Жаңа жыл түнінде Өзбекстан су шаруашылығы министрінің орынбасары Вохиджон Ахмаджоновтың Chevrolet Gentra маркалы көлігі Камчик асуындағы жардан құлап кеткен.
Көліктегі оның әйелі мен үш жастағы қызы көз жұмды. Вице-министрдің өзі ауруханаға түскен.
Отбасы Ферғанаға, ата-анасымен бірге Жаңа жылды қарсы алуға жолға шыққан екен.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.