Саин Алдан | өмірбаяны

0

Саин Алдан (1941–2004) 23 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (орыс бөлімін) бітірген. 1958 жылы еңбек жолын Алматы теледидар студиясынан бастап, Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінде қызмет істеген. Кейін республикалық теледидар студиясында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің жергілікті теледидар мен радио хабарын тарату бас редакциясында, республикалық кәсіподақтар кеңесінің баспасөз орталығында, Қазақстан Жазушылар одағының насихат бюросында қызметкер, Қазақ КСР кітапқұмарлар қоғамының жауапты хатшысы, «Қазақтелефильм» студиясы бас редакторының орынбасары міндетін атқарған.


«Комиссардың өкілі» атты повесі шыққан.

Ж.Саин, М.Жұмабаев, И.Ескендиров, Г.Генке, Ж.Өмірбеков, т.б. ақындардың өлеңдерін орыс тіліне аударған.

Қайнар көз: http://writers.kz