«Құранда ғылым-білім туралы ештеңе айтылмаған»

0
456

Жаңа бір постта Құрақбай ахи екеуміз: ғылым мен дін туралы сөз таластырып қалдық. Құранда Жердің қатпары,Ауа қабаты,Аспан денелері, Менделеев кестесінде кездесетін элементтер,Жұлдыздар туралы не айтылған?-дедім. Ештеңеде айтпаған ғой!

Ал ғылым соның бәрін бақайшағына дейін шағып,қалай пайда болғанын түсіндіреді. Құрақбай ахи,айтпақшы Құранда жұлдыздар туралы айтылады екен ғой. Мысалы:

Хижри сүресінің 18-шы аятында:

«Әрі аспанды әрбір қуылған шайтаннан қорғадық.Шайтанды жалындаған аспан денесі (жұлдыз) қуады»-десе

Әнғам сүресінің 97-аяттында:

«Ол құрлық пен теңіздің қараңғылықтарында жол табу үшін жұлдыздарды жаратқан-дейді.

Ал Хижр сүресінің 16-аятында:

«Біз аспанда жұлдыздар жасап, қарайтындар үшін аспанды көркемдедік»-делінген

Мүлік сүресінің 5-ші аятында:

«біз бергі аспанды шырақтармен безендірдік,әрі бұларды (жұлдыз) Ібілістерді ату үшін жасадық және оларға тозақ азабын дайындап қойдық»-делінген.

Жұлдыздар туралы 18 сүреде кездеседі. Айтылатын сол баяғы үш сөз: әдемілік,шайтанға атар оқ және жол табу үшін жаратылғаны.

Қазақ ислам келместен бұрын түнде жұлдыздар арқылы жол тапқан.Солтүстік көкте қақшиып тұратын жарық жұлдызды ТЕМІРҚАЗЫҚ деген,сол арқылы оң солын,батысы мен шығысын бағамдап отырған.Оны Алла айтпай-ақ қолданған.

Сосын «қарайтындар үшін аспанды әдеміледік»-деген не сөз? Онда бұлтты неге жаратты? Бұлт аспанды торлағанда жұлдызды көре алмаймыз ғой.

Құрандағы : «Аспанның бергі бетіне жұлдыздарды орнаттық, періштелердің сөзін тыңдауға келген шайтанды жұлдыздармен аттық»-деген қалай кетті )))

Жұлдыз біріншіден аспанның бергі бетінде емес алыста орналасқан.Жұлдыз-шайтанды ататын нәрсе емес,ол аспан денесі.Жұлдыз ақпайды тек сөнеді.Ал түнгі аспанда ағып бара жатқан нәрсені «метеорит» дейді.Метеорит ауа қабатына кіргенде ауаның тығыздығына кезігіп,өртеніп-жанады.Күн сайын ірілі-ұсақты аспаннан жерге 5-7 тонна метеорит түседі екен.

Құрақбай ахи,сенің қасиетті деп табынып жүрген Қаабадағы «қара тасың» да-МЕТЕОРИТ.

Түнгі аспанда жанып ағып бара жатқан жұлдыз емес,метеорит екенін және шайтанға атылып жатқан оқ емес екенін ғалымдар әлде қашан дәлелдеп тастаған.

Көзіңді аш,оқы адаммен санаспай.

Діни догма,дәлелсіз нәрсеге тойып алып жұртпен сауғаласасың

Еще Меккеге барып шайтанға тас атасың.Қажылыққа барған боларсың?

Аллаһ жұлдызбен атып құрта алмай жатқан шайтанды сен 1-2 грамм таспен ұрып өлтірем дегенің күлкілі.

Қожа айтпақшы: Құрақбай таза әртіссің сен!

Сосын: Құрекең Айдың қалай жаралғанын дәлелде деді. Отырайын сол аузым көпіріп,сөз ұқпас адамға тәптештеп.Гугл-дан оқып аларсың деп жол сілтей салдым.Гу-гу-латып жүрген Құрекеңді көрсеңіздер,сәлем айта саларсыздар.

Саясат ҚАЗЫБЕКҰЛЫ, әлеуметтік жазбасынан.