Саяси және бизнес элита жайлы бірегей портал ашылды (ВИДЕО)

0
452

Елімізде басқарушы элита жайлы өмірбаяны қамтылған бірегей цифрлық YEDILOV ONLINE жобасы өз жұмысын бастады деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«YEDILOV ONLINE – бұл Қазақстан Республикасының басқару элитасы мен персоналарының өмірбаяны қамтылған бірегей жоба. Ресурстың негізгі ерекшеліктері: басқару элитасының онлайн режимдегі рейтингі, әртүрлі критерийлер бойынша адамдарды іздеу сүзгілері, мансаптық тоғысулар: кім кіммен жұмыс істеді және туыстық байланыстар», – дейді жоба авторы, саясаттанушы, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов.

Оның айтуынша, жоба Қазақстан Республикасындағы кадрлық ауыс-түйістер, инсайдерлер, талдаулар және элита өкілдерінің өмірбаяндары туралы танымал сәйкес Telegram-арна негізінде жасалған.

Тіпті порталға жазылымды рәсімдегендерге арнайы қолжетімділік қамтамасыз етіліп, олар осы арқылы белгілі бір тұлғалардың руын көре алмақ.