Әбілфайыз Ыдырысұлы | өмірбаяны

0
113

Әбілфайыз Ыдырысұлы 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Бүйректал елді мекенінде туған.

1953 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика факультетін бітірген.

1953–1965 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, Қазақ республикалық радиокомитетінде жауапты қызметтер атқарған.

1965 жылдан бастап қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көп жылдар бойы ұстаздық етті. Профессор.

«Әуезовке – іңкәрлік» (1997), «Біртуарлар болмысы» (2000) эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы (2000), «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001), Қазақстан Журналистер одағының К.Қазы-баев атындағы сыйлығының лауреаты.