Дүнген ассоциациясы: «Бізге шабуылдаған бандиттер мен қылмыскерлер өтемақы төлесін»

0
666
Фото: Азаттық

Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Хусей Дауров Фейсбуктегі парақшасында Қордай оқиғасына байланысты жазба жариялады. Биыл ақпан айында Қазақстанды тік тұрғызған Қордай қақтығысына байланысты өтетін алдағы сотта «бізге шабуыл жасаған, бандиттер мен қылмыскерлер жазасыз қалмай, келтірілген шығынды өтеп, лайықты жазасын алу керек» дейді. Оның жазуынша бейбіт жатқан ауылға шабуылдағандар бандиттер екен де, соққыға жығылғандар батырлар екен. Оқиғаның қазақ ақсақалды балаларымен қосып соққыға жыққанынан, оқиға орнына келген полицияға шабуыл жасағандарын, ақсақалдың құнын сұрап барған халыққа бірінші кім мылтық алып шығып атқан екен?

Оның астына пікір жазып отырған дүнген ұлтының өкілдері де өздерін қорғанушы, жәбірленуші ретінде көрсетіп, «біз қорғанғанымыз үшін сотталамыз ба? Бұл әділетсіздік» дейді. Дәл осылай қазақ журналистері немесе қоғамдық белсенді жазатын болса аты-шулы 174-ші баппен (ұлтараздығын қоздыру) қорқытатын құқық қорғау органдары да үнсіз.

Құрметті Тоқаев мырза!

Неге өзге ұлт өкілдері жергілікті мемлекет құраушы ұлтты яғни, қазақ халқын бандит, қылмыскер ретінде көрсету керек?

Неге Ресей мен Қырғызстандық қоғамдық ұйымдар мен блогерлерден көмек сұрап отыр?

Неге қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдерінің арасында алтын көпірміз дейтін Қазақстан Халықтар Ассамблеясы осы күнге дейін болып келген жанжалдарда әлі бір рет қазақ халқынан кешірім сұраған жоқ?

Сот үкімі шықпай күдіктілерді бандиттер мен қылмыскерлер деп атауға Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Хусей Дауровке кім рұқсат берді?

«Айқай.кз» редакциясы Хусей Дауровтың өзіне қоңырау шалып, аталған пост туралы пікірін сұраған еді. «Мен айтқаным үұшін жауап бере аламын. Олар адам өлтіргіштер, қылмыскерлер. Біздің үйімізді өртегендер» деп жауап берді.

Төменде Қазақстан дүнген ассоциасиясының төрағасының сөзін қазақшаға аударып, беріп отырмыз.

Біріншіден, мен барша зардап шеккендерге қайырылып отырмын: “Сол қайғылы түні өз ұлдарынан, жақындарынан айырылған ата-аналар, туыстары; сол оқиғадан жараланған, мүгедектік алғандар; үйі, дүкені өртеніп, мүлкінен айырылғандар және де малын, машинасын алдырғандар – сіздерге, баршаңызға сотқа қатысудан бас тартуға болмайды. Өтйкені ережеге сәйкес, сотттан бас тартуға қол қойылады. Әкімшілікпен бірге сотқа қатысудан немесе бас тарту туралы қол жинап жатыр.

Бәріміз сотқа қатысып сотта ауылымызға шабуыл жасаған бандиттер және қылмыскерлер жазасыз қалмай, келтірілген шығынды өтеп, лайықты жазасын алу үшін сотта өз талаптарымызды айтуымыз керек. Тергеу кезінде ұсталып, 6 айдан 10  айға дейін қамауға алынған, зардап шеккен ауылдардың 12 тұрғыны тергеу абақтасында отыр. Сондай-ақ көп адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Өз отбасын, әйелдерін, балаларын қорғап, өмірін қауіпке тігіп, қайғылы оқиғаның одан әрі өршімеуіне жол бермеген жігіттер, нақтырақ айтсақ, батырларды қазір соттайды. Біздің міндетіміз – оларға көмектесу. Яғни, қосымша адвокаттар, заңгерлер жалдау және БАҚ та сот ісін объективті  көрсету үшін журналисттер, блогерлер жалдауТап қазір Қазақстандағы дүнген этносына тағы да патроиотизм мен бірлігін көрсететін шақҚазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа елдердің қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарын осы бір маңызды уақытта ақпараттық және материалдық қолдау көрсетуге шақырамыз».

Aiqai.kz