Құда мен құдағиды тойда төсекке жатқызып, аймаластырып, сүйістіріп қойды (ВИДЕО)

0
1099

Егде жастағы әйел мен ер адамның құдалық тойда құшақтасып, сүйіскендері желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты сaravan.kz порталына сілтеме жасап.

Той қонақтары да олардың бұл әрекетіне қошемет білдіріп, үстілеріне көрпе жабуда. Көзге қораш көрінетін бұл ырымның еліміздің қай өңірінде жасалғаны әзірге белгісіз.

Көрер көзге ұят ырымның видеосы Youtubе-тегі KYN.KZ арнасында жарияланды.

Онда құдалыққа келген адамдар әйел мен ер адамның оғаш әрекетіне мәз болып, қошемет көрсетуде. Ал төсекте жатқан екеу еш қымсынбастан бір-бірін аймалап, сүйісіп жатыр.

Көптің көзінше ұятсыз әрекет жасаған ересек адамдардың бұл қылығын сынап, түрлі пікір қалдырғандар жетерлік.

«Бұл қайдан шыққан түсініксіз салт?», «Құдай сақтасын! Қуады екен мыналар», «Алла кешірсін сендерді», «Масқара! Осы қазақтың жеңгемен ойнау, жездемен ойнау дегені де дұрыс емес», – деп жазды желі қолданушылары.