Макс Боқаев: Назарбаев біздің Конституциямызды дәретхана қағазына айналдырып жіберді

0
1877
Сурет: Сәния Талкен

Бүгін 2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталған, құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп атаған Макс Боқаевты түрмеден босап шықты. Жазасын УГ-157/9 мекемесінде өтеген болатын. Атырау қаласындағы Осы орайда ол өзіне қолдау білдіруге келген халыққа алғыс айтты.

«Халықтың қолдауына, халықаралық ұйымдарға рақмет айтқым келеді. Халық қолдауы болмаса мені жоқ қылып жіберетін еді. Сүйегімді таба алмайтын едіңдер. Рақмет сол үшін! Теледидар, радио-газеттен қарап отырмын жағдайды. Назарбаев тақтан кетсе де, 5 миллиметр өзгеріс бар деуге болады. Бірақ алып бара жатқан өзгеріс жоқ. Сондықтан ары қарай қоғамдық жұмыспен айналыса беремін», – деді Боқаев «Азаттық Радиосына«. 

Темір тордан босап шыққан белсенді халықтың өз талабын билікке жеткізу үшін әр аптаның соңында бейбіт митингіге шығуы керектігін алға тартты. Талап-өтініштері қабылданбаған жағдайда 3 сәуірден бастап алаңдарда хшатыр тігіп отыруға мәжбүр екенін айтты. Сондай-ақ, жуырда өткен сайлауға қатысты пікір білдіріп, оны «өтірік сайлау» деп атады.

«Өкінішке қарай, [Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан] Назарбаев біздің Конституциямызды дәретхана қағазына айналдырып жіберді. Бізге жаңа Конституция керек, біз осыны Назарбаев пен [елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт] Тоқаевтан талап етуіміз керек», – деді Макс Боқаев «Азаттық Радиосының» тілшісіне. 

Адвокаты қарамағындағы қорғалушысына «соттың қаулы шығарып, митингіге баруға, әлеуметтік желі қолдануға тыйым салғанынан» мүлдем бейхабар екенін жеткізді. Боқаевтың адвокаты ол қаулыны көрмегенін айтады.

48 жастағы Макс Боқаев 2016 жылғы қарашадан бері түрмеде отырды. Бес жыл бұрын Атырауда мыңдаған адам алаңға жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірген. Атырауда басталған наразылық кейін елдің басқа аймақтарында да жалғасып, билік жерді шетелдіктерге жалға беруге уақытша мораторий жариялаған.