Марат Ахметжанов:Қазақстанда 20 жылда 14 түрме жабылды

Қазақстанда соңғы 20 жылда 14 түрме жабылған. Сәйкесінше түрмеде отырғандардың саны 100 мыңнан 27 мыңға дейін кеміген. Сонымен қатар еліміздегі қылмыстардың саны 3 есе кеміді. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов елімізде жұмыс істейтін дипломаттар мен халықаралық ұйым өкілдерімен өткізген арнайы брифингте айтты.
ҚР Мемлекеттік басқару академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін іске асыру практикасы: нәтижелері мен перспективалары» тақырыбында өткен іс-шараға еліміздің шет елдердегі елшілері де онлаин режімде қатысты. Шарада агенттік төрағасы іске асырылып жатқан реформалар жөнінде айтып берді.