Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы мұғалімдердің ролі реферат

0

Тақырыбы:  Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы мұғалімдердің ролі

Мұғалімді дайындау мектептегі оқытуды компьютерлендіру жұмысының табысты кілті болуы сөзсіз. Кептеген елдерде бірінші орында қорларын құрал-жабдықтарға бөледі, содан соң программалық қамтамасыз етулерге және ең соңында мұғалім дайындауға бөледі. Бұл кезек қазіргі кезде өзгеріп жатыр, бірақ процесс өте баяу өзгеруде. Мұғалім ролінің дамуы қалай? Көптеген    мүғалімдерде    компьютерге    оқушымен қарым-  қатынасты    нашарлататын    кедергі    ретінде    қарайтын    теріс көзқарас     пайда      болған.      Олардың      ішінде     кейбіреулері  компьютерлік сабақтарды  оқушылардың  бір-бірін  көрмей тек дисплей  мен   пернетақтаға  қарайды,   ал   мұғалімнің сыныпты бақылаумен қатар өз компьютеріне қарайлауы қосымша жұмыс деп ойлайды. Күрделі оқып үйретуші программалармен жұмыс істеу өте қызықты, жене сәтті құрылған программалар оқытуды белсендетіп, қарқындатып педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның   бәрі   сабақ   жақсы   техникалық   программалық   және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастырған кезде туады.

Мұғалім компьютерлік сабақты жүргізуге дайын ба, ол пән бойынша жасалған оқу бағдарламасымен компьютерді жаңалық енгізе отырып пайдалана ала ма? Бұрындары мамандар мұндай дайындық жоқ деп ескертсе, қазіргі кезде де бұл сұрақтарға ете сақтықпен жауап беріледі. Әрине, информатика пәні мұғалімін оқып үйретуші программа мен оқытуды автоматтандыру жүйесін қолдана білуге үйрету оңай. Мұндай жұмыстың негізін математика және физика мамандығының студенттері сәйкестендіріліп жүргізілетін информатика пәндерінен алады. Басқа пәндерді (орыс және шет тілдері, география, тарих және т.б.) Оқытатын оқытушылардың өз сабақтарында компьютерді кеңінен пайдалануы кішкене қиындықтар туғызады. Пән мұғалімдерінің дайындығы, олардың шығармашылық біліктілігі мен білімділігі көбінесе әрбір оқу пәндерінде компыотерді сәтті пайдалануларына байланысты.

Көптеген программалық жабдықтар жүйесі мұғалімдердің программадағы жинақталған мәліметтерін өзгертуіне және сол арқылы жекелеп оқытуына, соңында белгілі бір жағдайларға байланысты өзінің программалық жобалаулары мен оларды құруына мүмкіндік туғызады. Мұғалім программалық жабдықтарды жасау және нақтылау мүмкіндіктерін қандай деңгейде таратады? Бұл мүмкіндіктерді кеңейтуге болатын еді, бірақ мұғалімдер программалық жабдықтауға өздерінің аз ғана өзгерістерін енгізуге уақытын белгісі келмейді. Әртүрлі әдебиеттердегі мәліметтср базасын бағалау негізінде оқу материалдарын жасау үшін алынған нұсқауларына байланысты бәрі басқаша болуы да мүмкін.

Мүғалімнің программаны өзі құрғаны дүрыс па? Мүмкін, ол міндетті емес шығар. Бірақ білімі тәжірибесі, шығармашылық қабілеттілігі жетіп тұрса, онда мұғалім жай ғана программалық-әдістемелік жабдықтарды құруы қажет. Бұл мәселені сәтті алып шыққандарын шығармашылық жұмыспен айналысқан мұғалімдердің тәжірибесінен көруге болады.

Психологиялық сипатта педагог жұмысында көптеген қиындықтар пайда болады. Оқушылар көп жағдайларда сабақты мұғалімнің іс-әрекетін бақылау жолымсн меңгереді. Құрылғыларды ауыстыру жағдайында жаңа компьютерлік техника пайда болуы оқушыға мұғалім ролі ақпараттық құралдармен жұмыс істеуді үйренуші ретінде көрінеді, тіпті кейбір жағдайларда олардың өзі бір нәрселерді үйретіп жібереді.

Мұндай   жағдайда   мұғалім   мен   оқушы   арасындағы   қарым-қатынас өзгереді, оқушылар өздерін нақты мәселе шешімін іздеуде педагогпен бірдей деңгейде сезінеді. Бірақ бұның дұрыс жақтары да   бар.   Педагог   мұндай   мәселені   сәтсіздік   көрінісі   ретінде қарамай,  оны шешімі мен зерттелуі әр түрлі әдістер арқылы табылатын қызықты  мәселе деп қарастыруы керек.  Өкінішке орай, көбіне «ұйымдасқан» программалық құралдардың пайда болуының теріс жақтары да бар,  себебі бірігіп жұмыс істеуде нәтижеге   жету   ықтималдығы   төмендеп   кетеді.   Мұғалімдерге жалпы   компъютермен   жұмыс   істеуді   ғана   үйретпей,   оларды мектептегі белгілі бір пәнді оқытуда пайдалануды үйрету керек. Себебі,    осындай   жағдайларда   ғана    оқушыларды    қоғамның технологиялық дамыған жағдайында белсенді, толыққанды өмір мен   жұмысқа  дайындау  ісі   қалыптасады.   Соңдықтан  жақсы, жеткілікті оқыту ең алдымен мұғалімнің талабы мен біліктілігіне байланысты орындалады.

Компьютермен   жұмыс   жасау   оқытудың   тиімді   жолдарын арттыратыны сөзсіз. Оқушыларға онымен жұмыс жасау кызықты әрі оңай, себебі олар өз практикасында информатикадан алған білімдерін қолдана алады, бірақ мұгалімге қиын. Оған тек қана жаңа техниканы игеру, жаңа машинаның  басқару құралымен жұмыс жасай білу  немесе    қарастырылатын    жаңа    тілде программалай   білуі   жеткіліксіз.   Одан   оқушылармен   ЭЕМ-де жұмыс    жасауды    ұйымдастыруы,    компыотерлік    сабақтарды жүргізуі маңыздырақ болып табылады.

Әрбір оқушы дербес компьютерде жұмыс жасағанда, мұғалім олардың бәрімен жұмыс істеп үлгеруі керек, яғни, тапсырмалар мен қосымша сабақтар беру, тексеру. Егер де дербес ЭЕМ жергілікті жсліге қосылған болса, онда мұғалім әрбір оқушыға тапсырма беріп, олардың жұмысын қадағалап, кез келген уақытта олармсн сұхбат жүргізіп, олардың білімін автоматты түрде бақылай алады.

Педагогтар оқу процесінің дамуындағы компьютерлік техниканы пайдаланудың жаңа кезеңінің табалдырығында жүрміз деп есептейді. Ол, біріншіден, мұғалімнід ойлау қабілетін қайта құруды, содан кейін оқу пәндері мазмұны мен барлық оқу процесін қайта жаңартуды талап етеді.

Физика, математика, химия жоне басқа да оқу пәндері мұгалімдерге оқу процесінде компьютерді пайдалану біраз қиынға түседі, ол үшін оларға негізделетін дайындықтар керек.

Мұғалімдер ақпараттық тсхнология қүралын пайдалануда, әсіресе бастапқы кездерінде міндетті түрде біраз қиындықтардан өту  қажет. Атап     айтсақ,     жабдықтардың     қарапайым құрылғыларының жөңделімдерінен бастап, кезекті шыққан программалар пакеті немесе жаңа құрылғы жүйелерінің сипаттамаларын меңгеруіне байланысты күрделі мәселелеріне дейін келтіруімізге болады.

Жаңа ақпараттық технология еңбек сапасы мсн педагог біліктілігі деңгейіне білімділік жөнінде ғана емес, педагогикалық шеберлігіне де қатаң талап қояды. Оқытушының оқушыларының өз бетімен дайындала алуына, өздерінің танымдық еңбектерінің тиімділігіне және деңгейі жоғарылаған өз оқушыларымсн қарым-қатынасына беретін қанағаттану бағасы осы болып табылады. Бұл бағаға дайын еместердің барлығын педагогикалық сәтсіздік күтіп тұр немесе олар жаңа кезеңдегі оқушы лидерлігі ролінде бола алмайды.

Өз қызметтерінде қазіргі заманғы компьютерлерді пайдалануға, яғни жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға мамандарды үздіксіз дайындау мен қайта дайындаудың әр түрлі деңгейлерінің ерекшелігіне байланысты сұрақтар пайда болады. Кәсіби есептерді шешуде есептеу техникасын пайдалана білу екінші сауаттылықпен теңеседі. Оның деңгейінің өсуі ғылыми-техниканың өрлеуінің, карқындауының дәлелденуінің дамуымен және өндіріс пен білім беру жүйесін жүйелендірумен тікелей байланысты.

Мұғалімнің компьютерлік сауаттылығын төмендегілер арқылы көрсетуге болады: қоғамдағы жаңа ақпараттық технологияның ролі мен орнының көрінісі, оның даму болашағы; кәсіби программистерге емес, көпшіліктің пайдалануына арналған мәтіндік редактор, мәліметтер базасы, графикалық редактор, электрондық-кестелер және басқалар; ұсынылған программалық құралдармен, операциялық ортада ЭЕМ-мен жүмыс жасай білуі; есептеу жүйелерінің жалпы жағдайдағы құрылымы мен мүмкіндіктерін және ақпаратты беру қүралдары (процессор, жады, сыртқы орта мен тұтынушы арасындағы байланыс жасаушы құрал, шешу уақыты мсн жадының шектслуі, перифериялық құрылғы мен базалық программалар құрылымдары, телефондық, телеграфтық және радиобайланыс каналдары) туралы білуі; алгоритмдеу және программалаудың (тілдер, алгоритмдер мен программалар, программалар және мәліметтср құрылымы, есептер, программаның дұрыстығын тексеру. Есептің қиындығы негізгі түсініктері туралы білуі; математикалық модельдеудің мәні туралы түсінігі.

ЭЕМ-ді құралдандыру дағдысын игеру арқылы пайдаланудың үлкен практикалық құндылығы бар. Мұнда қалыптасқан дагдылар ақпараттық технологияны игеру базасы ретінде қызмет етеді.

Бірақ компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ету мәселесі оқу процссінде жаңа  ақпараттық тсхнологияны паңдаланудан педагогтардың      ақпараттық      мәдениеті      мен      әдістемелік дайындығын қалыптастыру мәселесінс қатысты  көмекші және бағынышты сипатта болады. Авторлардың ойларын толық бөлісе отырып, жаңа ақпараттық технология құралының оқушылардың өз бетінше және мұғаліммен бірге шығармашылық іс-әрекеттері үшін практикалық мүмкіндіктері шексіз екендігін көреміз, оны оқытудағы    дәстүрлі    ақпараттьіқ-түсіндірмелі    тәсілді    жоққа шығарумен толық келісуге болмайды. Бұл жағдайда педагогтың сабақ    өткізу    бағыты    өзгереді.    Ол    таза    ақпарат   берушіден оқушыларға өнім беруші қызметкерге айналады.  ЭЕМ — оқу процесіндегі   үшінші  серігі   болып  табылады,   себебі  ол  басқа қатынасушыларының   ақпаратты   өңдеуіне   көптеген  мүмкіндік беруге жағдай жасайды, олардың арасында пайда болған қарым-қатынастың өзгеруіне талап қояды. Егер де біздің еліміздегі білім беру жүйесін компьютерлендірудің бірінші кезеңіндегі дайындау мен     қайта     дайындаудың     барлық     түрлері     компьютерлік сауаттылықпен       қамтамасыз       етуге       бағытталған       болса (компьютерлік мәлімет беру — техникалық базасы жоқ кезінде), одан әрі — жаңа ақпараттық технологияны педагогакалық игеру болып табылады. Тек информатика пәнінің оқытушылары ғана емес, басқа да барлық мамандықтардағы педагогтар оқу пәндерін жүргізгенде    әр    программалық    құралдарды,    қолдануларына болады. Мұғалім бұл жағдайда жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың белгілі бір кезеңінде нақты не бере алады жөне не беруі   қажет   екенін   терең   таразыға   салу   керек.    ЭЕМ-нің мектепте қалыптасқан педагогикалық тиімділігі, қазіргі заман программалық   құралдарды   пайдалануы   және   информатиканы оқытудағы  әдістемесі оқу жүйесіндегі  басқа  пәндер  бойынша білім сапасына ешқандай кері әсері болмайды.

Жаңа ақпараттық технологияны игеру мсн таратуды басқару қазірдің өзінде информатика аймағындағы мамандар монополиясы болып қалыптасуда. Бүл жұмыстың бірнеше бөлігін мектепте енді пайда бола бастаған пән педагогтары, сонымен қатар кәсіптік бағдар бойынша психологтар мен мамандар өздеріне алуы қажст. Педагог кадрларды кайта даярлау барлық зерттеу топтарының практикасына псдагогикалық зерттеу нәтижелерін енгізудің негізгі түрі болуы қажет. Жаңа жасалымдар (интерактивтг видео жүйссі, компакт-дискілсрдегі мәліметтер базасы және т.б.) Бірінші кезекте педагогтарды даярлау мен қайта даярлау үшін пайдаланылуы қажет. Байланыс құралдарының дамуы (телеконференциялар, электрондық пошта же т.б.), оның ішіндс спутниктік байланыс негізі, өз әріптесіңмен әлемнің қай жері болса да байланыс жасай алуыңызға мүмкіндік береді. «Қашықтан оқыту» құралы арқылы жекелеп байланыс жасау әрбір оқу орнына жаңа псдагогикалық әдіс пен идеяның енуі қамтамасыз етеді.

Жаңа ақпараттық технологияны педагогикалық жоғары оқу орындары мен университеттерде, педагогтардың біліктілігін көтеру жөне дайындау орталықтарында кеңінен пайдалану қоғамдағы педагогикалық еңбектің мәртебесін көтеру жағдайының және білім беру жүйесін ақпараттандырудың жемісті процесінің бірі болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияны педагогикалық игеруге негізгі кажет білімді игеру жөне оны практикалық пайдалануда жеке тәжірибесінің жинақталуы; оларды оқу процесіндс пайдаланудағы жалпы мәдениеттілік және әдістемелік дайындау енеді. Мұғалімдердің құрал-жабдық пен программалық құралдар туралы белгілі бір түсінігі болуы қажет. Бірақ бұл да жеткіліксіз: оларға компьютер мен компьютерлік программаларды педагогикалық практикаларына енгізіп, олардың жүмыс істеу принципін түсініп, оқыту тәсілі мен сәйкес жөндеу әдістерін білуі қажет.

Жұмыс орнына байланысты мұғалімдерді қайта даярлау мен оқыту ролі өсу үстінде. Мұның қажеттігінің себебі, танымал мсктептердегі барлық мұғалімдердің үштен бірі гана компьютсрлік технологияны оқытуда пайдалану үшін он нсмссе одан сәл көптеу сағат алған, ал басқа мұғалімдердің жартысынан көбі оқу мақсатында компьютерді пайдалану туралы мүлдем тәжірибесі жоқ. Бұл жұмыс жеке мектептерде ғана жақсы қолга алынған. Ондағы мұғалімдердің көпшілігінің ЭЕМ-ді пайдалануда, программалауда тәжірибесі бар, ал жарғысында өздерінің микро-ЭЕМ-дері бар.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Журнал Менеджмент  в образовании   №2 ,3   2006 жыл
  2. Қазақстан мектебі №5 2004 жыл
  3. Жоғарғы мектеп №4 2006  жыл

Тегтер:ақпараттық технологияларақпараттық технологиялар рефератақпараттық технологияларды қолданубілім беру жүйесібілім беру жүйесі дегеніміз небілім беру жүйесінің мазмұнын жаңартубілім беру жүйесінің қалыптасуыбілім беру жүйесінің құрылымыбілім беру жүйесіндегі жаңа технологияларбілім беру жүйесіндегі зайырлылық негіздерібілім беру жүйесіндегі психологиялық қызметдербес компьютердербес компьютер қандай құрылғылардан тұрадыдербес компьютер құрылғыларыдербес компьютердің негізгі құрылғыларыдербес компьютердің сыртқы құрылғыларыдербес компьютердің қосымша құрылғыларыИнформатика пәніинформатика пәні мұғаліміинформатика пәнінің мақсатыМатематикамұғалім ролімұғалімнің роліреферат қазақша жазу үлгісіреферат қазақша жоспарыменфизикахимияэем деген неэем дегенимиз неэем-де ақпаратты ұсынуҚазақша рефератқазақша реферат скачатьқазақша реферат үлгісіқазақша рефераттар тегін жүктеу