Әдібаев Хасен | өмірбаяны

0

Әдібаев Хасен 1924 жылы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында туған. 

1947 жылы Ұлы Отан соғысынан оралған соң, Аягөз ауданында комсомол қызметінде болды. 

1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия бөлімін, 1959 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының аспирантурасын бітірген. «М.С.Ольминский М.Е.Салтыков–Щедрин туралы» атты тақырыпқа кандидаттық (1961), «Ғ.Мүсіреповтің шеберлігі» атты тақырыпқа докторлық (1970) диссертация қорғаған. Көп жыл ҚазПИдің қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық еткен, филология ғылымдарының докторы, профессор (1973). Елуінші жылдардан бастап әдеби сын, әдебиеттану ғылымы, көркем проза саласында атсалысып келеді. Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі», «Құрмет» (1998) ордендерімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары: Уақыт және суреткер. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1967; Талант, талғам, тағдыр. Монография. А., «Жазушы», 1971; Көкжиек. Сын. А., «Жазушы», 1978; Казахская литература. Оқулық. Орыс мектебінің ІХ–Х кластарына арналған. А., «Мектеп», 1975; Казахская литература. Оқулық. Арнаулы орта оқу орындарына арналған. А., «Мектеп», 1973; Казахская литература. Оқулық. Жоғары оқу орындарына арналған. А., «Мектеп», 1980; Таңбалы адам. Әңгіме, повестер. А., «Жазушы», 1975; Отырар ойраны. Роман. А., «Жалын», 1986; Әупілдек. Повестер мен әңгімелер жинағы. 1987; «Гибел Отрара» (орыс тілінде). А., «Білім», 1997; «Созвездие близнецов». А., «Атамұра», 2004; «Өмірдария», А., «Атамұра», 2006; «Абай патшалығы». А., «Атамұра», 2009.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз