Әміржан Қосан: «Тағы бір мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болуы әбден мүмкін!»

0

Қаңтар қырғыны қабырғамызды қайыстырып, азат күнде 225 адам ажал құшты. Дәл осы жағдайдан кейін елімізде бірқатар үлкен өзгерістер орын алуда. “Адырна” тілшісі саясаткер Әміржан Қосановпен осы тақырып жайында әңгіме өрбітті. 

-Елімізде орын алған соңғы жағдайлар “Жаңа Қазақстанды” құруға қаншалықты септігін тигізді?

-Иә, осы күндері бәріміз де абыржып қалдық! Үш ұйықтасақ, түсімізге кірмеген жағдай болды. Бейбіт Қазақстанда 225 адам қаза тапты деген не сұмдық! Оған арандатуышылар да, билік те айыпты деп санаймын!

Осындай психологиялық шок кезінде маңызды шешімдер қабылдауда асығыстық таныту да керек емес болар.

-Ескі мен жаңаның ортасында толығырақ айтқанда нақты не өзгеруі тиіс?

Ескі», сөзсіз, жаңаруы керек, ал «жаңа» өз талаптарын қойғанда, табанды да тегеурінді болуы керек. Бірақ, бәрі де заң аясында болуы тиіс! Әйпесе, елден, мемлекеттен айырылып қаламыз!

-Жайлы орындарды жайлаған экс-президенттің жақын-туыстары біртіндеп мансаттарынан айырылуда. Бұл ненің нышаны?

-Жаман нышан емес! Егер де бұл президент Тоқаевтың ескімен біржолата ат құйрығын кесісіп, елде осы күнге дейін үстемдік еткен бір отбасының монополиясынан құтылу мақсатындағы батыл әрекет болса, қос қолыммен қолдаймын. Бұл сонымен бірге, екінші президенттің тұңғыш президенттің орынсыз ықпалынан құтылуының басы болар еді.

Бірақ, бір монополияның орнына өзінің, Тоқаевтың отбасы, дос-жарандары және тағы басқа жақындарының монополиясын орнатужоспарыболса, оған үзілді-кесілдіқарсымын!Басқа сөзбен айтқанда, бізге «екінші Назарбаев» керек емес!

-Халық қаласа хан түйесін сояды. Халықтың қалауы — жүйенің, басшылықтың түбегейлі өзгеріп, әл-ауқаттың жақсаруы. Жаңа Қазақстанда жүйе өзгере ме?

-Өзгеруі тиіс! Қазір халық та өзгерді, ол өзінің конституциялық мүмкіндіктерін біледі, соларды қорғауға дайын. Террористер келді екен деп, бейбіт наразылық тоқтамайды! Тоқаевтың алдында үлкен, тарихи таңдау тұр. Не ол халық жағында болады және де ондай мүмкіндігі де жоқ емес. Өйткені осы путч кезінде халықтың көкейінде жүрген көп нәрсені айтып қалды. Соның сүйспеншілігіне ие болды. Егер де ол осы толқулардан жөнді тағылым алмай, елде қалыптасқан жүйеге тек косметикалық реформа жасаймын десе, оңбай қателеседі.

-Өзіңіз де кезінде президент сайлауына түстіңіз. Жалпы, ел басшысы халық басына қайғы түскенде алдыңғы қатарда жөн сілтейтін адам. Елбасымыз қайғылы қаңтар қырғыны “аяқталғаннан кейін” ел алдына күтпеген жерден шығуына не себеп?

ның біраз уақыттан кейін ғана өз елінің алдына шығуын, мен сол күндері бас билік ішінде болған, біз біле бермейтін құпия, жасырын келіссөздермен байланыстырамын. Меніңше, қазір де сол келіссөздер жалғасуда.

Менің сайлауға қатысқаным туралыбірауыз ғанасөз қосайын, рұқсат болса.Мен сол кезде сайлау қорытындысын мойындауымның артында «ішкі және сыртқы күштер араласып кетіп, «әр қазағым – жалғызым» құрбан болмаса», мемлекеттіктен айырылып қалмасақ»деген ойымғанаболды.Өз карьерамды ойлаған жоқпын, халқымның амандығын ойладым.Иә, одан кейін мені біраз адам, соның ішінде радикалды оппозиция өкілдері сынады.

Шетелде жүріп, елді революциялық, төңкеріс жолымен өзгерткісі келетіндердің ел ішінде жүрген серіктестері де жоқ емес. Бәлкім, олар сол күні бір қырғын болғанын, соның арқасында билікке келуді жоспарлады ма, кім білсін (маған сондай ақпарат түсіп жатты).

Ол кездегі таңдауыма еш өкінбеймін, өйткені ел аман қалды. Ал қазіргі жойқын қырғынның кезінде қаншама бейбіт адам қырылды десеңізші! Олардың қаны біреулердің мойнына жазылмай ма?

-ОДКБ әскерінің кіруі біздегі ресейлік ықпалды қаншалықты арттыруы мүмкін? Қазақстан проресейлік болып кеткен жоқ па?

-Біздің билік баяғыдан-ақ проресейлік. Оны ешқашан да жасырған емес. ОДКБ контигентінің келіп-кетуі – соның заңды көрінісі ғана.

Әрине, 7 жарым мың ортақ шекарамыз бар көршімен ұрысуға, жанжалдасуға болмайды. Бірақ, біртіндеп, оның геосаяси ықпалынан шыға бергеніміз абзал. Әйтпесе, тағы да отар боп қаламыз.

-Президенттің қандай да бір партияда болғаны дұрыс па? Жалпы ендігі таңда “Нұр Отанның” рөлі қандай болмақ, жаңа партиялар құрылу мүмкіндгі қандай?

-Меніңше, сұрағыңыздың екі жауабы бар.

Бір жағынан, «артық қыламыз деп, тыртық қылу» – ел болашағы үшін аса қауіпті. «Нұротанды» жек көреміз деп, партиялық жүйені мансұқ етуге болмас. Бірақ, менің ойымша, отыз жыл бойғы жүйені қолдап келген «Нұротанның» қазіргі функцонерлері елбасы секілді зейнетке не басқа жұмысқа (мемлекеттік қызметке емес!) кетуі керек! Бір палаталы парламентке көшу керек, сол кезде Сенатта отырған барша зейнеткерлер өз орнын табады.

Екіншіден, екі жылдан кейін кезекті президент сайлауы болуы тиіс. Тоқаев не шешім қабылдайды? Екінші мерзімге бара ма? Бармаса, өз мақсаттасын ұсына ма? Ал оның бәрі үшін партия керек, өйткені біздің заңнама сондай. Жаңа партия құрып, оны сайлауларға дейін аяққа тұрғыза ала ма? Байлығынан, қызметінен айырылып жатқан ықпалды кландар мен тұлғалар Тоқаевқа қарсы майдан ашпай ма? Осы тұрғыдан алғанда, тағы бір мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болуы әбден мүмкін!

Өз басым, қаңтар басынан Тоқаев айта бастаған мықты сөздерді Қазақстан оппозициясыталай жылданберіайтып келеді деп санаймын. Қолынан келсе, сол күштергеарқа сүйесін. Бірақ, өз басым ондай фантастикалық сценарийге сенбеймін. Оның үстіне, біздіңресми де бейресмиоппозициялық топтар мен тұлғаларда ырду-дырду, шетінен «наполеон», бір-бірін жамандап әлек. Оларсондай сәтттерде бірігіп,бірегейкүшретінде саяси ерік-жігертаныта алмайтынын мен қатысқан президент сайлауы көрсетті емес пе?

Айтпақшы, кезінде біз әріптестермен бірге «Жаңа Қазақстан» форумын тіркей алмадық. Енді Тоқаев мырза «Жаңа Қазақстан» құру идеясын жария етті. Біздің сол кезде ұсынған бағдарламыздың да маңызды баптардың біразын, мәселен, олигархтар билігін жою туралы талаптарымызды президент айтып жатыр. Игіліктің ерте, кеші жоқ дейді мұндайды қазақтар.

Сонымен бірге парламент тек партиялық тізім бойынша сайланбай, бұдан кейін де болған бір мандатты округтер арқылы сайлау механизмін енгізу қажет. Әйтпесе, партиядан тыс азамат не президент, не депутат бола алмайды. Оның өзі қоғам дамуына теріс әсер етіп жатыр.

Сондықтан өзінің партиялық болашағын Тоқаев өзі шеше жатар.

Қазір бізден ақыл сұрап жатқан билік жоқ.

Талай жылғы оппозиционер ретінде мені тағы бір нәрсе мазасыздандырып отыр. Президент осы күндері көп тақырып қозғады. Бірақ түбегейлі саяси реформа жайында әлі де тіс жарған жоқ. Ол жайтты мойындаусыз басқа барлық бастаманың құны бес тиын! Оны 30 жылдық Назарбаев жүйесі ап-анық көрсетті емес пе?

-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Інжу ӨМІРЗАҚ,

“Адырна” ұлттық порталы