АҚШ зерттеу институты: Қазақстанда коронавирустан 81 696 адам қайтыс болған
Вашингтон Университетінің Медицина мектебінің IHME денсаулық сақтау көрсеткіштері және бағалау институты Қазақстанды коронавирустың өлімі ең көп болатын 20 елдің қатарына қосты. Мақала авторларының пікірінше, әлемде коронавирустың өлім саны нақты саны ресми көрсеткіштен екі есе немесе одан да көп.
Институттың жаңа талдауы бойынша, COVID-19 әлемде шамамен 6,9 миллион адамның өліміне әкеп соқтырды.
Рейтингте Қазақстан соңғы, 20 орында. Порталдың мәліметінше, елде қайтыс болғандардың нақты саны 81 696 адамды құрайды. Бұл кестеде ресми биліктің санағы да көрсетілген. Институттың мәліметтері бойынша Қазақстанда коронавирустың 5620 өлімі ресми тіркелген, ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 7 мамырдағы жағдай бойынша республикада коронавирустың ПТР расталған 3889 адам қайтыс болды делінген. 829 адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Барлығы 4718.
Сонда заңды сұрақ туындайды, біз ДенСауминнің ресми ақпаратына сенеміз бе, әлде алыс АҚШ-тағы тәуелсіз зерттеу орталығына ма?
Біздің билік ковидтан қайтыс болғандар санын не үшін жасырады?
The 20 countries with the highest number of total COVID-19 deaths, March 2020–May 2021
Country | Total COVID-19 deaths | Reported COVID-19 deaths |
United States of America | 905,289 | 574,043 |
India | 654,395 | 221,181 |
Mexico | 617,127 | 217,694 |
Brazil | 595,903 | 408,680 |
Russian Federation | 593,610 | 109,334 |
United Kingdom | 209,661 | 150,519 |
Italy | 175,832 | 121,257 |
Iran | 174,177 | 72,906 |
Egypt | 170,041 | 13,529 |
South Africa | 160,452 | 54,390 |
Poland | 149,855 | 68,237 |
Peru | 147,765 | 62,739 |
Ukraine | 138,507 | 46,737 |
France | 132,680 | 105,506 |
Spain | 123,786 | 85,365 |
Germany | 120,729 | 83,256 |
Indonesia | 115,743 | 45,938 |
Japan | 108,320 | 10,390 |
Romania | 87,649 | 28,382 |
Kazakhstan | 81,696 | 5,620 |