Ә. Назарбаеваның сауық кешін Галкин «жандырды»
Кеше Алматының төрінде Әлия Назарбаева ханым өзінің «Место силы» деп аталатын алғашқы кітабының тұсаукесерін жасады. Елімізге танымал өнер жұлдыздары мен бай-дәулетті жандары ерекше кеште бас қосты. Кеш «бал» стилінде өтті. Қонақтар арнайы дресс-кодпен келді.
Қонақтар қатарында: Ақан Сатаев, Альмира Тұрсын, Санжар Мадиев, Нұрлан Қоянбаеа жарымен, Даут Шайхисламов, Дана Орманбаева болды.
Кешті жүргізуге келген атақты ресейлік шоумен Максим Галкин әзілдерімен қонақтардың көңілін көтеріп, би билетті.
Кешті жанды дыбыста бэнд, домбыра ансамблі, өнер жұлдыздары қыздырды.
Естеріңізге сала кетейік, Әлия Назарбаева соңғы жылдары қазақ киносына қолдау білдіруде. Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол», «Томирис» фильмдерінде продюсер болса, «Бала дауысы» Халықаралық ән байқауы арқылы кішкентай таланттардың бағын ашуда.