Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Түркия түрмесінде жатқаны рас па?

0
3285

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманалиевтің өз суретін әлеуметтік желіге соңғы рет осы жылдың 1 мамырында жариялағаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

Қылмыс әлемінде «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманалиев «Дикий Арманның» оң қолы ретінде белгілі.

Нойс соңғы рет суретін Instagram желісіндегі парақшасына 1 мамыр күні жариялап, жары Айнұр Тұрсынбаеваны туған күнімен құттықтаған.Одан кейін мүлдем үнсіз қалған.

Сонымен ол қазір қайда жүр, немен айналысуда?

Иманалиевтің жан досы, қылмыс әлемінде «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нойспен түскен суреттерін жиі желіге жүктейтін. Бірақ соңғы кездері Арман жүктеген суреттерде ол көрінбейді. Тіпті Сербия елінде өткен әлем чемпионатына Дикий Арман қазақ боксшыларына қолдау көрсету үшін арнайы барған болатын. Жеңілген спортшыларға қолдау ретінде ақша да таратты.

Дегенмен әрдайым жанында жүретін досы «Нойс» ол кезде көрінбеді. Сондай-ақ, біраз уақыт Түркия елінде өмір сүрген Дикий Арман қазір Дубай қаласында жалғыз жүр.

Ал «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманалиевтің жары, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қазір «Рухани кездесу» ұйымдастырып, Қазақстанның түкпір-түкіпірн аралап, елмен жүздесіп жүр. Десе де ол жерде де күйеуі көрінбейді. Сондай-ақ Дубайда да тренинг өткізгенімен ол жақта да жанынан Нұржан Иманалиев табылған жоқ.

Осы жағдайларды саралай келе Нойстың әлденеге душар болғанын болжауға болады. Кейбір қауесет бойынша қазір Нұржан Иманалиев қамауға алынып, Түркияда түрмеде жатыр. Дегенмен оның қаншалықты рас, өтірік екені беймәлім.

Еске салсақ, Нойстың Түрік ұйымдасқан қылмыс әлемінің серкелерімен жиі кездескені белгілі.