«Путин Оралдағы бункерде тығылып отыр»
Ресей президенті Владимир Путиннің жақында Ресейдегі Орал тауларындағы бункерде болғаны туралы деректер бар, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Вадим Денисенко мәлімдеді.
– Путин Оралдағы бункерінде бесінші күн қатарынан отыр… Оның бункерде болуы 100%. Белгілі бір деректерге қарағанда, ол қазір Оралда. Бұл туралы біздің ресейлік әріптестеріміз – сарапшылар, журналистер және тиісті ведомстволардың белгілі бір ақпарат көздері растайды, – деді Денисенко.
Оның айтуынша, бұл жағдайда Путин өзінің төңірегіндегілер мен элитаның реакциясынан қорыққандықтан тығылып отыр.
– Соңғы 2 жылын ол бункерде өткізді. Өйткені ол өлімге әкелетін коронавирустық вирусты жұқтырудан қорықты. Қазір оның жаңа паранойясы бар. Енді украин соғысындағы шытырман оқиғаның нәтиже бермегенін түсініп, өмірде параноид болды. Жасырынып, бәрінен қорқа бастады, – деп түсіндірді Денисенко.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін баса айтты.