Саин Жұмағали | өмірбаяны

0

Саин Жұмағали (1912–1961) Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, «Баян» көлінің жағасында туған. Жастайынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Жетіжылдық мектепті бітірген соң, бірнеше жыл ауылда сауатсыздықты жою ісіне араласқан. 1930 жыл Мәскеудегі «Цветметзолото» институтында, 1930–1932 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің әдебиет және өнер бөлімін басқарды. Қазақстан Жазушылар одағында жас жазушылар секциясының меңгерушісі, көркем әдебиет баспасында директор болып істеген. 1941–1944 жж. арасында Ұлы Отан соғысы майданында болып, Украинада партизандар отрядын басқарған. Отан қорғау жолында көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін медальдармен марапатталған.


1944–1947 жж. Қазақ мемлекеттік филармониясы халық творчествосы үйінің директоры, 1950–1957 жж. «Жаңа өмір», «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960–1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады.

 1944 жылы «Жорық жылдары» атты өлеңдер жинағы басылады.


Өлеңдері Орталық баспада және Украина журналдарында да жарияланған, жеке кітап боп басылған.

Алматы, Көкшетау қалаларының орталық көшелеріне, Арықбалық ауданындағы орта мектептердің біріне есімі берілген. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Жас досыма. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1948; Қарлығаш. Өлеңдер. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1948; Айғақ. Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ., 1948; Күләнда. Поэма. ҚМКӘБ, 1950; Алтай. Достық туралы аңыз. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1950; Дастандар. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1951; Таңдамалы шығармалар. ҚМКӘБ, 1952; Өлеңдер. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1953; Жылдар. Таңдамалы шығармалар. ҚМКӘБ, 1954; Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1957; Жорық жолдары. Өлеңдер мен поэмалар. А.,»Жазушы», 1970; Шығармаларының 3 томдығы, А., «Жазушы», 1977–1979; Избранные. А., «Жазушы», 1983.

Қайнар көз: http://writers.kz