Вениамин Ларин | өмірбаяны

0
41
Advertisement

Вениамин Ларин – (1920–1987) 23 желтоқсанда Ресейдің Алтай өлкесіндегі Шипунов ауданының Белоглазово селосында туған. Еңбек жолын Семей қалалық ауруханасында фельдшер болудан бастаған. Мұғалімдер институтын бітірген соң, Шығыс Қазақстан облысындағы Предгорненский орта мектебінде ұстаздық еткен. 

1942 жылы Өскемен гидростанциясы құрылысында комсомол жетекшісі, 1945 жылы Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1949 жылы Алматыда – «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық «Білім» қоғамы басқармасының жауапты хатшысы, телевидение және радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, «Огни Алатау», «Вечерняя Алма–Ата» газеттерінің редакторы қызметтерін атқарған. 

1974– 1985 жж. «Простор» журналының редакторы. Алғашқы очерктер кітабы 1956 жылы шыққан. «Бәрі де есте қалады» повесі, көптеген очерктері шетел тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Шығармалары: Спроси у своего сердца. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Земле нужны звезды. Повести и очерки. А., «Жазушы», 1972; Век прожить. Повести, рассказы, очерки. А., «Жазушы», 1976; Баллада о первой палатке. Документальные повести и очерки. А., «Жазушы», 1980; Все остается нам. ДИП корпус. Очерки. А., «Жазушы», 1983.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз