Ажырасып кеткен Жанар Айжанованың қызы кітап шығарды

0
3476

Дизайнер, блогер әрі әнші Айжұлдыз Адайбекова енді кітап шығарды. Кітабының тұсаукесерін ол Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанар Айжанованың қызының бұл бастамасына өнер жұлдыздары мен блогерлер қауымы жиналған. Олардың қатарында Ерке Есмахан мен AZ, Жазира Байырбекова, Жанар Айжанова, Нұрболхан Шарап, блогер Кәмила Әділхан және т.б. бар. Айжұлдыздың айтуынша, ол былтыр кітап шығару туралы тіпті де ойламаған. «2020 жылы мен үшін кітап жазу мүлдем ойыма кіріп шықпаған. Ал бүгін оған деген сұраныс артып отыр. Сіздерге айтарым: өз мақсатыңызға жету үшін қадам жасаудан қорықпаңыздар. Қателік болады, ол – дұрыс. Онсыз өсу де болмайды», – деп жазды ол. Айта кетерлік жайт, аталған мерекелік шарада Айжұлдыз бұл кітаппен тоқтап қалмайтынын және келесі жылы осы кітаптың жалғасы ретінде кино шығаратынын жоспарлап отырғанын айтты.

Айтуынша, табысты адам жан-жақты болуы тиіс және бір саламен шектеліп қалмағаны жөн. Сондықтан ол барша жандарды бір орында тұрмай, өзі дамыту үшін барынша күш салуға шақырды. Сонымен бірге, шарада сөз алған эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова оның анасына алғысын айтып, Айжұлдызды осындай еркін әрі саналы етіп тәрбиелеген Жанар Айжанаоваға алғысын айтты.