Білім беруді ақпараттандыру туралы реферат

0
67

Тақырыбы: Білім беруді ақпараттандыру 

Жоспар

  1. Кіріспе

II.Негізгі бөлім

Білім беруді ақпараттандыру

  1. Білім – жалпы адамзаттық құбылыс
  2. Білім – әлеуметтік қажеттілік
  3. Білімнің жүйелігі

III.Тарау

  1. Білім педагогикалық процесс
  2. Қазіргі заман білім жүйесің реформалау
  3. Қорытынды

Кіріспе

Мемлекеттік білім беру мекемелерің немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын күәландыратын құжат беріліді. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерің бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріліді. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Білім жүйсінде қалаған деңгейдегі басқару қатнастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатнастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік  қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс – әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасың қалыптастыру барысындағы оқушы іс -әрекеттің тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері,сынып жетекшісі, басқада ықпал жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай – ақ, пән мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орын басарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады ол –  сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі.

Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата – аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар негізінде атқарылып барады.

 Негізгі бөлім

  1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс.

Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен «білім» түсінігі көп мәнділігімен ерекшеленеді. Әдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпыадамзаттық құбылыс, білім – әлеуметтік мәдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нәтиже.

Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX – ғасырдың 60 – жылдарынан адам, мораль, гуманизімге, жалпы субъктив жағдаяттар ( фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория филасофиялық деңгейде қарастырыла бастады.Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орын аксиология ғылымы зертейді.

« Құндылық » термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құблыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақы идеяларды белгілеу, әрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан және субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатнастардың өнімі және олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау – баға негізінде алынған өлшем – шектері (критерий), өрнек үлгілер, әлеуметтік стандаттар. Бұлардың бәрә идеялар, принципттер, мұраттар, іс – әрекет  мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт – бағдарын айқындап отырады.

Құндылық ретінде әлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мән – мағналы оғиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Әрқандай тарихи нақты қоғамдық формация әлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тән құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тәртіптер жүйесі қолдау табады.

Адамзат дамуының әрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, әсемдік, шығармашылық және т.б. – адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мәңгілік, ешбір төңкеріс не идялогия, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Әр тарих кезңде олар мәні қайта қарастыцрылып, жаңа көзқараспен бағалануы ықтимал.

Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мәні тәрбиелеу және білім беру қызметінің ерекшелігі, оның әлеуметтік ролі және жағымпаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.

Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама және тікелей байланыстырушы ретінде, әрі педагогикалық іс – әрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.

Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатнастарға тәуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне және ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің әлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.

Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дәлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтілірген әрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық әртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сәйкестендірілген нақты дәуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық және тұлғалық құндылықтарға ие.

Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі – мемлекеттің адами – инабаттық, ақыл – парасаттық, ғылыми – техникалық, рухани – мәдени және экономикалық мүмкіндіктерінің негізгі- білімде. Осыдан, білімді ел – мықты, мызғымас ел.

Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет және қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс әрқашан сәйкес бола бермейді. Мысалы, осы күні ҚР он екі жылдық өқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.

  1. Білім – әлеуметтік қажеттілік.

Әрқандай адамзат қауымдастығының шарты – оның мүшелігін мойындаған әр тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметтік тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылданған құндылықтарын мойындап, қылық – әрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдеме білуі ғана емес, ол ішінде жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды.Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірді мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы, ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта – ықласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық – тарихи құбылыс, оның мән – жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз- ақ.

Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің  «Bildung» – «бейне» сөзі негізінде пайда болған әрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей:кейбір иделды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тәуелді қоғамдық санада түбегейлі әлеуметтік өрнек – эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық және рухани қалыптасу мен әлеуметтену процесі.

Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивитер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен әлеуметтік құбылыс.

Білімнің әлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжирбиені ұрпақтан – ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік әректтеріне өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болуы дәуірінен басталады.Дегенмен, мәдинетке мұралық ету әлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал – тәсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек әрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өрениетжолында өзөрісін тауып келеді.

Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зертеген ғалымдардың топшылауынша, ол дуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс – әрекетіне тікелей араласу нәтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтарды әулеттен әулетке жеткізу қызметтерін орындау әрбір ересектің борышты міндеті есептеленг де, ол міндет балалардың еңбек және әлеуметтік іс – әрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.

Қоғамның әрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған,ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында ) бұл жұктемені, яғни жас балаларды тәрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білімқоғам өмірінен ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек, тауып, ошақ – отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік, өнеге үйренген. Әйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару – жарақ қстауға, пайдалануға тәрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен,көкеніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мегн аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, әскери жеңістерге  қуана асыр сала билеп, ән шақырған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістерді мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жапырған. Осыдан адам білімденуі  комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.

Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мәдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тәжірбиенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектелуі болды. Осы қарама – қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында тартуға арналған арнайы әлеуметтік құрлымдар  мен әлеуметтік(инстут) мекемелердің түзілуіне байланысты болды.

Әлеуметтік құблыс ретінде танылған білім – ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Әрқандай қоғамның адамгешілік, интеллектлау, ғылыми – техникалық, рухани – мәдени және экономикалық мүмкіндіктерді білім беру саласының даму деңгейіне тәуелді. Алайда білім қоғамдық – тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, әлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тапихи типіне байланысты. Әр дәуір білімі сол кезеңдегі әлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мәдениет деңгейі, саяси және идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың арасында қоғамдық қатынастар субьекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.

Сонымен, білім – салыстармалы дербес жүйе. Оның қызметі – нақты ғылыми біліктерді, идеялық – ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды, әрекет – қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тәрбиесі мен оқуын іске асыру. Ал бұлардың бәрініңастарында болатын мазмұн нақты қоғамның әлеуметтік – экономикалық және саяси құрлымы мен оның материялды – техникалық деңгеймен айқындалып барады.

Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.

Білім, әлеуметтік – қажеттілік болуымен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауына (Н.В.Берковский А.А. Реан) білім қызметтері төменднгіндей:

  • Адамның ғылым және мәдениетәлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда әлем және барша планета азаматын тәрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш – қуатын тотастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дауда. Сондықтан да әлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз жаһандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;
  • Тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарынаң, әлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және әлеуметтік тәжірбиені әулеттен әулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси және экономикалық жағдайларды, қоғам және мәдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге көмектеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола, адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икғемделіп, бейімделеді.
  • Адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері. Білім беру және тәрбиелеу мекемелерді белгілі дәуір адамының әлеуметтік – мәдени іс – әрекеттерінің ең жоғарғы өрнек – үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилык(гуманистік) құндылығы әрбір жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Бір тұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал және рухани – инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.
  • Мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл – әрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (транслясия)бару. Оқу және тәрбие барысында адам өркение дамуына қажет әрі мәдени – тарихи маңызы бар әлеуметтік – мәдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық және іскерлік қатнастардағы моралдық және ізгілік талап өлшемдері.
  • Аймақтық жүйелер мен ұлттық салт- дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педагогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне ену осы білімнің арасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы әр қилы әлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.
  • Тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттары бірден бірге өткізіп тұрушы және іске асырушы әлеуметтік институт (ресми құрлым, мекеме).Әлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес жасауға мақсат бағдарлы жасауға дайындау жұмыстарын іске асырып барады.
  • Жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мәдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші.
  1. Білімнің жүйелігі.        

Жүйе ретінде білім – бұл өзара ұштасқан білімдеме бағдарламалары мен мемлекеттік стандартының жиынтығы әрі оларды іске асырушы білім мекемелерімен білімді басқару органдарының торабы.

Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған «Білім туралы заңына» сәйкес құрылады.бұл заң білім саласындағы келісімдей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп береді олар:

  • Білімнің адамилық (гуманистік) сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірімен салауаттылығының, тұлғаның еркін дамуы, азаматтық сезім және Отанға деген сүйспеншілік тәрбиеснің басымдылығы принципі.
  • Аймақтық мәдени білім кеңістіктерінің бірлігі, білім жүйесі арқылы көп ұлттық мемлекет жағдайында ұлттық мәдени құрлымдар мен аймақтық мәдени салт – дәстүрді қорғау принципі.
  • Жалпы халықтың білімге теңдей қол жеткізе алуы, білім жүйесінің оқушы – тәрбиеленушілердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері және дайындығына икемдестіру принципі.
  • Мемлекеттік, жеке меншік білім мекемелеріндегі оқудың зайырлылық (светски) сипаты.
  • Білім жүйесіндегі еркіндік пен әрқилы пікірлер сиыстығы (плюрализм) принципі.
  • Білім басқарудың демократиялық, мемлекеттік – қоғамдық сипты, білім мекемелерінің дербестігі принципі.

Заң өзіндік сипатарымен,  әсіресе, деңгейі кәсіби бағыттарымен ажыралатын білім мекемелерінің құрлымын анықтап береді.

Қазіргі қалыптасып жатқан білім жүйесінде білім мекмелерінің төменде көрсетілген типтері белгіленген:

  • мектепке дейінгі: ясли, балабақшалар.
  • Жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта жалпы, толық білім ): мектептер, гимназиялар, лицейлер т.б.
  • Бастауыш кәсіби (училищелер), орта кәсіби (техникумдар, колледждар) жоғары кәсіби (институттар, университиттер, академиялар) және ЖОО – дан соңғы кәсіби (аспирантура және докторантура, курстар, біліктілік көтеру және қайта дайындау институттары) білім мекемелері;
  • Дамуында ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы (түзету – коррекциялық) оқу мекемелері; көру мүкісті және зағиптарды, естуі мүкісті және керендер, ақыл – ес дамуы кемістер, есі ауысқандар және т.б. мектептері:
  • Қосымша білім мектептері: ән күй, өнер, спорт мектептері, шығармашылық орталықтыры, жас техниктер мен туристер станциялары және т.б.
  • Жетім балалар мен ата – ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелер: интернаттар, балалар үйі
  • Білімдену процесін іске асырушы басқа да мекемелер. Ұйымдастыру – құқықтық формалары бойынша білім мекемелері мемлекеттік монициалды және мемлекеттік емес (жеке меншік, қоғамдық мекемелер діни ұжым оқу орындары) болуы мүмкін.
  • Жеке тұлға қажеттері мен мүмкіндіктерін ескеруге орай әр қилы білім алу формалалары: оқу орнында (күндізгі – сырттай, сырттай оқу формалары), от басы оқу формасында, өзіндік оқу, экстерін оқуын.
  • Қ.Р. «Білім туралы Заңына» орай білім жүйесіне оқу мекемелері мен оларды іске асырып баруы тиіс білімдік бағдарламалар және стандарттар кіреді. Бағдарламалар қажетті деңгейдегі және бағыттағы білім мазмұнын анықтайды. Қ.Р – сында жалпы білімдік(негігі және қосымша) негізгі кәсіптік екіге ажыратылған жалпы білім бағдарламалары бойынша оқу білім процестері жүргізіледі.

Жалпы білімділік бағдарламалардың міндеті тұлғаның жалпы мәдениетің қалыптастыру, жеке адамды қоғам өміріне бейімдеу, кәсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негідерін қалау.

Кәсіби білім бағдарламалары кәсіби және жалпы білімділік

деңгейлерді бірізді көтеру міндеттерініске асыруға,белгілі талаптарға сәйкес мамандар дайындауға бағытталады.

Осы заманғы білім жүйесінің аса бір көзге түсетін ерекшелігі  – білім жүйесің басқарудың мемелекеттік формасының мемлекеттік – қоғамдық формаға біртіндеп ауысу, мұндай басқарымның мәні – білім проблемасын мемлекет пен қоғам мүделерін үйлестіру жасау үшін осы екі жүйенің бірлікті күш – қуат жұмсау қажетігі.

Білімнің мемлекеттік сипатын елде Қ.Р. «Білім туралы Заңына» сай жүріп жатқан білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясат айқындайды. Оның ұйымдасу негізі – нақты уақытқа арналған жоғары заң шығарушы билік қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама мазмұны, бір жағынан мемлекеттік саясаттың жалпы принциптерімен анықталса, екінші жағынан, замандық бағыт – бағдар және болашақ даму жағдайларын ескерумен білім жүйесіне жасалатын обеьктив талдаулар нәтижелермен белгіленеді.

Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін мемлекеттің білім басқару – республикплық, облостық, аудандық – органдары түзіледі. Елдегі басқару құрлымдары –  білім және ғылым министрлігі, облыстық оқу департаментері және аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген.

Білім жүйесін басқарудың мемлекеттік органдары құзырына төмендегіндей міндеттер жүктеледі:

– Білім бағдарламаларымен стандарттарың дайындау, стандарттар негізі білім бағдарламаларың міндеттті білімнің ең аз педагогикалық ықшамдалған(минимун) көлемің, оқушыларға арналған оқу жүктемесін ең жоғары(максимум) ауқымың, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды белгілейді;

– оқу мекемелері мен оқушыларды акредитациялайды және атестациялайды;

– білімдік құрлым біліктерін қалыптастырады;

– білім мекемелері торабының дамуын қамтамасыз етеді және бұлжастырады;

– білім жүйесіндегі бюджеттік және қаржылық қызметтерде Қ.Р. заңдарының орындалуын қадағалайды;

– бүгінгі таңда білімді басқару жүйесі бір орталыққа тәуелдігінен босатылған, яғни республикалық орогандар дамудың стратегиялық бағыттарың береді де, ал жергілікті мекемелер нақты ұйымдастыру, қаржылық, мамандар және материялдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.Мемлекеттік басқару көздерімен бірқатар мұғалімдер мен оқушылыр ұжымдарының өкілдері, ата- аналары және әлеумет белсенділерінен жасақталған қоғамдық басқару органдары да жұмыс алып барады.

Тарау

  1. Білім – педагогикалық процесс.

Білім – бұл мұғалі мен оқушының субьектив – обеьктив әрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дәрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асу мүмкін емес.

Педогогикалық процесс осыдан білім беру, тәрбиелеу және дамуы міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арсындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағнадағы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасызө ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген бір –  тұтас процесс.

Мәндік, мағналық тұрғыдан педагогикалық процесс – әлеуметтік құблыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты –  қоғамның әлеуметтік тапсырысың іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндетерді табысты шеше білеғтін адамдардың жан – жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске әлеуметтік тәжірбие ұсыналады, әрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс – әректтер жәрдемімен, тәрбиелеуші және тәрбиеленушілер қарым – қатынасымен, шәкірттер санасына, еркі мен көңіл – күйіне жүйелі әсер етумен орындалып жатады.

Педагогикалық ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері – бұл оқу жәнетәрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тәрбиелігі және дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады.Өз кезегіде, оқу және тәрбие процестері бір – біріне ұштасқан нақты іс – әрекет процестерінен құралады:оқу – оқыту және бұдан тұындайтын өзіндік тәрбие.

Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрі:

– ақпараттық(тәрбиеленушіні сауаттандыру);

– тәрбиелік(тәрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі).

– дамутушылық (тәрбиеленушінің жан – жақты кемелденуі);

– аксиологиялық(тәрбиелеушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құблыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);

– әлеуметтік икемдестіру (тәрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).

Педагогикалық процестің құрлымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1) педагогикалық процеске қатысушылардың субеьктивті құрамы, 2) іс – әрекетік құрамы.

Педагогикалық процестің субьектері  – тәрбиеленуші және тәрбилеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы, тәрбиеленушілір қатарына 6 жастан 60 жасқа дейінгі сәбилер мен қариялар; ал тәрбилеушілер сапында ата – аналарды, кәсіби педагогикалық тікелей тәрбиеші субьектер деп білсек, бұқаралық ақпараттар құралдырың, салт – дәстүр, дін, тіл, табиғат және с.с. балаға ықпал жасайтын барша әләеуметтік –  қоғамдық құбылыстардың бәрін жанама да, тікелей де тәрбиеші деп танығанымыз жөн.

Педагогикалық процесс субьектері өзара байланысты іс – әрекеттерінің соңғы нәтижесі – тәрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тәжірибені игеру.

Педагогикалық процестің іс- әрекеттік(процесуалды) құрлымда төмендегіндей бірлікте ажыралады:

Педагогикалық процес қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне тәуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нәтижеде солғұрлым салмақты келеді.бұдан шығатын қорытынды педагогикалық процесс педагог пен тәрбиеленуші арасындағы дамып баруышы ықпалдастық ретінде бір ізді «сатылық» сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нәтижесі жақсы болған оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарлау көрсеткіштерге ие болады;

  • педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға дамуың арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нәсілдікке, тәрбие және оқу ортасына, оқу- тәрбиелік іс – әрекеттерге жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тәсілдеріне тәуелді.
  • Оқу – тәрбие процесің басқару педагогикалық процестің тиімділігі тәрбиелеушілер мен тербиеленушілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай – ақ, тәрбиеленуушілерге жасалған реттеуші ықпал әсердің шамасы, сипаты негізділігінде орайлас келеді;
  • Ынталандыру: педагогикалық процестің өнімді болуы оқу – тәрбие қызметерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) және сыртқы(қоғамдық, педагогикалық, моралдық, материялдық) және т.б. ықпалдардың әсеріне байланысты болады;
  • Педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық және іс – тәжирбиелік элеметтердің бірлігі. Оқу – тәрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау, қабылданғанды қисынды тоқу, тоқығанды іс – тәжірбиеде қолдана білу шарттарына тәуелді;
  • Сыртқы (педагогикалық) және ішкі(танымдық) іс – әрекеттің бірлігі. Педагогикалық ықпал нәтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай байланысты болса, тәрбиеленушінің өзндік оқу танымдық іс – әрекеттерінің сапасына да соншалықты тәуелді келеді;
  • Педагогикалық процестің себебтілік негізінің болуы. Оқу – тәрбие процесінің жүрісімен тәжірбиесің алдын – ала анықтап отыратын жағдайат – қажеттілік, сондай –ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері(материялды – техникалық, экономикалық және т.б.), процестің оқыту, орындалу(моралдық – психикалық, санитар – гигиеналық және т.б.) шарттар.

Жоғарда аталған және басқада заңдылықтар негізінде

педагогикалық процесс принциптері – (яғни, кейбір ереже, ұсыныстарға орай) нақтыланып баратын оқу мен тәрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады(оқу мен тәрбие принциптері кітаптың келесі бөлімінде қарастырылады).

Қай педагогикалық процес болмасын, – өз дамуының белгілі бір ізділігіне сәйкес кезендерге бөлінеді. Олар:

  • Дайындық кезеңі,
  • Орындау(негізгі) кезеңі:
  • Нәтижелі талдауы (қорытынды) кезеңі.
  1. Қазіргі замана білім жүйесінің реформалаудың негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта Қ.Р – сында әлем қауымдастығының басқа елдеріндегіндей білім жүйесің жаңарту және дамыту мақсаттарында ұлан ғайыр реформалар шаралар қолға алынып жатыр. Осы заманың білім жүйесің реформалаудың басты бағыттары төменгідей:

  • білімді адамиластыру(гуманизациялау)
  • оқуды үздіксіз жүргізу бағыт – бағдары
  • білім техналогиясындағы пән аралық бірігім – байлныстарды (инеграция) іске асыру
  • оқу процесің компьитерлестіру және технллогизатциялау:
  • білім ьерудің ақпареттандыру формасынан проблемдық, ғылыми ісденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың белсенді әдістері мен формаларына өту:
  • оқу желісінде мұғалімнің оқыту жұмыстарынан гөрі оқушылардың танымдық іс – әрекеттеріне еөбірек мән беру:
  • оқу – танымдық процесің ұйымдастыру мен сол процесті басқруда жоспарлы қадығалау, қатаң бағдарластыру тәсілдері орнына оқудың дамутышылық, белсенділік көтеру, жеделтестіру мүмкіндіктерін менінше тиімді пайдалану:
  • білімнің дамутышылық және азаматтық баулу қызметтерін назарда ұстау Қазақстан мектебінің 2005 – 2010 жылдардағы даму бағдарламаларында белгіленген аса маңызды мәселе – азаматтық дербестік, жеке жауыпкершілік, қоғамға қызмет ету құндылығын түсіну, демократиялық қоғам құру проблемаларын шешу ынтымақ сезімін тәрбиелеу.

Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімің реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келіп іске асырылуда.

Қорытынды

Білім мен тәрбие өте тығыз байланысты. Тәрбие жоқ жерде білім жоқ, білім жоқ жерде тәрбие жоқ.

Ата – бабаларымыз айтқаны сияқты мақал – мәтел де:

Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар.

Білім алу – ине мен құдық қазғандай.

Оқу  – білім бұлағы

Білім – өмір шырағы. т.б.

Білм ол педагогикалық процестің негізгі бөлігі. Әрбір педагог өзінің не үшін ? педагог болатының жақсы білуі тиіс өйткені әрбір медагог келешете үлкен  қол жеткізетін маман иесін шығаруы тиіс.

Білімді үйреніп басқаларға үйрету тек ғана педагогтың мінтеті ғана емес, ол әрбір азаматтың парызы.