Трамп әкімшілігі 365 ресейлік құрылымға санкция енгізді

0
25

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ресейдің Украинадағы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде үш жылдың ішінде 300-ден астам санкциялар енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлады. Санкциялар «Ресейдің Украинадағы және бүкіл Еуропадағы тұрақсыздандырушы және агрессивті әрекеттеріне» жауап ретінде енгізілді.

Ресей 2014 жылдың 16 наурызындағы заңсыз референдумнан кейін Қырымды аннексиялады. Түбектің Ресейге қосылуын Украина және әлемнің көптеген елдері мойындамайды. Қазіргі уақытта құрлықтық Украина мен Қырым арасында бақылау-өткізу режимі орнатылған.

2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін бірден Ресей Украинаның шығысында қарулы агрессияны бастады. Ұрыс бір жағынан Украина Қарулы Күштері мен екінші жағынан Донецк пен Луганск облыстарының бір бөлігін бақылайтын Ресей әскері мен Ресейдің қолдауындағы содырлар арасында жүріп жатыр. Ресей келтірген фактілер мен дәлелдерге қарамастан Ресей өзінің Украинаға басып кіруін ресми түрде мойындамайды.

Украинаның агрессиясына байланысты АҚШ-ның Ресейге қарсы алғашқы санкциялары 2014 жылы енгізілген еді. Олар бірнеше рет кеңейтілді және ұзартылды. Трамп 2020 жылы 25 ақпанда Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы 22 желтоқсанда АҚШ әскери саласында жұмыс істейтін 58 қытайлық және 45 ресейлік компаниялар мен ведомстволарға қарсы санкциялар енгізді. Тізім 21 желтоқсанда АҚШ Сауда министрлігінің сайтында жарияланды.

P.S. Менің ойымша, АҚШ-ның санкциялары Федоров пен Никонов сияқты кез-келген ресейлік саясаткер-демагогтар мен арандатушыларға Ресей мен Қазақстан арасында ұлтаралық және мемлекетаралық алауыздықты қоздыруға мүмкіндік бермейді.

Керімсал Жұбатқанов