Н.Назарбаевтың Орта Азиядағы ең үлкен мешітпен қандай байланысы бар?

0

Еліміздегі және облыстағы ең үлкен мешіттің ашылуына экс-президенттің келгені туралы  БАҚ жарыса жазып жатыр. Мені мына сұрақ көбірек қызықтырады. Неге мешіт салу идеясы Назарбаев билік құрған кезде емес, биліктен кеткен кезде ғана қолға алынды?

Шын мәнінде, бас зейнеткердің мұсылман халқының шығысындағы Тарихи мәдениетінен хабары болса керек. Мысалы, Осман сұлтандары үлкен соғыста жеңіске жеткеннен кейін немесе билікті ұрпағына табыстаған соң, қорытындылау мақсатында мешіт салған. Кейде ондай ғимаратты монархтардың өлімінен кейін қолға алған. Себебі ол үшін ұзақ уақыт қажет. Ескеретін тағы бір жағдай, Ердоған да Стамбулда ең үлкен мешітті салдырды.

Кей жағдайларда рухани ғимараттың атауы немесе оның негізін қалаушының есімі өзгертілген. Бірақ ғибадатханалар соғыстан, көтерілістерден кейін қалпына келтіріліп, мыңдаған жылдар бойы маңызын жоғалтпастан көздің қарашығындай сақталатын сәулет нысанына айналып отырған. Сондықтан аталған тарихи мәдени нысандардың ғұмыры Назарбаевтың есімімен аталған мектеп немесе жоғары оқу орындарына қарағанда әлдеқайда ұзақ болатыны анық.

Фото: Аскар Ахметуллин ( kz.kursiv.media)