Ұстаздар мерекесіне арналған сценарий

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Аттестаттау материалдары Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Басқа

Ұстаздар мерекесіне арналған сценарий.

1 жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.Еңбегің кетпес далағаҰстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.

2 жүргізуші:Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз дегенанасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың. Қазір алдарыңызда өнер көрсететін политехникалық бағытта еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстазымыз Бибігул Ерғалиқызын қошеметпен қарсы алайық.1-жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиетіне бас иелік мәңгілік!

2 жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, оза шауып, бәйге алар шәкірттеріңіз көп болсын деген ниетімізді білдіреміз.Бір сәт экранға назар аударсаңыздар.

Слайд көрсетіледі.

1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Билялов Каныбек Бақытжанұлын шақырамыз.

2 жүргізуші:Таныдың да мінезін әр баланыңҰштай түстің, ұл-қыздың арман әнінШәкіртіңнің болашақ биігініңІргетасын алдымен сен қаладың— деп, білімнің іргетасын қалайтын, бастауыш сынып бағытының мұғалімі Маржан Сағындыққызын шақырамыз.

1-жүргізуші:Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтан етеміз. Ендеше, сіздерге бастауыш сынып мұғалімі Шарипхан Бахытнұр өзінің әсем әнін тарту етеді.

2-жүргізуші:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,Көңілді күндер тусын алдан әліӘн-шашу әсем әуен, түрлі өнер,Бүгінгі күн сіздерге арналады.Құрметті қонақтар, гуманитарлық бағытта аянбай еңбек етіп жүрген, аяулы ұстаздарымыз, өз өнерлерімен тамсандырмақшы. Ендеше, қошеметпен ортамызға шақырайық.

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2-жүргізуші:Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Олай болса, сөз кезегі өздеріңізде.

Ардагер ұстаздар жайлы слайд.1 жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен. Шарипхан Бахытнұрдың орындауындағы әсем әнді тыңдай отырайық.

2 жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындаған мерекелік әнін қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші: Өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын, Аяулы, Құрметті де, Қадірменді ұстаздар, сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге арналған шағын концерттік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.