«Бүкіл байлықтың жартысы 162 адамның қолында!»

0
327

Осы сөз бизнес өкілдерімен кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан айтылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«Адамдар «бүкіл бизнес неге бір адамдардың қолында қалды? Олардан неміз кем?» деп сұрақ қоя бастады. Гегельді Бабельмен шатастырып жүрген адамдар бар. Яғни арнайы білімі жоқ болса да, бір қолда орасан зор бизнес ұстап отырғандар бар. Ал сол уақытта білімді, арнайы курстан өткен адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына жете алмай әлек. Бизнес олардың жанынан сырғып өте шығады. Мұның ақыры депрессияға, қоғамға сенбейтін сезімге, әділеттіліктің жоқтығына көз жеткізуге апарып соғады. Осыдан барып әлеуметтік-экономикалық салдар туады», — деді президент.

Оның айтуынша, сол жиынға қатысушылардың көбі классикалық олигополияның не екенін біледі. Бизнес концентрациясының орасан зор бөлігінің бір қолға шоғырлануы және басқа кәсіпкерлердің сол салаға бара алмайтыны – кез келген мемлекет үшін қауіпті құбылыс.

”Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда KPMG байлықтың жартысы 162 адамға ғана тиесілі екенін, ал халықтың жартысының табысы 50 000 теңгеден аспайтынын алға тартады. Бұл жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл өзгерту керек», — деді Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесуінде.