Оқжетпес командасының футболшысы Роман Зюзин қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ойыншының өмірден ерте озуының себебі хабарланған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Көкшетаулық «Оқжетпес» жастар клубының футболшысы Роман Зюзин 19 жасында қаза болды. Бұл туралы команданың ресми сайтында жазылған.

«Жақын адамнан, достан айырылу өте ауыр. Мықты, денсаулығы зор жастардың қаза болуы екі есе қиын. «Оқжетпес» футбол клубы Роман Зюзиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Роман көкшетаулық «Оқжетпес» клубының жастар командасында өнер көрсеткен болатын».


©
Photo : «Оқжетпес» клубының ресми сайтынан алынды

Роман Зюзин

Жігіттің неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ.



sputniknews.kz