Қызылорда облысында екпеге қарсы әйел дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды (ВИДЕО)

0
1108

Желіде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылында мінбердегі адамдарға жұмыртқа лақтырған әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды kznews.kz сайты tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбаны жергілікті блогер Facebook желісінде жариялады.

Ересек әйелдің мұндай әрекеті облыс тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Олар әйелге тиісті шара қолдануды сұрайды.

«COVID-19 және коронавирус инфекциясына қарсы екпе ойлап тапқан дәрігерлер емес. Олар ауылдар мен аудандарға еріксіз, қызметтік міндеттеріне байланысты барады. Сондықтан оларға мұндай әрекет жасау әділетсіздік деп санаймыз», — деп наразылықтарын білдірді тұрғындар.

https://aitube.page.link/Zce7