2021 жылы кімдер бастық болып, сүйіктісімен отбасын құрады?

0

Жаңа жылдан әркім тек жақсы өзгерістер мен қуанышты сәттер күтеді. Сиыр жылы кімдердің айы оңынан туып, жұлдызы жанатынын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова 2021 жылға болжам жасады.

Тоқты

2021 жылы Тоқты белгісінде туғандардың қызметі жоғарылап, кәсіби және әлеуметтік өсу болады. Еңбегіңізді қоғам мойындап, бағалағанын қалайсыз. Жоғарыдағы басшылардың қолдауына ие болу мүмкіндігі туады.

Жаңа іс бастауға, жоспарларды жүзеге асыруға, капитал құюға таптырмас жыл. Оптимизм уақыты. Достардың көмегіне жүгінетін кезең. Ұжымда көшбасшылық қасиеттеріңізбен көзге түсесіз.

Оқта-текте күш-қуатыңыз сарқылып, шаршағандық сезіледі. Десе де Сатурн энергиясы аталған жағдайда сізден не талап етілетінін дұрыс бағалауға және түсінуге мүмкіндік береді. Салмақты, шыдамды және ұстамды бола түсесіз.

Сиыр жылының соңында сүйіктіңізбен арада проблема туындауы мүмкін.

Торпақ

Торпақтарды басшылық лауазым күтіп тұр, мәселен, акционерлік қоғамды немесе қоғамдық ұйымды басқаруыңыз бек мүмкін. Мұраға ие болып қалуыңыз да ғажап емес. Бірақ, өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыз. Әйтпесе өз ісіңізге қызығушылығыңыз жоғалып, немқұрайлық пайда болады. Тығырыққа тірелгендей күш кешесіз, ал бұл физикалық және психологиялық шаршауға әкеп соғады. Соның салдарынан қызметіңізде қиындықтар туындайды.

Жылдың екінші жартысында күтпеген жерден пайдаға кенелесіз, серіктестік қарым-қатынас жақсарады. Ал жылдың аяғында жаңа романтикалық кездесулер күтіп тұр. Ғашықтардың қарым-қатынасы жаңа арнаға бұрылады.

Төзімділік пен белсенділікті талап ететін шаруаларды қаңтар, мамыр, тамыз және қараша айларына жоспарлаған абзал. Маусым және шілдеде дау-жанжалдан аулақ жүріңіз.

Егіздер

2021 жыл – шығармашылыққа, ғылымға және зерттеу қызметіне ден қоятын жыл.

Шет елдерде жаңа адамдармен танысып, байланыс орнату мүмкіндігі туады. Кейбіреулері жоғары оқу орнына түсіп, білім деңгейін көтереді. Оқуын жалғастырады немесе тәмамдайды. Дүниетанымын кеңейтіп, білім қорын толықтырады.

Сондай-ақ, құқық қорғау ұйымдарына, басшылыққа жеке мәселемен жүгінуге қолайлы кезең.

Кей адамдар тұрғылықты мекенжайын өзгертіп, басқа жерге қоныс аударады. Денсаулыққа көңіл бөлетін уақыт. Демалыс үйлері мен шипажайларға жиі баруға кеңес беремін.

Іскерлік байланыстарды жолға қою және саяхаттау жылы.

Наурыз, маусым, шілде, қыркүйек және желтоқсан айларында қызу жұмыс істейсіз.

Тамызда дау-жанжалдан, шиеленістерден аулақ жүріңіз.

Шаян

Сиыр жылы бірлескен жұмыстың, серіктестік пен ынтымақтастықтың жемісін көресіз.

Мұрагерлікпен байланысты мәселелерді шешуге тура келеді. Қомақты қарыз алуыз әбден мүмкін. 2021 жылы Шаян белгісінде туғандар сақ, мұқият болуы керек, ішкі түйсікке сенім артқан дұрыс.

Оңаша қалу, жан тыныштығы сияқты рухани қажеттіліктер пайда болады.

Үйленуге, отбасын құруға, жаңа баспана сатып алуға қолайлы жыл. Биыл Шаяндар іштей еркіндікке, тәуелсіз болуға ұмтылады. Шарттылық пен қатып қалған ережелерден құтылуға тырысады.

Сонымен қатар, 2021 жылы интуиция мен аңғарымпаздық күшейеді. Прблемаңызды шешу үшін астрологтар мен балгерлердің көмегіне сүйенуіңіз мүмкін.

Жылдың екінші жартысында табыс, қаржылай көмек, ұтыс күтіп тұр.

Белсенді жұмыс айлары – қаңтар, мамыр, тамыз және қараша.

Бұдан бөлек, бұл жылы кез келген қаржы операциясы сәтті аяқталуы мүмкін. Құқық қорғау органдары және криминалды құрылымдармен туындаған проблемалар де ойдағыдай шешіледі.

Арыстан

Осы жылы жұмысқа, қызмет көрсету саласына, білімге көп энергия жұмсалады. Бюрократиямен бетпе-бет келесіз. Тіпті, жұмысыңызды тастап, кәсібіңізді ауыстыруыңыз мүмкін. Жұмыс орнында келеңсіздіктер болуы да ғажап емес, сол себепті ұрыс-керістен бойыңызды аулақ ұстағаныңыз абзал.

Өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыз. Жұмысқа емес, денсаулығыңызға көбірек көңіл бөлуге тырысу қажет. Дәрігер диагноз қойғанда, бір маманға емес, бірден бірнешеуіне қаралыңыз. Дәрігер де қателік жіберуі мүмкін екенін естен шығармаңыз.

Өзіңізге байланысты емес себептерден серігіңізбен қарым-қатынасыңыз үзілуі мүмкін.

Нақты мәселелерді шешкен кезінде ақыл мен логикалық ойлауға сүйену керек.

Наурыз, маусым, шілде, қыркүйек және желтоқсан – белсенділік айлары.

Бикеш

Сиыр жылы Бикештер үшін тыныш өтеді.

Бойдақтар махаббатын кездестіріп, сүйікті ісімен айналысуға, спортпен шұғылдануға, оқуға уақыт табады. Жұмыспен байланысты курстарға жазылады немесе жаңа мамандықты меңгереді.

Бұл белгіде туғандардың құмар ойындарында жолы болуы мүмкін.

Қандай да проблеманы шешерде логика мен сыни ойлауды ұмытпау қажет. Өйткені адам алданып немесе өзін-өзі алдауы мүмкін. Рухани дамуға, құпия, эзотериялық ғылымдарға қызығушылық артады. Өз өмірін өзгерту туралы ой кенеттен пайда болуы мүмкін.

Проблемаларды шешуге оңтайлы уақыт – қаңтар, мамыр, тамыз және қараша.

Таразы

2021 жыл Таразылар үшін жаман жыл болмайды.

Үймен, жөндеумен байланысты шаруалармен, жылжымайтын мүлікті жалға алумен айналысасыз. Құзырлы органдарда жер алу туралы өтініш беруге болады.

Отбасымен байланысты өзгерістер мен трансформация болжанып отыр. Сол себепті жанұяда дау-жанжалға, ұрыс-керіске жол бермеуге тырысыңыз. Әкеңізбен, енеңізбен, жарыңызбен ренжісіп қалуыңыз мүмкін.

Наурыз, маусым, шілде, қыркүйек айларында физикалық белсенділікті қажет ететін мәселелерді реттеп алған абзал.

Сонымен қатар, сиыр жылы оқу үшін таптырмас кезең. Басқа адамдармен танысып, жаңа дос табасыз.

Жыл соңында сүйіктіңізден көңіліз қалып, ренжісіп қалуыңыз мүмкін, сол себепті шыдамдылық таныту қажет. Романтикалық қарым-қатынастардың соңы қапаланумен аяқталады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың соңында жеке қарым-қатынасқа сызат түсуі мүмкін.

Ысырапшылдықтан арылыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін сиыр жылы беймаза жыл болады деп күтілуде.

Бұл белгіде дүниеге келгендер сапарларға жиі шығып, іскерлік байланыстарды реттейді.

Қоғамдық көліктердегі жаңа таныстық ұзаққа созылуы мүмкін. Туысқандарға да көңіл бөлуді ұмытпау қажет.

Ұрыс-керістен аулақ болыңыз.

Тағы оқыңыз: Сиыр жылы қазақ үшін жайлы бола ма — этнограф 2021 жыл қандай болатынын айтты

Ақпан айында бұрынғы қарым-қатынастың жандануы қосымша проблема алып келуі мүмкін. Құжаттарға, іскерлік келісімдерге ерекше мән беріңіз. Ақпаратты мұқият тексеріңіз. Өз-өзіңе қатты сенудің арты жақсылықпен аяқталмайтынын естен шығармаңыз.

Қаңтар, мамыр, тамыз, қараша – белсенділік пен проблемаларды шешуге тапсырмас уақыт.

Маусым, шілде – шиеленіс, дау-жанжал айлары. Қызбалыққа салынып, эмоцияға ерік беріп, өзіңізге қымбат жанның жүрегін жаралап алмаңыз.

Мерген

Бұл жыл Мергендер үшін қаржы мәселесін шешетін уақыт. Көп адамға сиыр жылы сәттілік, материалдық табыс әкеледі.

Ақшаны оңды-солды шашпауға кеңес береміз. Шектен тыс оптимизм мен өз-өзіңе тым сенімді болудан сақтаныңыз. Себебі сіз күткен нәтиже болмауы мүмкін. Соның әсерінен көңіл-күйіңіз түседі.

Білім, шығармашылық, ақыл-ой жұмысы, жарнама қызметі үшін қолайлы жыл. Эмоция мен сезімге емес, ақылға көбірек сүйеніңіз.

Белсенді жұмыс айлар – маусым, шілде, қыркүйек.

2021 жылы Мергендердің алға қойған мақсаттарға жетуіне мол мүмкіндік бар.

Наурыз және тамыз айларында сақтық танытып, шыдамды болыңыз.

Тауешкі

Бойдағы талант пен кәсіби қарым-қабілетті ашу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Биыл Тауешкілердің көбі белсенділік танытып, тәуелсіз болуға ұмтылады.

Физикалық белсенділікті, сыртқы келбетті өзгертуге қолайлы кезең. Сондай-ақ, рухани дамуға жақсы уақыт.

Қиын кезең артта қалды. Алайда нәтижеге қол жеткізу күш-жігерді қажет етеді. Үйлесімді өзгерістер кезеңі басталады. Кейбір жандарды күтпеген кездесулер мен таныстық күтіп тұр.

Жылдың екінші жартысында табысқа кенелуіңіз әбден мүмкін.

Романтикалық кездесулер болады, берік отбасын құруға сәтті жыл.

Белсенділік уақыты – қаңтар, мамыр, тамыз және қараша айлары.

Қазан айында жаңа іс бастамауға кеңес береміз, маңызды келісімдер мен шарттарға қол қоймаған абзал. Ең дұрысы – бастаған істі соңына дейін жеткізу.

Суқұйғыш

Шығармашылық шабыт пен адал дос сыйлайтын жыл. Жаңа білім мен ғылымды меңгеруге құлшыныс оянады. Адамдар оңаша қалуға, шығармашылық шабытқа ұмтылады. Дінге қызыға бастайды. Бірақ өз-өзіңізді алдаудан, алданып қалудан сақ болыңыз.

Жаңа бастамалар кірісіңізді молайтуы мүмкін. 2021 жылы Суқұйғыштардан шыдамдылық пен еңбекқорлық талап етіледі.

Осы жылы келісімшарт бекітумен байланысты істер алға басады. Ескі келісімдерді қайта қарауға және серіктестік шарттарын өзгертуге мүмкіндік туады.

Бір жыл бойы кез келген проблема оңай шешіліп, ойлаған істеріңіз жылдам жүзеге асады.

Балықтар

Сиыр жылы Балық белгісінде туған жандар үшін табысты жыл болады.

Үміт ақталады. Жаңа дос табасыз. Балаларыңызбен жақын қарым-қатынас орнатасыз. Тосын сыйлар болуы мүмкін. Ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуге жақсы уақыт.

2021 жылы күрделі мәселелерді шешкен кезде, ішкі-түйсігіңізге сүйенуге тырысыңыз. Жылдың соңында романтикалық кездесулер болуы мүмкін.

Бұған дейінгі серіктестік қарым-қатынастарды қайта қарау мүмкіндігі пайда болады.

Үлкен еңбек пен уақытты қажет ететін істерді қаңтар, мамыр, тамыз және қараша айларына жоспарлаған дұрыс.


Тегтер:арыстанастрологическая картаастрологический прогнозастрологический прогноз на 2021 годастрологический прогноз на сегодняастрологияастрология деген неастрология для начинающихастрология онлайнастрология по дате рожденияастрология этобикешжұлдызнамажұлдызнама 2020жұлдызнама 2021жұлдызнама айларыжұлдызнама арыстанжұлдызнама бойынша жұптаржұлдызнама деген нежұлдызнама орысшажұлдызнама торпақжұлдызнамаларсиыр жылысиыр жылы 2021сиыр жылы кай жылдарсиыр жылы кандай жылсиыр жылы туралы сипаттамасиыр жылы туылғандарсиыр жылы туылғандар 2020сиыр жылы қандай боладысиыр жылына тілексиыр жылына такпактаразыТаразы жұлдызнаматаразы жұлдызнама 2020таразы жұлдызыторпақторпақ деген неторпақ жұлдыз жорамал 2020торпақ жұлдыз жорамал 2021торпақ жұлдызы туралы мәліметторпақ мінездеме 2020торпақ орысшаторпақ перевод на русскийторпақ қай айторпақтаршаян