Әбілдаұлы Бақтияр | өмірбаяны

0

Әбілдаұлы Бақтияр 1937 жылы 10 қарашада Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ақкөл ауылында өмірге келген. 

1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен тамамдаған. Жамбыл облыстық қазіргі «Ақ жол» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметін атқарған. 

1963–1964 жж. Жамбыл облыстық комсомол комитетінде үгітнасихат бөлімін басқарған. Алғашқы әңгімелері студент кезіндеақ республикалық «Пионер» журналында және үшінші сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығында жарияланды. Алғашқы жинағы «Тұлпардың тұяғы» (олимпиада чемпионы Абсент туралы) хикаяты 1980 жылы «Қайнар» баспасынан жарық көрді. 

1986 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрында «Айша Бибі» тарихи трагедиясы, 

1992 жылы «Сыпатай батыр» пьесасы қойылды. 

1995 жылы «Төле би» атты тарихи драмасы театрда Қадыр Жетпісбаевтың режиссерлығымен сахналанды. 

1999 жылдан бері Мұхаммед Хайдар Дулат мырза туралы тарихи драмасы Жамбыл облыстық театрының репертуарында. Көбінесе тарихи тақырыптарға жазады. 

«Төле би және Қойгелді батыр» (1992), «Рысбек батыр» (1994) атты жинақтары, «Бөлтірік би» атты тарихи хикаяты (1996), сондайақ «ТаласТараз» (1998, «Санат»), «Жауғаш батыр – Абылай ханның елшісі» (1999), «Сыпатай батыр» (2000), «Тағдыр толқындары», «Шапырашты Наурызбай батыр» тарихидеректі романдары жарық көрген.

Қазақстан Журналистер одағының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Қайнар қөз: http://www.writers.kz