Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жерге қайта алмайсыз... Сізді ғарышқа жіберген мемлекет қазір жоқ" – Танымал ғарышкердің космоста алған тосын хаты

"Жерге қайта алмайсыз... Сізді ғарышқа жіберген мемлекет қазір жоқ" – Танымал ғарышкердің космоста алған тосын хаты
РИА Новости. Суретте: Сергей Крикалёв

Ресейдің ең танымал ғарышкерлерінің бірі Сергей Крикалёв тарихта ерекше жағдайға тап болған ғарышкерлердің қатарында. Ол ғарышқа Кеңес Одағының азаматы ретінде ұшып, ал Жерге Ресей Федерациясының азаматы болып оралған. Бұл оқиға әлемдік ғарыш тарихындағы ең қызық әрі ерекше жағдайлардың бірі саналады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ғарыштағы күтпеген ұзақ сапар

1991 жылдың мамыр айында кеңестік ғарышкерлер «Мир» орбиталық станциясына кезекті экспедициямен аттанды. Экипаж құрамында командир Анатолий Арцебарский мен бортинженер Сергей Крикалёв болды. Оларға британдық ғарышкер Хелен Шарман қосылғанымен, ол өз миссиясы аяқталған соң бір аптадан кейін Жерге қайтқан.

Ғарышкерлер жаз бойы станцияда ғылыми зерттеулер жүргізіп, ашық ғарышқа бірнеше рет шығып, станцияның техникалық жағдайын бақылаумен айналысты.

Алайда дәл осы уақытта Жер бетінде тарихи оқиғалар болып жатты. 1991 жылғы тамыз бүлігі мен Кеңес Одағының ыдырауы ғарыш бағдарламасына да әсерін тигізді. Елдегі экономикалық қиындықтар мен қаржы тапшылығы салдарынан жоспарланған миссиялар қысқарды.

Ғарышта «ұмыт қалған» ғарышкер

Халықаралық келісімдер бойынша кейінгі экспедициялар құрамында Австрия мен Қазақстаннан ғарышкерлер ұшуы тиіс еді. Бірақ қаржы тапшылығына байланысты «Мир» станциясына тек бір ғана кеме жіберілді. Ол барлық ғарышкерді Жерге алып қайтуға жеткіліксіз болды.

Нәтижесінде Сергей Крикалёв орбиталық станцияда қалып, келесі экспедицияны күтуге мәжбүр болды. Осылайша оның ғарыштағы сапары жоспарланған мерзімнен әлдеқайда ұзарып, шамамен бір жылға жуық уақытқа созылды.

Тек 1992 жылдың наурыз айында ғана Крикалёв Жерге қайта алды. Бірақ ол оралғанда КСРО енді жоқ еді – ғарышкер жаңа мемлекетке, яғни Ресей Федерациясына келген болатын.

Осы ерекше әрі күрделі миссиясы үшін Сергей Крикалёв «Ресей Батыры» атағын алған алғашқы ғарышкер атанып, №1 «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды.

NASA миссиясындағы ерекше оқиға

Сол жылдың соңында Крикалёв тағы да ғарышқа ұшты. Бұл жолы ол NASA миссиясы аясында америкалық және ресейлік ғарышкерлердің алғашқы бірлескен экспедициясына қатысты.

1994 жылдың 3 ақпанында ұшырылған STS-60 миссиясы кезінде ол Discovery шаттлімен ғарышқа аттанды. Шаттл Жерді 130 рет айналып, сегіз күннен кейін Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығына сәтті қонды. Осылайша Крикалёв америкалық шаттлмен ұшқан алғашқы ресейлік ғарышкер атанды.

Бұл миссия барысында күтпеген жағдай орын алды. Шаттлдағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің электроникасы істен шығып, ауа өткізгіш жүйесі зақымданған. Америкалық астронавттар нұсқаулық бойынша қосалқы кемені күтуді жоспарлаған.

Алайда Сергей Крикалёв жүйені өз бетінше жөндеп, ақауды жойып, шаттлдың қалыпты жұмысын қалпына келтірді. Бұл жағдай оның кәсіби шеберлігін көрсетіп, америкалық әріптестерін таңғалдырған.

Сергей Крикалёвтің тағдыры ғарыш тарихындағы ең ерекше оқиғалардың бірі болып қалды. Ол тек ғарышкер ғана емес, тарихтың екі түрлі дәуірінің куәсі болған адам ретінде де белгілі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер