Василий Шупейкин | өмірбаяны

0
41

Василий Шупейкин 1954 жылы 13 ақпанда Ашхабад қаласында туған.

1957 жылдан бері Алматы қаласының тұрғыны.

1973 жылы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищесінің халық аспаптары бөлімін, 1983 жылы Қырғыз мемлекеттік өнер институтын тамамдаған. Қазіргі кезде «Вечерний Алматы» газетінде арнаулы корреспондент болып қызмет істейді.

Журналистер одағының Шухов атындағы сыйлығының, Москва қаласында өткен Халықаралық әдеби конкурстардың екі дүркін (1998, 2001) лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Әңгіме, повестері мерзімді басылымдарда жиі жарияланып тұрады. 2000 жылы «Струны души» атты кітабы шыққан.