Зеленский бірқатар сотталғандарды босатты

0
1237

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский әскери тәжірибесі бар бірқатар сотталғандардың босатылатынын, олардан барлық санкциялар алынып тасталатынын хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

«Моральдық тұрғыдан қиын шешім қабылданды-соғыс жағдайында соғыс қимылдарына қатысушылар, нақты жауынгерлік тәжірибесі бар украиндар қамаудан босатылып, өз кінәсін өтей алады. АТО-ға қатысушы бірқатар адамдардан (Донбасстағы Қарулы Күштердің күштік операциясы — ред.) барлық санкциялар алынып тасталады», — деді ол өз үндеуінде.