10 Монитордың экрандық рұқсаттамасы 1152 нүкте 864 нүктеге
11 Видеокарта 128 Мб

 

Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.

Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын ФҚЖТ-дағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.

Арнайы ПЖ-ға ФҚЖТ-дың әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.

 

Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:

 

1 Жалпы жүйелік программалық жабдықталуы Microsoft 2000, NT, XP
2 Офистік бағдарламасы Office 2002
3 Қолданбалы программалық ортасы Delphi 7 программалық ортасы
4 МББЖ Paradox, Oracle
5 Көмекші программалар Драйвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар

 

Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.

Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен банк рейтингін талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын, алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.

Математикалық жабдықтауға блок-схеманы көрсетіп кетейін:

 

 

 

Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. ФҚЖТАЖ -нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. ФҚЖТАЖ -нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
  • жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

 

Коммерциялық банк рейтингін талдаудың  ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

 

 

 

 

 

 

 

Концептуалдық схема

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәселе қойылымы. Коммерциялық фирма рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе Мемлекеттік Шағын Кәсіпкерлікті Қаржылық Қадағалау Департаментіне дер кезінде ақпараттарды беріп отыру.

          Кіріс ақпараттары

Кіріс ақпараты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.

Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.

Кіріс Құжат Ақпарат көзі
Белгіленуі Аты Ұсыну түрі
K Капитал жеткіліктілігі құжат Фирма резерві
M Менеджмент құжат Басшы
T Табыстылық құжат Салымдар
KO Кәсіпорындардың өтініштері құжат Клиент
S Тәуекелділік құжат Арнайы мамандар

«Капитал жеткіліктілігі» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Капитал жеткіліктілігі
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
kolemi капитал көлемі 10
kap. typi капитал түрі 15
kap nomeri капитал номері 7

 

«Менеджмент» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Менеджмент
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
basshi Басшы 5
baskaru adisi Басқару әдісі 10
aktiler Актілер жиыны 10

 

«Табыстылық» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Табыстылық
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
tabis табыс көзі 10
perspektiva перспектива 12
rentable рентабелділік 7

 

«Өтімділік» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

Құжат аты: Кәсіпорындардың өтініштері
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
nomeri Құжат номері 5
dengei Деңгейі 10
KA Кәсіпорынның атауы 15

 

«Тәуекелділік» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

 

Құжат аты: Тәуекелділік
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 6
name тәуекел атауы 15
bagiti тәуекел бағыты 20
basshi tap. басшы тапсырмасының орындалуы 8
Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

Шығыс Құжат Ақпараттың берілуі
Белгіленуі Аты Ұсыну түрі
DLK Тез өтімділік

коэффициент

құжат Статистикалық Агенттік
DKK Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

 

құжат Статистикалық Агенттік
KKA Несие қарыздарының айналым кезеңі құжат Статистикалық Агенттік
KOK Несиелердің орнын толтыру коэффициенті құжат Статистикалық Агенттік
MCK Төлем қабілеттілігінің коэффициенті құжат Статистикалық Агенттік

 

«Тез өтімділік коэфициенті» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

 

Құжат аты: Тез өтімділік коэффициенті
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
dengei Деңгейі 2
koefisient Басымдық көрсеткен коэффициент 10
year Уақыты 15
raiting Алған рейтингі 7

 

«Дебиторлық қарыздардың айналым коэфициенті»

шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

 

Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
koefisient коэффициент 10
ainalim Айналым уақыты 5

 

«Несие қарыздарының айналым кезеңі»

шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Несие қарыздарының айналым кезеңі
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
nesie несие 10
ainalim Айналым уақыты 5

«Несиелердің орнын толтыру коэфициенті»

шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

 

 

Құжат аты: Несиелердің орнын толтыру коэффициенті
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
nesie несие 10
koefisient коэффициент 5
ornin toltiry мөлшері 7

 

«Төлем қабілеттілігінің коэфициенті»

шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Төлем қабілеттілігінің коэффициенті
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
koefisient коэффициент 5
tolem мөлшері 9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының фирма рейтингін анықтайтын ақпараттық жүйені тұрғыздым. Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ электронды үкіметтің құрылуы да тез іске асатын болады.

Бірінші бөлімде фирма(кәсіпкер) дегеніміз не, оның атқаратын қызметтері қандай, қандай рейтингті анықтайтын әдістер қолданатынын, оның қалай іске асатынын көрсеттім. Дүниежүзіндегі саясатта болсын, нарықта болсын дамыған елдер маңызды орын алады, сондай-ақ нарық жағдайы, нарық ауа райы сол елдерге қарап өзгеріп отырады. Сондықтан ба онда фирманың қаржылық деңгейін анықтайтын бірнеше жақсы тәсілдер бар. Бірақ, оның бәрі қолданыста деп түсінбеу керек. Кейбірі жақсы, кейбірі нашар деген сияқты, ол рейтингтер халықтың да басшылырдың да көңілінен шығуы не шықпауы сол әдістердің қуатына байланысты болып келеді..

Екінші және үшінші бөлімінде фирманың басқару объектісі мен қаржылық жағдайын  талдаудың ақпараттық жүйесіне кеңірек тоқталып, оны құрдым. Ақпарат жүйесі негізінен ақпарат көздеріне сүйенетіндіктен онда кіріс және шығыс ақпараттарын атап көрсетіп, оларға жеке-жеке кестелер құрып, анықтап көрсеттім. Кіріс ақпараттары өңделіп, шығыс ақпаратына негіз болады. Шығыс ақпараттары бесеу: «Тез өтімділік коэффициент», «Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті», «Несие қарыздарының айналым кезеңі», «Несиелердің орнын толтыру коэффициенті», «Төлем қабілеттілігінің коэффициенті» көрсеткіш құжаттары  болып табылады.

Осы курстық жұмысымдағы ақпарат жүйесін тұрғызғандағы рейтинг талдайтын әдістер мен  әдістемелер іске асатын болса, фирманың қаржылық сенімділігі бойынша құралған тізімін БАҚ беттерінен ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын көріп тұрамыз деген үміттемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы 2003 ж.
  2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
  3. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
  4. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
  5. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
  6. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
  7. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.