Бақытгүл Хаменова 2 айға изоляторға қамауға алынды

0
306

Бүгін Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты екі айға қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында болады.

Атырау облысының прокуратурасы тергеу сотының шешіміне қатысты облыстық сотқа шағым түсіріп, облыстық сот қадағалау органының шағымын қанағаттандырды. Кейін ол қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.