Әбілдаева Ғазиза | өмірбаяны

0
133

Әбілдаева Ғазиза 1975 жылы 1 сәуірде Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылында туған. Қызылорда мемелекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Қазір Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде редактордың орынбасары. Өлеңдері газет, журналдарда жиі шығып тұрады.

2001 жылдың қорытындысымен «Ауданның үздік журналисі», 2001 жылы Алматыдағы жас ақындар семинар кеңесінде өлеңдері жоғары бағаланған.

2002 жылдан Журналистер одағының мүшесі.

2004 жылы облыстық «Сырдарияжырдария» өнер фестивалінің «Құрмет белгісімен», 2005 жылы Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Қайнар қөз: http://www.writers.kz