Қазақтың Навальныйы – Макс Боқаев
2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталған Макс Боқаев 4 ақпанда Атыраудағы түрмеден босап шықты.
Сарапшы Қуаныш Еділхантегі Макс Боқаевты қазақтың Навальныйына теңеп, оның себебін де айтты.
«Ал, қазақтың Навальныйы керек болса! Макс Боқаевты айтам.
Бәрін көрді, түрмені де, басқасын да. Ештеңеден қорқып тұрған жоқ. Сотпен тыйым салса да оның бәрі заңсыз екенін анық біліп отырған адам ғана ештеңеден қорықпайды, өйткені халықаралық заңдар өзінің жағында екенін біледі. Алдағы көктем қызық болғалы тұрған сияқты» деді сарапшы.
Түрмеден шыққан соң Макс Боқаев:
— Ары қарай қоғамдық жұмыспен айналыса беремін. Менің ұсынысым – 28 ақпанда митинг ұйымдастыру. Бүкіл Қазақстан алаңға шығайық. 7 наурызда тағы шығайық, 14 наурыз, 21 наурыз – жұма сайын шығайық. Үкімет ақылға келмесе, 3 сәуірден бастап алаңдарда шатыр тігіп отырамыз, — деді.