Солтүстік өңірді қазақыландырғым келеді – Аятжан Ахметжан

0

«Қазбілім» білім беру орталығының негізін қалаушы Аятжан Ахметжанұлы №90 мектеп гимназияның директоры болып тағайындалғанына көп болған жоқ. Білікті менеджер ретінде өзін қалыптастырған азамат білім беру саласындағы мәселелерге үнемі пікір білдіріп отырады. Сұхбатта мектептегі орыс тілі мен әдебиеті пәнін әлем әдебиетіне ауыстыру және ҰБТ соңғы дау сөз болды.